Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
taksi-yzmet-ar-yly-250-000-tg-den-bastap-alay-osymsha-tabys-tabu-a-bolady

Такси қызметі арқылы 250 000 тг-ден бастап қалай қосымша табыс табуға болады
784

30.01.2019

Такси қызметі арқылы 250 000 тг-ден бастап қалай қосымша табыс табуға болады

Жібек Алдиярова, 34 жаста, туған қаласы — Алматы, бухгалтер

c25965dd-67a3-49c2-a409-05abda548e95.jpg

Жұмысы жайында


Мен IT-компанияда бухгалтер болып жұмыс істеймін. Менің кішкентай үш балам бар. Менің досым уақыты болған кезде, такси жүргізуші болып қосымша жұмыс істейді және мен оның қанша табыс табатынын, әрі бұл жұмыс қаншалықты рахат әкелетінін көрдім. Бір ай бұрын мен Яндекс парк-серіктесінің біреуіне жұмысқа кірдім. Негізгі жұмысымда менің еркін кестемен істеймін және мен кеңседе таңертеңнен кешке дейін отырмаймын. Бір күн ішінде мен уақытымды балаларыммен өткізе аламын, оларды үйірмелерге өзім апарамын. Мен үшін таксидегі қызметім – қосымша табыс табудың ыңғайлы нұсқасы.

Мен еңбекқор адаммын, бір орында отыра алмаймын, дамуды қалаймын. Сағат жетіден бастап мен балаларды мектепке, кейін басқа сабақтарына апарамын. Оларды күтіп отыраған кезде, менде бір-екі сағат бос уақытым болады. Сол уақытта жай отырмау үшін мен таксиде жұмыс істеймін. Мен көлік жүргізуді ұнатамын, бұл менің хоббиім.

Демалыс күндері түске дейін мен үй шаруаларымен айналысамын, ал кейін үш-төрт сағат қала ішінде такси қызметін атқара аламын.

Мен үшін таксидегі қызметім – қосымша табыс табудың ыңғайлы нұсқасы


Таксиде жұмыс істеудің артықшылықтары


Біріншіден, сен ешкімге тәуелді болмайсың, сен толықтай еркіндікке ие боласың. Екіншіден, бұл әрбір күнге жарайтын ақша. Такси жүргізудің кестесі еркін, мен кез-келген уақытта жұмыс істей аламын. Мен барлық адамдарға осы жұмыспен айналысуға кеңес берер едім, себебі бұл ыңғайлы.

Біздің таксопаркіміз кәсіби жүргізушілерді таңдайды. Барлық көліктер таза және жақсы күйде болуы қажет. Жүргізуші әдепті және интеллигентті болуы тиіс.

Көлікте мен ағылшын тіліндегі аудиокітаптарды, оқыту курстарын қосамын. Маған адамдармен қарым-қатынасқа түсу ұнайды, әр күні мен жақсы эмоциялар аламын. Маған адамдарды тазалықта және ыңғайлылықта – жайлылықпен жеткізіп салу ұнайды. Адамдар сенің қызметің үшін жағымды пікірлер қалдырғанда, бұл қанаттандырады.

Адамдар бұл мамандыққа шыңдап қарамайды, ал іс жүзінде бұл үлкен жауапкершілік.


Азамат Баймурзин, 36 жаста, туған қаласы — Қарағанды, жүргізуші


Жұмысы жайында


Мен ресторандық бизнес саласында жұмыс істеймін, іс-шараларды өткіземін, әртістерді әкелемін. Ұзақ уақыт арт-директор және диджей қызметін атқардым. Қазірде негізінен мерекелік шараларды жүргіземін.

Менің жұмысым кешкі немесе түнгі уақытта басталады, сол себепті мен такси қызметін атқара аламын. Мен арнайы жолға шықпаймын, тек жол-жөнекей апарып тастауға қажет болса ғана шығамын. Мен ережелерге сай тиісті жерде тоқтай алсам, адамды алып кете аламын.

Жұмыста тапсырыстар әрқашан бола бермейді. Егер «Яндекс» немесе Indriver арқылы жүрсең, таксимен көп ақша таппайсың. Мен баға туралы ойламаймын, барлық ақша бензинге кетеді.


Таксиде жұмыс істеудің артықшылықтары


Астанада көлікті ұстап алу үшін қол көтеру – қалыпты нәрсе. Қарағандыда немесе басқа қалаларда бұндай жағдай сирек кездеседі. Бұндай жүргізушілер жолаушыны аз бағаға апарып тастайды. Бұл жүргізушілерге де, жолаушыларға да ыңғайлы болып келетін алматылық әдіс.

Мен бензинге күніне 5000 теңге жұмсаймын, егер мен қала бойынша жүрсем, неге адамдарды жеткізіп салмасқа. Егер кешке менде тапсырыс болса, онда мен жұмысқа және тапсырыс берушілермен, жұмыс берушілермен кездесуге дайындаламын. Сондай күндерде мен такси қызметін атқара алмаймын. Мен таңертең жиі шығамын, кептелістерге түспеу үшін оң жақ жағалауда жүруге тырысамын.

Аяз күндері болған кезде, басқа жаққа бару қажет болса да, мен адамдарды тегін апарып тастайтынмын. Бұл адамгершілік қатынас. Жүргізушілер де далада суық екенін түсінуі қажет.

Таксишілік – егер таңертеңнен кешке дейін жұмыс істесең, пайдалы кәсіп

Таксиде жұмыс істегенде, кем дегенде күніне 10 000 – 15 000 теңге таба аласың. Таксишілік – егер таңертеңнен кешке дейін жұмыс істесең, пайдалы кәсіп.


Санжар Алтаев, 30 жаста, туған қаласы — Алматы, IT-кәсіпкер

05bc33b6-15b2-40bc-b8d2-e9f7a413fb9c.jpg

Жұмыс жайында


Мен бірнеше бизнес-жобалардың жетекшісімін. Біз мобильді қосымша бойынша жұмыс жасап жатырмыз, сонымен қатар менде таксопарк бизнесі бар. Мен такси жалдау бойынша онлайн-қызметтірінің бірімен серіктес ретінде қызмет етемін. Менің паркімнің жүргізушілері арасында негізгі жұмыстан кейін бос уақыттары болатын жүргізушілер көп. Жақсы жалақы алатын ұлттық компаниялардың қызметкерлері бар. Бірақ олар жолға шығып, күніне үш-төрт сағатқа шығып, қосымша табыс табады. Мен өзім де такси қызметін атқарамын, жолаушыларды жеткізіп салумен бір жарым жыл бойы айналысып жатырмын.

Бастапқыда бұл тек қызығушылық ретінде болатын. Мен Алматыда тұрамын және маған қала қалай өмір сүретіні, адамдар демалуды қалайтын қандай жаңа орындар бар екені қызық болды. Такси жүргізуші рөлінде бұны жеңіл жасауға болады. Бұрын мен үшін Сейфулин көшесінің арғы жағындағы жер қаланың сырты болып саналды. Таксиде жұмыс істей отырып, мен Алматыны жаңа қырдан таныдым.


Таксиде жұмыс істеудің артықшылықтары


Таксидегі жұмыс мені қызықты қарым-қатынастармен еліктіреді. Мен көлік жүргізуді жақсы көремін, бірақ бір жерден екінші жерге жүру тез жалықтырады. Ал сенің көлігіңе адамдар отырғанда, бұл жаңа танысуларға ие болу, оқиғалар мен ақпаратты білу мүмкіндігі. Жолаушылар болған оқиғаларымен бөліседі. Таксисттер бәрін біледі деп бекерге айтпайды. Менің пікірім бойынша, бұл жақсы хобби, оған қоса ақша төленетін хобби.

Жолаушылар болған оқиғаларымен бөліседі. Таксисттер бәрін біледі деп бекерге айтпайды

Такси қызметімен жақсы табыс табуға болады, мен бизнес-автокөліктері дәрежесінде жұмыс істеймін. Орташа Алматы бойынша бір сағат ішінде шамамен 3000 теңге табасың. Егер сен жұмыстан кейін үш сағат жүріп өтсең, сағат онға дейін 10 000 теңге табасың. Демек осы айда 250 000 теңге қосымша табысың болады. Оның өзінде сен рахатанасың және қиналмайсың.

Мен өз жұмыс кестемді өзім айқындай аламын. Мен аптасына орташа төрт рет такси қызметін атқарамын. Бұдан бөлек, мен көлігімде аудикітаптарды тыңдаймын. Ұзақ уақыт жолдарда бір құлаққабымда пайдалы бизнес-әдебиетті қосамын. Осылайша мен интеллектуалды түрде байимын. Осы бір жарым жыл ішінде мен көп кітаптарды тыңдап шықтым. Және менде бизесімде жүзеге асыруға болатын жаңа идеялар пайда болады.

Мен сүйікті автокөлігіме отырамын және адамдар қарым-қатынасқа түскісі келсе, сол қарым-қатынастан рахат аламын. Кәсіпкерлер үшін бұл жаңа идея немесе бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Қызметті іске асырған кезде, пайдалы болатын ақпаратты алуға болады, нарықты білу керек. Ал нарыққа шығу үшін олармен қарым-қатынасқа түсу керек.

Кәсіпкерлер үшін бұл жаңа идея немесе бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндік болып табылады

Жолға шыққан кезде, мен демаламын. Қызмет түрімді ауыстыру – мен үшін демалыс болып табылады. Таксиде жұмыс істеген кезде, мен негізгі жұмысымнан демаламын. Автокөлігі және бос уақыты бар әр адам жол жүріп, ақша таба алады.