Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Тараздық Аружан Ибрагимова Еуропаға қалай қоныс аударғаны және БҰҰ-да қалай мансап құрғаны туралы
1046

21.02.2023

Тараздық Аружан Ибрагимова Еуропаға қалай қоныс аударғаны және БҰҰ-да қалай мансап құрғаны туралы

Аружан Ибрагимова білім грантының арқасында Қазақстаннан Италияға қалай қоныс аударғаны, сондай-ақ БҰҰ-да тағылымдамадан өтуші болғаны туралы.


Аружан Ибрагимова, 24 жаста, қаласы — Женева, БҰҰ-да тағылымдамадан өтуші, @aruzhan_i

Аружан Ибрагимова

Қоныс аударуы туралы

Мен Тараз қаласының тумасымын. SDU-да халықаралық құқық мамандығы бойынша білім алдым. Соңғы екі жыл Big4-те жұмыс істедім, сондай-ақ KPMG-де заң кеңесшісі болдым.

2022 жылдың қазан айында мен Италияға қоныс аудардым. Invest your talent in Italy стипендиясымен «Адам құқықтары және мемлекетаралық басқару» бағдарламасы бойынша магистратурада оқып жүрмін. Оған қоса Швейцарияда БҰҰ-да тағылымдамадан өтіп жатырмын.

Мен конференцияларға, БҰҰ моделіне жиі қатысатынмын. Маған дипломатия мен халықаралық қатынастар мәдениеті ұнайды. Мен оқитын университетте осындай конференциялар өтіп тұрады, оқытушылар БҰҰ-мен тікелей жұмыс істейді. Бұл менің Падуя университетін таңдауымның бір факторы болды.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтар жайлы

Италияға қоныс аударған кезде, мәдени шок алуыңыз мүмкін. Жергілікті халықтың менталитеті бөлек, қазақ мәдениетінен ерекшеленеді. Ағылшын тілін білмейтіндерге де қиындау болады. Итальян тілін біраз уақыт өте келе түсіне бастайсыз.

Италияға қоныс аударған кезде, мәдени шок алуыңыз мүмкін


Бұл менің алғаш рет шетелде өмір сүруім.
Бастапқыда үйден жырақта жүргенім қиын болды. Алайда Италиядағы өмірге үйренуіме бір апта қажет болды.

Аружан Ибрагимова

Италияда оқу үшін көп құжат жинау керек. Мен университеттің, колледждің және мектептің барлық дипломдарына апостиль қойдым, оларды итальян тіліне аудардым. Құжаттаманы аудару кезінде сізге өз еліңізде оқығаныңызды және құжаттармен ешқандай проблемаларыңыз жоқ екенін растау үшін DDV жасау керек болады. Сондықтан бәрін алдын ала дайындаған дұрыс.

Бұл жақта алдымен Венецияға келдім. Қала керемет эмоциялар сыйлады. Бұрын тек картиналардан ғана көретін қалам шындыққа айналды. Елдің керемет сұлулығына тәнті болдым.

Аружан Ибрагимова

Италияның адамдары қарапайым, әркім өз ісімен айналысады, ешкімнің сенімен шаруасы жоқ. Мұнда бәрі ерте жабылатыны да таңғалдырды. Кешкі сағат жеті-сегізде дүкендер жұмыс істемейді. Италиялықтарда «сиеста» деген ұғым бар. Бұл — 12:30-дан 14:00-ге дейінгі аралық, яғни түскі асқа жабылатын немесе жай ғана үзіліс жасауға болатын уақыт.

Көшуді жоспарлағандар үшін проблемаларға емес, мүмкіндіктерге назар аударуды ұсынамын. Бұл ой маған тез бейімделуге көмектесті. Ал ағылшын тілін білсеңіз, итальян тілін тезірек үйренуге болады. Жаңа нәрсені бастаудан қорықпаңыз, профайлыңызды реттеңіз, жан-жақты дамыңыз.

Шетелде жұмысты қалай іздеуге болады

SDU-да төртінші курс студенттеріне арналған бағдарлама бар. Яғни сабақтарға қатыспай, университет және компаниямен үш жақты шарт жасап, тағылымдамадан өтуге болады. Бағалауды жұмыс беруші жасайды. Бағдарламаға мен де қатыстым. KPMG-де сұхбаттың бес кезеңінен өттім де, ұсыныс алдым.

Италияда оқып жүргенде UPR конференциясына тіркелдім. Іс-шараның пошталық хабарламасының бірінде Швейцарияда тағылымдамадан өтушіге ашық бос орын бар екені жазылыпты. Шәкіртақы ережелеріне сәйкес, оқу кезінде Италиядан шығуға рұқсат етілмейді. Бірақ мен бағымды ынап көргім келді. Барлығын толтырып жібердім, сөйтіп келесі күні мені сұхбатқа шақырды. Араға біраз уақыт салып, тағылымдамадан өтуге шақырту алдым.

Аружан Ибрагимова

Университет басшылығымен барлығын талқылап, рұқсат алып, Швейцарияға кеттім. Бұл ақысыз тағылымдама еді. Сондықтан қаржы жағынан қиналып қаламын ба деген қорқыныш та болды. Оған қоса білімім БҰҰ-да жұмыс істеуге жеткілікті боларына сенімді емес едім. Бірақ бәрі жақсы болып шықты. Әлемге ашық болсаң, оның да саған жақсы мүмкіндер беретінін түсіндім.

БҰҰ-ға кіру үшін өз тәжірибеңізді көрсету маңызды. Жеке тұлғалық дамуыңыздың стратегиялық жоспары болуы керек, конференцияларға қатысу, тәжірибе жинақтау, ағылшын және орыс тілдерін білу қажет. Сондай-ақ француз тілін үйрену де артық болмайды. БҰҰ-да магистранттар ғана емес, басқалары да тағылымдамадан өте алады. Бакалавриат студенттерінің де мүмкіндіктері бар.

БҰҰ-дағы жұмысы туралы

Мен UPR бөлімінде жұмыс істеймін. Мұндағы тағылымдамадан өтушілер қызметкерлермен бір деңгейде сессияларға дайындалуға, құжаттарды әзірлеуге және аударуға, супервайзерларға есеп беруге көмектеседі. Мен адам құқықтары жөніндегі 42-сессияға бір апта қалғанда келдім, бірақ маған бәрін үйретіп, қажетті ақпаратты берді. Сондықтан өзімді «судағы балықтай» сезіндім.

Аружан Ибрагимова

Маған БҰҰ-дағы жұмыс мәдениеті ұнайды. Мұнда бірлігіміз жарасқан. Ғимаратқа кірген бойда барлығы күлімсіреп амандасады. Басқа интерндермен қауымдастығымыз бар. Жиі жиналып, қаланы аралап қыдырамыз.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Аружан Ибрагимова


Қоныс аударған соң өмірім қатты өзгерді, ойымды өзгерді.
Егер қорқынышты ұмытып, өз ұмтылыстарыңыз туралы ойласаңыз, бәріне қол жеткізе алатыныңызға сенімдімін.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу