facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/da8/da837d37b78bb104a2c8883ef0be6bc6.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 387
)
tiktok-zd-kterd-ataryna-enu-sh-n-anday-beyneler-t-s-ru-kerek
logo
TikTok: үздіктердің қатарына ену үшін қандай бейнелер түсіру керек
Главный (каз)

13.06.2020

TikTok: үздіктердің қатарына ену үшін қандай бейнелер түсіру керек

Карина Копбаева, 17 жаста, қала — Алматы, блогер, @karinacoldd


Карина Копбаева 2.JPG


Өзі жайлы


Мен бала кезімнен шығармашылықпен айналысып келемін, вокалға бардым, бірақ ұялшақ болдым, сахнадан қорқатынмын. Ресейде «Поколение NEXT» фестиваліне қатысқаннан кейін тәжірибе жинап, әндерге кавер жаза бастадым. Бірақ олар қаралым жинамады, сондықтан вокал мен музыканы тастап кеттім.

Бір жылдан кейін Musical.ly қосымшасы пайда болды. Оған өзім үшін бейнелер салатынмын. Кейде достарым қарайтын. TikTok Musical.ly қосымшасын сатып алғаннан кейін сол жерге бір ролик жүктедім. Дәл сол ролик көп қаралым жинады. Сол кезде бұл менің қолымнан келетін іс екенін түсіндім. Күніне бес бейнеден жүктедім, адамдармен таныстым.

Контент жайлы


TikTok — мүлдем басқаша. Мүмкін ақымақ шығар, бірақ шынайы. Басты ерекшелік — әр адамның жеке дара болуы.

Бір құпиялардың бірі — ескі трендтерді өзінің стиліне аударып жасау. Барлық жаңа нәрсе — ұмытылған ескі дүниелер.

Үздіктердің қатарына кіру үшін TikTok-қа кез келген трендтегі әуенге бейне түсіру керек. Мен әртүрлі форматтағы бейнелерді түсіремін. Менің сүйіктілерім: слоумо, жағдайлар, влогтар және би. Бейнелердің идеясы маған түнде, ұйықтар алдында келеді.

Сүйікті TikTok-блогерлер: @dina және @xoteam

TikTok: үздіктердің қатарына ену үшін қандай бейнелер түсіру керек

Кеңестер


Қосымша көптеген бейнелерді үздіктердің қатарына қоспағанға, берілмендер. Сол бағытта өзіңді үздіксіз дамыту керек. Жаман пікірлерге назар аудармаңыздар, тек жақсы дүниелерді ойлаңыздар.


Таир Кали, 19 жаста, қала — Алматы, блогер, @takata.re


Кали Таир.jpg

Өзі жайлы


Карантин басталысымен әлеуметтік желілерге роликтер түсіре бастадым. Әсіресе TikTok-қа.

Барлық нәрсе туралы бейнелер түсіре беремін. Күнделікті жағдайлар, абсурд немесе жай ғана әзіл.

Контент жайлы


TikTok — жақсы контентті дамытудың таптырмас мүмкіндігі. Креативті роликті көп ойланып жасау керек. Олар қайталанбауы керек. Идеяларды бірнеше күн ойлап табамын. Түсірілімге көп уақыт кетеді.

Кали Таир 2.jpg


Кеңестер

TikTok әлі ұзақ уақыт трендтте болады. Онда бәрі енді ғана басталды. Болашақ блогерлерге өзінің жеке бірегей контентің ойлап табуға кеңес беремін.



Балжан Мепова, 17 жаста, қала — Алматы, блогер, @woshibaala


Балжан Мепова 1.jpg


Өзі жайлы


Мен екі жыл уақыт бойы бимен айналысып келемін. Вокал мен музыка мектебін бітірдім. Фортепиано мен укулеледе ойнаймын. Қазір абитурентпін.

TikTok арнап бейнелерді 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап түсіремін. Маған сол платформа қызықты болды. Басында блогер болғым келмеген, ішім пысқаннан түсіретінмін, кейін ол хоббиге айналды. Әзіл роликтерін түсіремін.

Балжан Мепова 2.jpg

Контент жайлы


TikTok түрлі бейнелерді ұсынады. Әрдайым жаңа дүниелерді тауып алуға болады. Бейнелерді тек қана жастар емес, үлкендер де түсіреді. Осылайша басқа адамдармен танысуға болады.

TikTok-қа бейнелер түсіру қиын емес. Аудитория жинау да солай. Трендтер күннен күнге көбейіп жатыр. Танымал болу үшін трендтерді түсіру маңызды емес. Процессте ең бастысы — өзіннің дүниенді қосу. Егер біреудікін қайталай берсең, алысқа бармайсың.

Көбінесе қазақстандық тиктокерлерді қараймын. Біз барлығымыз араласамыз. Бірге бейнелерді түсіреміз.

Балжан Мепова.jpg

Кеңестер


TikTok әлі де үлкен танымалдылыққа ие болады. Өздеріңізді тыңдаңыздар. Түсірілімнен ләззат алыңыздар. Сондай-ақ бейнелердің сапалы болғаны маңызды. Жаңа дүние жасаудан қорықпаңыздар.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Қазақстанда IT-компанияны ашу туралы не білуіңіз керек: кадрлар, мемлекетті қолдау, перспективалар
Қазақстанда IT-компанияны ашу туралы не білуіңіз керек: кадрлар, мемлекетті қолдау, перспективалар
«Кунг-фу панда 4», «Претенденты» және біз көктемде күтетін тағы 10 фильм
«Кунг-фу панда 4», «Претенденты» және біз көктемде күтетін тағы 10 фильм
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Дәмді тағамдар бағалаушыларға арналған Астанадағы ең жақсы 10 мейрамхана
Дәмді тағамдар бағалаушыларға арналған Астанадағы ең жақсы 10 мейрамхана