Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/5ee/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/5eeaec55f4b081ab1b8da9142c7bbad6.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Тегін дәрігерлік кеңес беретін 12 блог
3811

05.04.2020

Тегін дәрігерлік кеңес беретін 12 блог

Дана Башибаева, @mammolog_kz


Маммолог, онколог. Бала емізетін аналарға дұрыс тамақтануға және жүкті әйелдердің денсаулығын сақтауға көмектеседі. Әр күн сайын сайын медициналық сленгте емес, әйелдердің ең қажетті тақырыптары қозғалатын посттар жариялайды.


Данара Сулейменова, @breast_kz


Маммолог-дәрігер және онкомаммолог, блог жүргізеді және онлай-кеңес береді.


Карим Айдос, @stomatolog_karim_aidos


Тіс дәрігері. Дәрігер елордада «Нейродин» диагностикалық орталығында жұмыс істейді және тіс дәрігерінің блогын жүргізеді: интерактивті сабақтар өткізеді, тіс денсаулығы туралы жазады


Дания Нұрғалиева, @detskii_stomatolog


Балалапр тіс дәрігері. «Зубная фея» тіс емдеу орталғының басшысы. People Awards Health нұсқасы бойынша 2019 жылдың «Жыл балалар стоматологы», People Awards Top 2020 сыйлығының лауреаты. Жұмыс өтілі — 14 жыл. Кішкентай пациенттердің әңгімелерімен бөліседі, ауыз қуысын емдеу бойынша кеңестер береді.


Бағдат Балбосынов, @dr.balbossynov


Травмотолог-ортопед. Жарақаттардың пайда болуы, шығуы және сынуы, операция нәтижелері туралы жазады.


Аманкүл Шакенова, @pediatr_senim


Педиатр-дәрігер. Аналар мен балалардың денсаулығы, кең таралған балалар аурулары, оларды тану және емдеу әдістері туралы жазады. Пайдалы ұсыныстармен бөліседі.


Ғалия Сейдалиева, @pediatr_doctor


Педиатр-дәрігер. Балалар денсаулығы туралы толғандыратын сұрақтарға пайдалы ақпарат пен жауаптар жариялайды. Жиі вебинарлар, тікелей эфирлер өткізеді, онда оқырмандармен сөйлеседі.


Гаухар Сатыбалдина, @lor_satybaldina


Лор-дәрігер. Andromed Astana клиникасында жұмыс істейді. Құлақ, тамақ, мұрын патологияларын диагностикалау мен емдеу және клиникадағы жұмыс туралы жазады.


Айгерим Бокебаева, @ginekolog_bokebayeva


Гинеколог-эндокринолог. Әйелдер денсаулығы туралы ең маңызды және қажетті білімімен бөліседі. Сондай-ақ кеңес беру, дәрігердің білімі және пациенттердің пікірлері туралы ақпарат табуға болады.


Зарема Толымбековна, @doctor_zarema_gt


Акушер-гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы. Тікелей эфирге қатысады және кеңес береді.


Гульнара Жаманова, @dr_zhamanova_gulnara


10 жылдан астам өтілі бар балалар мен ересектердің УЗИ-дәрігері.


Ляззат Мамытбаева, @doctor_lyazzat


Дерматокосметолог-дәрігер. Қазақстандық Эстетикалық медицина және пластикалық хирургия қауымдастығының мүшесі. Тері күтімі процедуралары туралы жазады, косметологиядағы мифтерді бөлшектейді. Ел өңірлерінде дермокосметология бойынша курстар өткізеді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу