«Қосымшаның басты бетінде «Мемлекеттік қызметтерді», содан кейін — «ХҚКО кезегін брондау» таңдау керек. Жүйе қаланы, ХҚКО-ны, келу мақсатын, күні мен уақытын таңдауды ұсынады. ХҚКО-ға келіп, клиент қабылдау үстелінде орналасқан стикерде QR сканерлеп, электрондық цифрлық талон ала алады», — деп түсіндірді Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мемлекеттік корпорацияда ХҚКО кезегін онлайн-брондау басқа да тәсілдермен мүмкін екенін еске салады:
— 1414 нөмірі бойынша
— EgovKzBot2. 0 Telegram боты арқылы
— «Мобильді ХҚКО», «eGov mobile» қосымшалары және электрондық үкімет порталы.
Дереккөз: sputnik.kz