Türkiye Bursları — Түркияда оқуға арналған шәкіртақылық бағдарлама, ол студенттердің тұру мен тамақтанудан бастап әуе жолына дейінгі барлық шығындарын қамтиды. Бағдарлама және студенттердің тәжірибесі жайында толығырақ мақалада оқыңыз.
Айгүл Болатова, қаласы — Ыстамбұл, Түркиядағы білім беру маманы, @aigo1ek
Түркиядағы оқу жайында
Түркияда оқудың басты артықшылығы — бедел. Түркия университеттерінің дипломдары Еуропа мен АҚШ-та жоғары бағаланады. Олар ECTS жүйесіне сәйкес келеді және Болон процесінің бір бөлігіне айналды. Диплом дүние жүзінде бағаланады деп айта аламыз.
Екінші артықшылығы — оқудың қолжетімді құны: жылына 100$-дан бастап.
Тағы бір маңызды жайт — студенттік визаны алудың жеңілдігі. Еуропадан айырмашылығы, мұнда виза мен тұруға рұқсат алу әлдеқайда оңай.
Әрі қарай жұмысқа орналасудағы бәсекелестік артықшылығы тағы бір плюс. Түрік тілін үйреніп, диплом алсаңыз, әлемнің түкпір-түкпірінен оңай жұмыс таба аласыз.
Шәкіртақы бағдарламалары жайында
Türkiye Scholarships
Толығымен мемлекет қаржыландыратын халықаралық студенттерге арналған жоғарғы білім шәкіртақы бағдарламасы. Сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметіне гранттар береді.
IsDB Scholarships
Ислам даму банкінің шәкіртақысы. Бакалавриат, магистратура, докторантура, PhD зерттеулері, профессионалды білім беру студенттерге қол жетімді. Бұл әлемдегі ең танымал стипендиялық бағдарламалардың бірі.
Arts Scholarships Program / Sanat burs programı
Art Scholarship бағдарламасы аясында музыка ғылымдары, сахна немесе бейнелеу өнері салаларында оқитын халықаралық студенттер Ankara Music және Fine Arts University бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде шәкіртақы алады.
Özdemir Bayraktar National Technology Scholarships Program
Ыстамбұл университеттерінде оқып жатқан студенттерге техникалық мамандықтар саласындағы шәкіртақы. Бағдарламада он ай бойы 100 студентке 1200 түрік лирасы шәкіртақы беріледі.
Diyanet Scholarship Program / Diyanet Vakfı bırs programı
Diyanet Burslari халықаралық Теологиялық факультативті шәкіртақы бағдарламасы — Түркиядағы Имам-хатип лицейлері мен ЖОО-ларда тегін діни білім береді. Сондай-ақ тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру және шәкіртақы кіреді.
Türkiye Bursları бағдарламасы жайында
Türkiye Bursları — ең танымал бағдарлама. Оған жыл сайын Қазақстаннан 10 мыңнан астам үміткер өтініш береді. Ең қиыны — медициналық және техникалық мамандықтарға түсу. Сондықтан грантқа ғана сеніп қоймай, университетке өз бетінше құжат тапсыру керек: Түркияға түсу үшін халықаралық YOS емтиханын тапсыру, тіл үйрену.
Грантқа құжаттарды қабылдау қаңтар айында басталады. Алдымен құжаттарды алдын ала бағалау жүреді. Оларды ақпан айына дейін сайтқа жүктелу керек. Олардың ішінде: төлқұжат немесе жеке куәлік, фотосурет, емтихан нәтижелері, екі ұсыныс хат, тіл сертификаттары, халықаралық емтихан сертификаттары, қосымшасы бар аттестат немесе электронды форматтағы диплом. Волонтерлік және стажировка да маңызды. Сертификаттар, жетістіктер мен алғыс хаттар плюс болады.
Құжаттар тізіміндегі ең маңызды нәрсе — мотивциялық хат. Мақсаттар мен оқудан не күтетіңіз жайлы бірнеше сұрақтарға жауап беру қажет.
Айдана Аби, 20 жас, қаласы — Анкара, Hacette University студенті, @umaygoddess
Өзі жайында
Мен «Халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттімін. Осы семестрде La Sapienza университетінде Erasmus бағдарламасы бойынша Римда оқимын. Мен шетелдегі білім және студенттік өмір туралы блог жүргіземін.
Оқуға түсу жайында
Türkiye Bursları бағдарламасы туралы оныншы сыныптың басында кездейсоқ білдім. Мені шәкіртақы шарттары қызықтырды.
Құжаттарды тапсырдым және өз күшіммен оқуға түстім. Менің дайындығым бір жыл бұрын басталды. Орташа баллды жоғары ұстау үшін жұмыс істеді. Мен IELTS тіл емтиханын тапсырдым, байқауларға, волонтерлік іс-шараларға қатыстым, түрік университеттері жайлы ақпараттар, мотивациялық және ұсыныс хаттарды қалай жазу керектігі туралы оқыдым.
Бағдарламаға құжаттарды қабылдау қаңтарда басталады да, бір айдан кейін аяқталады. Барлық жетістіктер мен хаттарды қосып, сайттағы сауалнамаға дұрыс толтыру керек.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Астанада өткен сұхбатқа бардым. Ол 10 минутқа созылды және математикалық тестті қамтыды.
Осыдан кейін күту ғана қалады. Нәтижелер жазда анықталады.
Менің мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, белсенді болғаным басты рөл атқарды деп ойлаймын.
Бағдарламаның ерекшеліктері жайында
Türkiye Bursları тегін оқу, екі мезгіл тамақтану және тұру, ай сайынғы шәкіртақы, медициналық сақтандыру, әуе билеттері және түрік тілі курстарын ұсынады.
Сонымен қатар, студенттер тегін саяхаттарға, курстарға, ақшалай сыйлықтары бар байқауларға және басқа да іс-шараларға қол жеткізе алады. CGPA 3.50-ден жоғары болса, ұлғайтылған шәкіртақы ала аласыз.
Оқуға түсушілерге кеңестер
Күш — білімде. Неғұрлым көп үйренсеңіз, соғұрлым сізге көбірек мүмкіндіктер ашылады. Бүгінгі таңда білім әркімге қолжетімді. Көріңіз, қорықпаңыз, сонда сіз жетістікке жетесіз.
Азим Нұрберген, 22 жас, қаласы — Ыстамбұл, Istanbul Technical University студенті, @azimkhan_nur
Өзі жайында
Мен Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірдім. «Құқық негіздері» пәнінен республикалық олимпиаданың екі дүркін қатысушысы атанды. Сонымен қатар, басқа НЗМ арасында онлайн олимпиадаларда жеңіске жеттім.
Қазіргі таңда Ыстамбұл техникалық университетінде «Мұнай және газ инженері» мамандығы бойынша үшінші курс студентімін.
Оқуға түсу жайлы
Türkiye Bursları бағдарламасы туралы НЗМ-де оқып жүргенде достарымнан естідім.
Грант алу үшін екі негізгі кезеңнен өту керек. Бұл құжаттарды онлайн тапсыру, оған мыналар кіреді: сауалнама, мотивациялық және ұсыныс хаттар, жеке жетістіктердің сипаттамасы. Екінші тур — бағдарлама өкілдерімен сұхбат. Олар мотивациялық сұрақтар қояды, адамның ішкі өзегі мен тұлғасын сынап, оның бағдарлама бойынша оқуға жарамдылығын анықтайды.
Бағдарламаның ерекшеліктері жайында
Türkiye Bursları бағдарламасы бойынша оқуға түстім. Бірінші жылы foundation бойынша түрік тілінде оқыдым, ал қазір ағылшын бөлімінде оқимын.
Türkiye Bursları — шетелде оқығысы келетіндер үшін тамаша бағдарлама. Студенттерге барлық мүмкіндіктер қарастырылған: жатақхана, шәкіртақы, медициналық сақтандыру, әуе көлігі. Бұл — білімі бар, қаржысы жоқ жастар үшін шетелде оқуға таптырмас мүмкіндік. Студентке оқудан басқа ештеңе керек емес.