facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/db4/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/db40e7a459fdd0cd94a43217229489bc.JPG
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
tailand-ispaniya-zh-ne-shveycariyada-zha-a-zhyldy-alay-arsy-alu-a-bolady
logo
Таиланд, Испания және Швейцарияда Жаңа жылды қалай қарсы алуға болады

31.12.2019

Таиланд, Испания және Швейцарияда Жаңа жылды қалай қарсы алуға болады

Камила Бурбаева, 29 жаста, туған жері — Семей, ағылшын тілі оқытушысы


камила (2).jpg

Өзі жайлы


Мен жекеменшік тілдер мектебінде жұмыс істеймін, үлкендер мен балаларды оқытамын. Бес жыл бұрын Батыс Қазақстанға, Ақтауға көшіп келдім.

Қытайда, Чехияда, Германияда болдым, бірақ Таиланд — ең сүйікті елім.

Жаңа жылды шетелде қарсы алу туралы


Жаңа 2016 жылды күйеуім екеуіміз Таиландта қарсы алдық. Бұл экзотиканы іздейтін адамдар үшін ең қолайлы ел. Онда әдемі табиғат, адамдары аз аралдар, құм, барлық ойын-сауық түрлері, дәмді тағамдар бар. Бірақ, Жаңа жылға турлар бағасы туристер үшін бірнеше есе жоғарылайды. Қонақ үйлер, билеттер, апартаменттер әдеттегіге қарағанда қымбат болады.

Бұрын біз Жаңа жылды отбасымызбен қарсы алатынбыз. Сондықтан отау құрған алғашқы жылда оны шетелде атап өтуге шешім қабылдадық. Ерекше жағдайда, пальмалар мен тақтатастарда.

камила (1).jpg

-30-дан +30-ға келгенде, Жаңа жылдық сезім жоғалады. Бірақ қонақ үйлер, мейрамханалар, сауда орталықтары жаңа жылға орай безендірілген

-30-дан +30-ға келгенде, Жаңа жылдық сезім жоғалады


31 желтоқсан күні біз алдын ала қонақ үй аумағындағы үстелді брондап қойдық, бағдарламаға кешкі ас, концерт және салют кірді. Жаңа жыл қарсыз, жазғы көйлекте пальмалар мен тай музыкасымен өтті.

Кеңестер жайлы


Орында алдын ала брондаған жақсы. Біз турды төрт ай бұрын сатып алдық. Сондай-ақ сақтандырудан да ақша аямау керек.

Жерді дұрыс таңдау маңызды. Егер ерекше әсердегі Жаңа жылды қаласаңыздар, онда қарлы елді таңдау керек.


Жанель Бельдибаева, 28 жаста, туған жері — Алматы, испан тілі оқытушысы, Испаниядағы оқу бойынша куратор, @janel.spanish


жанель (2).jpg

Өзім жайлы


Мен испан тілін оқытамын және Испанияда білім беру және саяхатпен айналысамын.

Испанияда 2012 жылы қос диплом бағдарламасы бойынша грантта оқып, USC бітірдім. 2014 жылы Мадрид академиясының магистратурасын бітірдім. Балаларға арналған испан тілінің өзіндік әдістемесін әзірлеу жоспарда бар.

Студенттік жылдары мен Франция маңында каникулда болдым. Жаңа жылды Испанияда қарсы алдым, тағы бару жоспарда бар.

Жаңа жылды шетелде қарсы алу жайлы


WhatsApp Image 2019-12-24 at 11.25.37.jpeg

Испанияда тұратын әкемнің туған күні 31 желтоқсан. Сондықтан мен үшін ол күні әкемнің жанында болып, Рождествомен құттықтау маңызды. Мадритке де жиі ұшып тұрамын, өйткені онда менің серіктес Академиям орналасқан.

Жаңа жылды шет елде басқа дәстүр бойынша қарсы алу — бұл өмір бойы қалатын ерекше сезім


Туған елде жақындарынмен кең ауқымды атап өтуге болады. Жақын адамдарын бар жер — мереке. Мен Жаңа Жылды бірге қарсы алу үшін отбасымды Испанияға апарамын.

Кеңестер жайлы


Егер жаңа жылдық демалысты шет елдерде өткізуді үш-төрт ай бұрын жоспарласаңыз, онда көп ақшаны үнемдей аласыз. Соңғы уақытта мен lufthansa пайдаланамын — олар басқа авиакомпаниялармен салыстырғанда ең төмен бағамен ұшуға болатын күндерді ұсынады.


Жания Жакенова, 21 жаста, туған жері — Алматы, заңгер, үй кондитері, @zhani6, @jani_cake_almaty


жания (1).jpg

Өзім жайлы


Мен университетті «заңгер» мамандығы бойынша бітірдім. Осы салада жұмыс жасаймын. Қосалқы торттар мен десерттерді пісіремін. Болашақта кондитерлік-кафе ашқым келеді.

Жаңа жылды шетелде қарсы алу жайында


28 желтоқсан күні анамның туған күні, тойдың орнына отбасымызбен бір жерге демалысқа барамыз деп шештік. Көп таңдадық. Таиланд пен БАӘ барамыз деп ойлағанбыз, бірақ Швейцарияны таңдадық.

жания (2).jpg

Жаңа жыл — ерекше мереке, ал Еуропада 25 желтоқсан Рождество. Ертегі әлеміне ену үшін бұл ең қолайлы кез. Біз Жаңа Жылды әрдайым үйде қарсы алатынбыз. Бірақ биылғы туған күннің арқасында шетелде қарсы алдық.

Еуропаға баруға жоспарласаңыздар, билетті Рождество күндеріне алу керек


Бір ғана кемшілік — уақыт арасындағы ерекшелік. Қазақстанда барлығы тойлап жатқанда, біз енді ғана дайындала бастаймыз. Сондай-ақ Еуропада Рождество тойлайды, ал 31 желтоқсан — қарапайым күн болып есептеледі.

Кеңестер жайлы


Бастысы билетті алдын ала сатып алу керек, солай арзанырақ шығады. Бұл туралы жазда ойлап қоюға болады. Визаға құжаттарды ертерек берген абзал.

Еуропаға баруға жоспарласаңыздар, билетті Рождество күндеріне алу керек. Өйткені ол кезде оларда мереке басталып кетеді, ал ұшақ билеттері арзанырақ болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.