facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tal-at-bd-rahmanov-kazcommunity-usa-auymdasty-yny-a-sh-ta-y-m-rge-bey-mdeluge-t-pt-otbasyn-ru-a-alay-k-mekteset-n-turaly
logo
Талғат Әбдірахманов KazCommunity USA қауымдастығының АҚШ-тағы өмірге бейімделуге, тіпті отбасын құруға қалай көмектесетіні туралы
Главный (каз)

15.11.2022

Талғат Әбдірахманов KazCommunity USA қауымдастығының АҚШ-тағы өмірге бейімделуге, тіпті отбасын құруға қалай көмектесетіні туралы

Талғат Әбдірахмановтің АҚШ-тағы өмірі туралы айтамыз.


Талгат Абдрахманов, қаласы — Лос-Анджелес, маркетинг-менеджер, @atb.nyc, KazCommunity USA

Талгат Абдрахманов.jpg

Өзім туралы


Мен Қарағандыда дүниеге келдім.
АҚШ-та тұрып жатқаныма шамамен он жылдай болып қалды. Соңғы екі жылда мен бір қаладан екінші қалаға көшіп жүрмін. Уақытымның көп бөлігін Нью-Йоркте өткіземін, ал қыста Лос-Анджелесте, Калифорнияда дегендей.

Мен IT-фирмада маркетинг менеджері болып жұмыс істеймін. Жұмысымды қашықтан жасаймын. Мұның бір жақсы тұсы, түрлі қалаларға саяхаттауыма мүмкіндік береді. Басты міндеттерім: жарнама, маркетинг, промоушн, іс-шаралар, семинарлар ұйымдастыру және т.б.

Бәрінің қалай басталғаны туралы

Қауымдастық құру идеясы баяғыда, аяқасты пайда болған еді. Менің жұмыс, тұрғын үй және түрлі іс-шараларға қатысты ақпаратпен бөліскім келді. Адамдар Америкада пайдалы болатын хабарландырулар мен жарнамаларды еркін көретін платформа – Facebook тобын құрғым келді.

2016 жылы мен Kazcommunity USA бірінші тобын және Whatsapp-та «Жастар» чатын құрдым. Whatsapp ережелеріне сәйкес, чатқа тек 256 адамды қосуға болады, сол кезде чат біреу еді, ал қазір олар төртеу. Күн сайын 1000-ға жуық адам жаңалықтармен алмасып отырады.

Мақсаты мен идея туралы

Қауымдастықтың мақсаты — АҚШ аумағындағы қазақстандықтарды біріктіру. Бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнату және кездесулер ұйымдастыру. АҚШ-та қазақстандықтар көп емес. Бұл жақта керісінше, өзбекстандықтар мен қырғызстандықтар көбірек және елде ұзағырақ болатын да солар.

Біз қазақстандықтарға Америкада дәл Қазақстандағыдай қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беруге тырысамыз


Америкада жұмыс қарқыны өте жоғары, сондықтан басқа нәрселерге уақыт бөлу қиын.
Міне, сол себепті біз қазақстандықтарға Америкада да дәл Қазақстандағыдай қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беруге тырысамыз.

Қандай да бір ережелер мен қағидалар жоқ. Негізгі шарт – дау туғызбау үшін дін мен саясат сияқты тақырыптарды қозғамау, біреуді қорлауға жол бермеу және ұрсыспау.

Қауымдастықтың қызметі туралы

Америкаға келетін адамдар ақпарат қолжетімді болуы үшін чаттарға кіруге тырысады. Біраз уақыттан кейін олар топтан шығып кетеді, дегенмен Facebook-тегі топтарда қалады. Соңғы кездері мұндай топтар көбейе бастады. Алайда біздің KazCommunity USA тобы — ең үлкені және белсендісі. Басқа қауымдастықтардан айырмашылығы — тобымыздың барлық мүшесі АҚШ-та тұрып жатыр.

KazCommunityUSA - Aikyn.jpeg

2015 жылдан бастап Америкада қазақстандықтар үшін іс-шаралар ұйымдастырып келемін. Бұл ар – пикник, клубтық сипаттағы party, коктейль кештері. Көпшілігі жабық жерлерде болды: кафелер, мейрамханалар және түнгі клубтарда.

2022 жылы біз жаңа деңгейге өттік — концерттік турға арнайы ұшып келген @aikyn Айқын Төлепбергеннің концертін ұйымдастырдық. Біз қазақстандықтар көп тұратын Майами, Лос-Анджелес және Нью-Йоркті таңдадық. Концерт бәріне ұнады, көптеген оң пікір алдық. Айқын Төлепберген отбасымен ұшып келді, бәріміз бірге тамаша уақыт өткіздік. Қазір барлығымен бөлісу үшін видеожазбалар мен фотосуреттер дайындап жатырмыз.

Талгат и Айкын.jpeg

АҚШ-тағы қазақстандықтар өте тату. Біз әлеуметтік желідегі топтарымыз арқылы бір-бірімізге көмектесеміз. Егер жұмыс және тұрғын үй туралы пайдалы ақпарат пайда болса, мен оны пост ретінде жариялаймын. Себебі біреулерге пайдалы болуы мүмкін.

Біздің іс-шараларымыздың арқасында достарымыз, таныстарымыз сүйіктілерін кездестіріп жатады. Көптеген адамдар осындай кештерде танысып, кейіннен араласып, кездесе бастайтын. Тіпті кейбірі шаңырақ көтерді. Менің ойымша, қарым-қатынас және нетвкоркинг адамдарға жағымды әсер етеді.

Қауымдастық мүшелігіне қалай кіруге болады

Қосылу үшін АҚШ-тың кез келген штатында тұруың керек. Чаттарда әртүрлі қалада тұратын келген қазақтар бар. Бізге тек хат жазсаңыз болғаны, сізді чатқа қосамыз.

Жоспарлары жайлы

Жоспарымызда — концерттік бағытты дамыту, жаңа деңгейге шығу бар. Келесі жолы тағы бір жұлдызды шақырамыз деп үміттенемін.

Наурызға арналған концертке дайындалып жатырмыз. Шамамен 22 наурызда Нью-Йоркте өтеді деп жоспарлап отырмыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.