facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
t-rkiyada-y-m-r-astanada-r-msh-k-aynatatyn-nd-r-s-ornyn-ashu-a-alay-itermeled
logo
Түркиядағы өмір Астанада ірімшік қайнататын өндіріс орнын ашуға қалай итермеледі

30.12.2018

Түркиядағы өмір Астанада ірімшік қайнататын өндіріс орнын ашуға қалай итермеледі

Әлібек Назарбаев, 21 жаста, туған қаласы — Астана, Craft Cheese өндірісінің директоры, @craft_cheese_ast

20181221-WED_6018.jpg

Бәрі қалай басталды


Біздің отбасы сүт өнімдерін жақсы көреді. Бұрын біз Түркия елінде тұрдық. Мен сол жерде колледж бітіріп, түрік-америкалық академиясын аяқтадым. Түрік отбасыларда ірімшік әрдайым дастархан басында тұрады.Таңғы ас кезінде ірімшіктің бірнеше түрін ұсынады. Біз соған үйреніп қалдық.

Түркиядан Астанаға оралғасын, жақсы ірімшік іздей бастадық.Біз ірімшіктерді Interfood-тан алатынбыз, кейін Мәскеуге тапсырыс беретінбіз. Дүкендерде ірімшіктің қымбат бағасына қоса, біз осы жердегі ірімшіктер дәмсіз екенін аңғардық. Осылайша өзіміз өндірсек пе деген ой келді.

Түркияда анам ірімшікті дайындаумен әуестеніп, үйренген. Басында ашытқылар іздейтінбіз, Ресейде жақсы жеткізушіні таптық. Өзіміз үшін үйде дайындадық, тәжірибелер жасап көрдік. Үйге қонақтар келге кезде, ірімшіктеріміздің дәмін бағалайтын.Олар ірімшікті таныстарына сыйлап, жұмысқа әкелетін. Бізді ірімшікті сатылым үшін дайындауды өтінді. Осылайша біз Instagram желісінде парақшамызды аштық.


Өндіріс жайында


Сүйікті ісіміз кәсіпке айнала бастағанын көргенде, жеке өндіріс ашуды шештік. Көлемі мен ынтамыз ұлғайды.Шілде айында біз ғимарат тауып, жөндеу жұмыстарын өткіздік. Кеңістік пен өндірісті қалай ұйымдастыру керек екенін алдын-ала зерттедік, әртүрлі инстанциялармен кеңестік.

Түркияда жергілікті адамдарда демалыс күндері қолдан жасалған ірімшіктің дәмін тату мүмкіндігі бар жерлерге –табиғатқа, ауылдарға шығып жүретіндерін аңғардық.Оларда фермерлік өнімдер бағаланады. Біз де өзіміз дайындай алатын шағын үй ашқымыз келді.

Қолдан жасалған ірімшік – айрықша жұмысты талап етеді. Бұл процесті автоматтандыруға болмайды. Біз сағаттап илеп, сүтті пастерлейтін арнайы құрылғыға тапсырыс беріп алдық.

Қолдан жасалған ірімшік – айрықша жұмысты талап етеді


20181221-WED_5981.jpg


Ірімшіктің жаппай өндірісі үшін тек қана сүттен дайындауға болмайды. Біздің ірімшіктеріміз сүт пен ашытқыдан жасалады, ешбір қоспалар немесе жаппай өндірістің басқадай айлалары қолданылмайды.Одан кейін біздің іріткіміз жұмсақ фермерлік нан пісіретін наубайханаға жіберіледі. Өнімдеріміздің барлығы қалдықсыз қоланылады.

Біз жұмыспен қамту орталығына жүгіндік, олар бізге адамдарды жібереді. Біздің шартымыз – қызметкердің технологиялық білімінің болуы. Жас мамандарды бәріне үйретуге болады. Біз өз біліміміз бен дағдыларымызбен бөлісеміз. Ірімшіктерді дайындау – қызықты, әрі еліктіретін жұмыс.

20181221-WED_6029.jpg

Ірімшіктерді дайындау – қызықты, әрі еліктіретін жұмыс


Ірімшікті дайындау қиын емес, ең қиыны – аффинаж. Ірімшіктерді тазалап, езгілеу керек, кейбіреулерін тұздықпен езгілеу керек. Зеңмен келетін ірімшіктерді күн сайын аударып тұру, ал конейнерлерді жуып тазарту қажет. Ірімшіктер балалар тәрізді күн сайын күтімді талап етеді. Буррата және моцарелла сияқты жұмсақ ірімшіктерде жарамдылық мерзімі – дайындалып болғаннан кейінгі күннен бастап екі күн. Уақыт өте оларды дұрыс сақтаған жағдайда олар бүлінбейді, бірақ ірімшіктерді жаңа дайындалған кезде жеген жөн.

20181221-WED_5971.jpg



Өнім жайында


20181221-WED_5940.jpg

40 жастан кейін үлкен адамдарда сүтке төзгісіздік кеңге таралған, дегенмен олар кальций тұтыну қажет. Ірімшік – кальцийге бай, сау сүйектер мен тістер, қан ұюы, жараның жазылуы үшін қоректік заттарды қамтитын жақсы өнім болып табылады.

Қолдан жасалған ірімшіктер тойымды әрі пайдалы. Ондай ірімшікпен тез тоясың. Біздің барлық өнімдерімізге сертификаттар бар. Ірімшіктерді дайындау үшін сапалы фермерлік сүт табу қажет. Біз серіктестік ететін фермерлерді бағалаймыз, олардың өнімдері таза. Қандай сүт болмасын, оны пастерлеуден өткіземіз. Біз үшін қауіпсіздік маңызды.

20181221-WED_5945.jpg


Тапсырыс арқылы алуға болатын, әрі қолымызда бар ірімшіктер: буррата, халуми, фета, бельпер кнолле, качаковелло, проволоне, скаморца, камамбер, реблошон, ешкі сүтінен жасалған грюйер, пістелері, грек жаңғақтары бар, кофедегі, анардағы, зәйтүндері бар качотта. Ірімшіктердің бағасы 520 теңгеден басталады. Ташкенттен әкелінген жаңғақтар, пістелер, жоғары сұрыптағы зәйтүндер, салқын сығылған зәйтүн майы – біз ең жақсы өнімдерді қосамыз. Азықтарды өзімізге таңдағандай аламыз.


Клиенттер жайында


Астанада ірімшікті ұнататын адамдар көп, біздің тұрақты сатып алушыларымыз бар. Біз ірімшікті ұсынатын үй жағдайын жасадық. Клиенттерде жартылай қатты ірімшіктердің дәмін татып, дүкендерде кездестірмейтін ірімшікті алу мүмкіндігі бар. Біз пісуіне орай буратта мен жартылай қатты ірімшіктің бар болуына тырысамыз.

20181221-WED_5938.jpg

20181221-WED_5942.jpg


Біз қала ресторандарымен, кофеханалар мен гастробарларымен, кейтерингтік компаниялармен жұмыс істейміз.

Астанада ірімшікті ұнататын адамдар көп, біздің тұрақты сатып алушыларымыз бар


Біздің клиенттер – ірімшікті дастарханға міндетті түрде қойылатын өнім деп санайтын адамдар. Біздің міндетіміз – халықтың дәмді, әрі пайдалы тамақтанғанын қалайтынымызда.


Жоспарлар жайында


Жаңа жылда Солтүстік жағалауда бірнеше бағыттарды біріктіретін ірімшік пісіретін өндіріс ашу жоспары бар. Танымал бас аспазшы және аспаз мектебімен жұмыс жасаймыз. Барлық адамдарға қолжетімді болатын орын мен өнімді жасауды қалаймыз.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы