Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/4d6/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/4d68a866d29d4b22dab3959972906ac7.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Тимур Тажбаев қазақстандық суретшілердің туындыларын цифрлық токен түрінде қалай сата алатыны жайында
2635

07.06.2022

Тимур Тажбаев қазақстандық суретшілердің туындыларын цифрлық токен түрінде қалай сата алатыны жайында

Қазақстандық суретшілердің туындыларынан цифрлық токендерді жасап, оларды насихаттап, сатумен айналысатын Urpaq.NFT жобасының негізін салушылардың бірімен әңгімелестік.


Тимур Тажбаев, co-founder of Urpaq.NFT, @urpaq.nft

Тимур Тажбаев.jpg

Urpaq.NFT жобасы жайында


Urpaq.NFT жобасы бір жыл бұрын басталды. NFT технологиясы қызықты болып көрінді. Қазақ суретшілерін жинап, олардың дайын туындыларын цифрлық токен түрінде көрмеге қойдық.

Оны дамыта отырып, біз өзіміздің көзқарасымызды қалыптастырдық: біз цифрлық теңсіздікпен күресеміз. Қауымдастықтың мақсаты — Талдықорғандық жігіттің Бронкстағы құрдасы сияқты NFT-де жұмыстарын көрсетуге мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізу. Біз қазақстандық суретшілерді біріктіріп, мәдениетімізді әлемге танытамыз.

Бүгінде қауымдастық 22 мүшеден тұрады. Бұл тек суретшілер ғана емес, сонымен қатар бағдарламашылар, дизайнерлер, инвесторлар, композиторлар, графика мамандары - шығармашылық мамандықтардың өкілдері.

Соңғы сатылған жұмыстардың бірі — Алматыдағы қаңтар оқиғасына негізделген картина. Бұл «таза» сатылым, яғни сатып алушыны білмейміз. Бағасы 0,4 Ethereum немесе шамамен 1300$. Комиссиядан басқа түскен ақшаның барлығы қалаға көмектесетін қайырымдылық қорына жіберілді.

NFT дегеніміз не


NFT — Crypto деген феноменінің бөлігі болып табылады. Шартты түрде бірдей кәмпиттерді шығаратын машинаны елестетуге болады. Бұл биткоин сияқты криптовалюталар. Ол стандартты протокол деп аталады. Содан кейін олар бірегей кәмпиттер шығаратын жаңа машина ойлап тапты. Бұл NFT.

2017 жылды NFT индустриясының бастапқы нүктесі деп санауға болады. Содан кейін OpenSea құрылды — цифрлық токендер арасындағы ең үлкен маркейтплейс. Бүгінде ол барлық транзакциялардың жартысын алады.

NFT құру үдерісі «минт» деп аталады. Тағы бір маңызды термин «дроп». Бұл токенді басқа әмиянға ауыстыруды немесе оны сатуға қоюды білдіреді.

Алғашқы «дроптарды», ең алдымен, өзара қолдау көрсету үшін сондай суретшілер де сатып алуы мүмкін. Сондай-ақ, токенді жоғары бағамен сату үшін «дилерлер» сатып ала алады. Үшінші нұсқасы — суретті ұнатқан бейтаныс адам. Бұлардың саны бәрінен де аз.

Суретшілер үшін NFT қылқаламның жаңа түрі, кеңірек жасауға мүмкіндік беретін құрал сияқты.

Бұл салада өнер аз ғана үлесті алады. Оның көп бөлігі ойындарда, мысалы, кейіпкерлерді дамыту үшін қолданылады. Сонымен қатар, жалғанбайтын белгілер растаушы құжаттар ретінде ұсынылуы мүмкін. Мысалы: үйді сатуға иелік қағазы.

NFT қалай жасауға және сатуға болады


NFT құру үдерісі қиын емес. Сізге крипто әмиянды ашып, мысалы, MetaMask, оны нарыққа қосу керек. Содан кейін сауалнаманы толтырып, суретті жүктеңіз.

NFT — авторлық өнім. Онда барлығы нәрсе түпнұсқа болуы керек. Суреттен басқа нәрсе болғаны жөн: анимация, музыка. Сондай-ақ сипаттама қосып, жарнамамен айналысу керек. Сондықтан токен көптеген мамандардың еңбегінің жемісі.

Біз NFT-ді жылжыту үшін бірнеше платформаларды қолданамыз. Twitter — барлық жаңалықтарды жариялайтын негізгі әлеуметтік желі.

Жақсы NFT — бұл көптеген мамандардың жұмысының жемісі


Discord-та біз «бір толқанда болу» және осы саладағы трендтерден хабардар болуға мүмкіндік беретін қауымдастықтарға қатысамыз. Telegram-да біздің қауымдастықтың чаты бар және біз орыс тілді арналарды да бақылаймыз. Ең жақсылардың бірі - NFT Bastards.

Біз жарнаманы қолданбаймыз. Бұны тиімсіз деп есептейміз. Криптовалюта — корпорацияларға орын жоқ субмәдениет. Бұл жерде жеке қарым-қатынас маңызды.

Трендтер жайында


2022 жылы екі негізгі тренд басым болуда.

Біріншісі — үлкен ойынның пайда болуы. Ойын жобалары қазірдің өзінде жасалған, оларда ақша табуға болады, бірақ олардың техникалық сапасы жоғары емес. Сондықтан бүкіл сала ірі компаниялардың келуін күтуде. Ықтимал үміткерлердің бірі - Microsoft.

Екінші тенденция орталықтандырылмаған автономды ұйымдар — ақша жинап, белгілі бір затты, мысалы, суретті сатып алатын және қатысушылар арасында оған меншік құқығын тарататын адамдар тобы. Сатып алынғанның құны өсетінін ескерсек, бұл инвестиция сияқты.

NFT үшін әртүрлі технологиялық әдістер бар. Мысалы, Ethereum негізін қалаушылардың бірі — Виталик Бутерин жақында токенді тараты алмайтын ету идеясы туралы жазды. Оларда суретшілердің портфолиосын сақтауға болады.

Жоспарлар жайында


«Сақ алтыны» топтамасымен жұмыс істеп жатырмыз. Мұндағы ой — алтын адам костюмінің элементтерін цифрландыру. Біз әрбір суретке алтыннан жасалған шынайы көшірмесін жібергіміз келеді.

Біз пайдаланушы өзінің NFT аватарын жасай алатын жобаны іске қосып жатырмыз.

Сондай-ақ, біз әлеуметтік тақырыпта жобалар жасайтын суретшілермен жұмыс жасаймыз, оларды орналастыруға және жұмыстарын сатуға көмектесеміз.


Меню

Істер

Қала 24

Шолу