Табиғи өнімдерді шығаратын қазақстандық өндірушілер: «Гормолзавод», «Рубиком», Natige және тағы басқалары - статьи, истории, публикации | WEproject

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tabi-i-n-mderd-shy-aratyn-aza-standy-nd-rush-ler-gormolzavod-rubikom-natige-zh-ne-ta-y-bas-alary

Табиғи өнімдерді шығаратын қазақстандық өндірушілер: «Гормолзавод», «Рубиком», Natige және тағы басқалары
716

07.09.2019

Табиғи өнімдерді шығаратын қазақстандық өндірушілер: «Гормолзавод», «Рубиком», Natige және тағы басқалары

«Рубиком»

Шұжық және етті деликатестерді өндіру бойынша қазақстандық нарықтағы жетекші өндіруші. Компанияның өнімдері мыңдаған сатып алушылар үшін әлемдік стандарттарға сай келетін сапаның үлгісі болып табылады. «Рубиком» агрокешені қызметінің негізгі бағыттарына егін шаруашылығы, жем өнімдері, мал шаруашылығы және ет өңдеуші өндірісі жатады.



Vitalnan


Петропавлдағы нан комбинаты – Солтүстік Қазақстан облысында нан-бәлішке өнімдерін шығарумен бұрыннан бері айналысып жатқан өндірушілердің бірі. Осында нан өндірудің өзіндік дәстүрлері сақталған, кәсіпорында бірнеше ұрпақтардың нан пісірушілері жұмыс істейді.


Vitalnan дәмді, әрі пайдалы табиғи өнімдерді ұсынады. Бұл өнімдерде бидай дәніндегі пайдалы қасиеттер сақталады.

Тұтас дәнді нанның төрт түрі ұсынылады: «Пайдалы қарабидай», «Пайдалы бидай», «Мейізі бар қарабидай» және «Скандинавиялық». Бұл неміс технологиясы бойынша нағыз тұтас дәнді нан өндірісін игерген Қазақстан аумағындағы алғашқы марка.


NAC Agro


Тек табиғи өнімдерді өсіретін жылыжай кешені. Жылыжайда көкөністердің сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Бұтақтарда қызыл және сары, қызыл және қызғылт қызанақтарды, қысқаұрықты және ұзынұрықты қиярларды өсіреді. Сонымен қатар жылыжайда тәтті бұрыштың үш сұрыбы өсіріледі: сары, қызғылт сары және қызыл. Елімізге сирек әкелетін ерекше сұрыптар да бар.



Green Eco


Жылыжай кешенінің сұрыптамасында салаттардың, көкөністердің және дәмтатымдық өсімдіктердің 20-дан астам түрі бар. Өткен жылдың қыркүйек айында «кесілген» көкөністерді сата бастады, оларды мейрамханаларда және үйде қолдануға болады. Кесілген көкөністерге қарағанда қыш құмырадағы салаттар көбірек сақталады. Көкөністі интернет-дүкендер арқылы үйге жеткізе алады немесе қаланың супермаркеттерінде сатып алуға болады.



ShöpShop


Песто тұздығы сапалы қазақстандық өнім ретінде танылғанына біраз уақыт болды. Тұздық дәстүрлі рецепт бойынша жаңадан өсірілген насыбайгүлден және консерванттарсыз, пастерленбеген, жасанды хош иістендіргішсіз сапасы жоғары табиғи өнімдердің қосылуымен әзірленеді. Өнім пайдалы қасиеттерді және дәрумендерді сақтайды. Цехта пестоны насыбайгүлден, пармезан ірімшілігінен, балқарағай жаңғақтарынан, зәйтүн майынан дайындайды.



«Лепсинск Өнімі»


Қазақстандық бал өнімдері емдік қасиеттерге ие. Лепсі қорықтың аумағында орналасқан – бұл таза аумақ, жанында өнеркәсіп нысандар мен көлік желілері жоқ. «Таудың алуан шөптері» деген бір ғана сұрыбы бар. Оның құрамында емдік шөптер мен өсімдіктердің жүздеген түрлері енеді. Жақында ағаш тақтайшада жасалған сыйлық жиынтығы мен кәрездер пайда болды. Бұл Қазақстан нарығындағы бірегей өнім. Кәріздер жөкеден жасалған табиғи қобдишаларда сатылады.



«ДЕП»


«ДЕП» ЖШС — сүт және сүт өнімдерін шығаратын ең ірі және танымал компаниялардың бірі. Компанияның үш зауыты бар: басты зауыт Қостанайда, екіншісі Лисаковскіде және үшіншісі Павлодар қаласында орналасқан. Зауыттары 100-ден астам табиғи, экологиялық таза өнімдерді шығарады: сүт, қойылтылған сүт, сүтқышқылды өнім, ірімшіктер, қаймақ, сүзбе өнімдері, биойогурттар, балмұздақ, сүт коктейльдері, май.


«Домашнее с любовью»


100 % табиғи, экологиялық таза үй өнімдерінің кең сұрыптамасы ұсынылады: тосаптар, десерттер, шәрбаттар, нәрсулар, тұздамалар, тұздықтар және тағы басқа өнімдер. Мәнті, тұшпаралар, варениктер, котлеттер, бәліштер – мұздатылған жартылай дайын өнімдерінің барлық түрлері таза фермерлік еттен жасалады. Сонымен қатар жаңа піскен бәліштер, лимон кедірі, дәруменді десерт, жержаңғақ пастасы ұсынылады.



«Гормолзавод»


Қазірде компания 70 тонна сүтті және 9 тонна балмұздақты өндіреді. Балмұздақтың алты түрі ұсынылады: кілегей, шоколад, қауын, құлпынай, пісте және қара қарақат. Өнімдері Қазақстанның қалаларында сатылады және жақында компания Ресей нарығына шықты. Қазақстанда сүт өнімдері Ақмола облысына, Алматыға, Ақтауға, Шымкентке және Таразға жіберіледі. 1965 жылдан бастап «Гормолзавод» құйылып сатылатын сүт, айран, майлы айран, кілегей, қойылтылған сүт, мейізі бар сүзбе, қатық және эскимо өнімдерін шығарады.


Natige сүт өнімдері


Сүт өнімдерін шығаратын отандық бренд. Natige өнімдерін қаланың әрбір дерлік азық-түлік дүкенінде табуға болады. Тұтынушылар сүтті, қаймақты, сиыр майын, айранды және биойогуртты айрықша атап өтеді.



FoodMaster


Компанияның үш зауыты, 16 сауда филиалдары және екі жеке сүт-тауар фермасы бар. Сүт өнімдерін шығару бойынша Қазақстан нарығында көшбасшы болып табылады. Республика аумағында көптеген сүт санатының өндірісін жүзеге асырған бірінші компания. Компанияның өнімдері Ресейдегі ірі сауда желілерінде «ФудМастер», «БИО-С Имун +», «Локо Моко», «Дольче», President брендтері бойынша сатылады. President СМ-ғы айран, қаймақ, сүзбе, «Дольче» СМ-ғы йогурттар, «БИО-С Имун +» СМ-ғы қатық және тағы басқа өнімдері кеңге таралған.