facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
syrym-zh-ne-merey-m-stafinder-4-balany-t-rbieleu-zh-ne-otbasyly-biznest-damytu-zhayynda
logo
Сырым және Мерей Мұстафиндер 4 баланы тәрбиелеу және отбасылық бизнесті дамыту жайында

Сырым Мұстафин, 37 жаста, Жаңа-Арқа, кәсіпкер

Мерей Мұстафина, 38 жаста, туған қаласы – Көкшетау, кәсіпкер

05.06.2019

Сырым және Мерей Мұстафиндер 4 баланы тәрбиелеу және отбасылық бизнесті дамыту жайында

Компания атауы: ТОО Bazaaro, IP GYM

Қызмет аясы: өндіріс, фитнес-клуб


Кәсібіміздің бастамасы


Сырым. Отбасылық кәсібіміз үйленгеннен кейін бірден басталды. Әрбіреуіміз өзінің бағытын дамытумен айналысты, бұның өзінде біз пікір алмасып, кеңестерімізбен бөлісіп, бір-біріміздің пікіріне құлақ асып жүретінбіз.

AA793155-53A7-4EA5-8C1E-05B76F218665.jpeg

Мен жеткізіліммен айналыстым, бірақ өзімді өндірісте байқап көруді қаладым. Сол себепті досым тігін өндірісін ашқан кезде, оған қосылуды шештік. Осылайша бір жылдан артық уақыт бұрын ортақ кәсібіміз пайда болды.

Мерей. Күйеуім өндіріспен айналыса бастаған кезде, мен оны қолдадым. Сонымен қатар біз инвесторлар ретінде тағы бір жобаға кірдік. Бұл операциялық директоры бар фитнес-клуб, ал біз тек жетекшілік етіп, оны қадағалаймыз.


Қағидаларымыз бен дәстүрлеріміз


Мерей. Біздің қарым-қатынасымыз махаббат, құрмет және сенімнің негізінде құрылады. Бұл отбасылар тірелуі тиіс үш бағана болып табылады.

0348FE56-E97A-4034-8FF7-555CCD88B3C0.jpeg

Сырым. Біз байыпты түрде ортақ өмірімізді құрып, бір-біріміздің пікіріне құлақ асуға, түсіністікпен қарауға тырысамыз.

Біз отбасымыз, сол себепті жекелей айналысып жатқан әрбір бағытымыз бойынша пікір білдіреміз, бірақ процеске араласпаймыз. Мерей менің достарыммен айналысып жатқан бизнеске араласа қоймайды. Бірақ мен жұбайымның командасымен бірге кезекті жобаны талқылағанын бақылаймын және оларға көмектесіп отыруға тырысамын.

Жаңа серіктестермен болатын кездесулерді жоспарлаған кезде, Мереймен ақылдасамын, алдағы келіссөздерге деген көзқарасын білемін. Мен барлық нәрселерді тексеретін, барлығына күдікпен қарайтын адаммын. Маған сырттағы адамның пікірі маңызды.

Біз үшін табысты болудан гөрі бақыттырақ болғанымыз маңызды

Мерей. Мен коммуникация бағытында жұмыс істеймін. Адамдармен араласу – менің үйреншікті ісім, дағдыларымның және құзыреттілігімнің негізінде адамдарға көмектеуге тырысамын. Бизнесте отбасылық қаражат болған кезде, екеуіңіз де оның дамуына мүдделі боласыз.

Балаларымыз өздерін кәсіпкерлікте байқап көруді қаласа, оларды қолдаймыз. Бірақ біз отбасылық империяны құруға талпынбаймыз. Олар бізге ұқсамай, басқаша бағытта өсіп жатыр және жолдарын өздері таңдайды.


Жұмыс күндеріміз


Сырым. Біз үшін отбасы басты орында тұрады. Төрт баламыз бар, әрқайсысына уақыт бөлу керек және біз жұмысымызды отбасылық жоспарлау негізінде құраймыз. Ата-ана бала үшін оның армандарын орындай алатын, балалық шағын бақытты қылатын сиқыршы болып табылады. Біз жетістік пен ақшаны қумаймыз, біз бақытты қалаймыз. Жұмыс отбасының қажеттіліктерін өтеу үшін, оқу және өздігінен дамып, саяхаттау үшін керек.

Мерей. Біз үшін табысты болудан гөрі бақыттырақ болғанымыз маңызды. Мұратымыз – бақытты және табысты болу.

75BB9BD8-2EA8-46AC-98F5-206F7B66222D.jpeg

Біз өз-өзімен және кәсібімізбен үйлесімдікте болуға тырысамыз. Есейген сайын балаларымыз ең үлкен рахат әкелетінін түсінеміз.

Олар үшін жақсы сәттер туғызып, болашақ үлкен өмірге деген негізді қалыптастыруды қалаймыз. Біз балаларымызбен бала болуды ұнатамыз. Мысалы, жақында Диснейлендке бардық, «Барселонаның» ойынын тамашаладық. Балаларға ұмытылмас естеліктерді сыйлауды қалаймыз және ол үшін табыс табу керек.

Сырым. Ортақ жобаларымызды көбінесе мен жүргіземін, себебі Мерей өзінің жобалары бойынша жұмыс істейді.

Мерей. Bazaaro — толыққанды цех – өзінің стандарттары бар үлкен ағымдық өндіріс. Ол толық жұмысты қамтамасыз ету үшін көп шығындарды қажет етеді. Бізде бұндай тәжірибе болған жоқ, сол себепті барлық ерекшеліктерді зерттеу керек болды. Осында жоспарлау маңызды орын алады – егер үлкен тапсырысты алсаңыз, басқа шағын тапсырысты тездетіп тігіп тастауға болмайды. Ол үшін жүйені толықтай қайта құру керек.

D1DF7620-BAA6-428B-8FD4-7E9B1A29D369.jpeg

Сырым. Бізде екі жарым өндірістік бағыт жұмыс істейді. Біреуі мата материалымен, екіншісі трикотажбен жұмыс істейді, ал жарты бағыты жедел шағын тапсырыстарды орындайды.

Мерей. Біздің серіктесіміз аталмыш салада үлкен тәжірибеге ие. Сол себепті ол бізге істің мәнін түсіндірді, Түркиядан мата және жабдықтарды жеткізушілерімен жұмыс істеді.

Мен маркетинг, істі жылжыту, брендинг саласындағы жұмыстарды өз мойныма алдым – осы бағыттарда мықтымын. Өзім нетворкермін, байланыстарым көп, жеке брендім дамыған, сол себепті бизнесті дамыту форматына негізделдім. Ал барлық операциялық және қаржылық бөліммен күйеуім айналысады.

Сырым. Мерей көп адамдарды біледі, әрдайым біреумен танысып жүреді, бірінші байланысушы тұлға ретінде жұмыс істейді. Кейін мен адамдармен кездесемін және серіктестік қарым-қатынастың негізін қалаймын.

2DD7A086-0141-4C64-93C4-4B0582AA3947.jpeg

Мерей. Өмірімізде де, бизнесімізде де даулы мәселелер туындамайды. Біз сөйлесуге, эмоцияларымызды жеткізуге, бір-біріміздің пікіріне құлақ асуға тырысамыз. Егер бұл біреуіміз үшін үзілді-кесілді нәрсе болса, біз оны қабылдаймыз. Ешкім позициясымен басынбайды.

Сырым. Біз дау шығаратын адамдар емеспіз, сол себепті жұмыс немесе жеке пікірлеріміз бойынша дау шығаруды ұнатпаймыз. Кәсімізді бір бағытта жүргіземіз.


Тәжірибеміз


Сырым. Мен командада жұмыс істеуге бейіммін, бірлескен жұмыс рахатқа бөлейді. Егер екеуі де өз қызметінде кәсіпқой маман болса және бизнес екі кәсіпқойды қажет етсе – барлық нәтижелер отбасының игілігіне бағытталады. Бұл отбасылық бизнестің артықшылығы болып табылады.

Отбасылық бизнестің кемшіліктері де бар. Бизнестегі қиындықтар отбасыда көрінуі мүмкін. Ал екі адам күйзеліске түссе – бұл айқын көрінеді.

Егер екеуі де өз қызметінде кәсіпқой маман болса және бизнес екі кәсіпқойды қажет етсе – барлық нәтижелер отбасының игілігіне бағытталады

Мерей. Бизнесті бірге жүргізген кезде, жұмысқа ауысу немесе жұмыс туралы ұмыту қиынға соғады. Бірақ басқа жағынан, біз әрдайым процесс үстіндеміз, үйде жаңа идеялар пайда болады. Сол себепті жұмыс пен отбасын бөліп жүру қиын, дегенмен ол қажет емес те шығар. Бұл өмірдің бөлігі болып қалыптасады.

Бірге жұмыс істеген кезде, әрқашан бір-біріңізді жаңа қырынан танисыздар. Бұл қызықты. Біз көп уақытты бірге өткіземіз, бір-бірімізді әртүрлі жағдайларда көреміз. Бұл маған ұнайды.

2BF50F34-5EFE-40A6-8B80-1C8C758FEA32.jpeg

Сырым. Кез-келген жұмыс отбасылық қарым-қатынасқа әсер етеді, отбасылық қарым-қатынас та жұмысқа әсер етеді. Адам эмоцияларға және сыртқы факторларға беріледі. Біздің міндетіміз – жағымды ықпалдардың көбірек болуын қамтамасыз ету.

Мерей. Біз өздігінен даму бойынша жұмыс жасаймыз, жаңа нәрселерді үйренеміз, себебі әлем бір орында тұрмайды, бизнесті дамыту құралдары өзгеріп отырады және әрдайым хабардар болу керек. Бағыттарымызды дамытып, жаңа форматтарды зерттейміз.

Сырым. Уақыт және отбасы өте маңызды дегенді ұғындық. Отбасымызбен көбірек уақыт өткізуге, өздіндігінен дамуға, достарымызбен уақыт өткізуге, одан кейін жұмыс пен жетістікке көңіл бөлуді шештік.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ғылым және бизнес. Дәукен Сейітқали ғылымды қажетсінетін табысты жобаны қалай жасау керектігі туралы
Ғылым және бизнес. Дәукен Сейітқали ғылымды қажетсінетін табысты жобаны қалай жасау керектігі туралы
Жаңа жылға арналған сыйлықтар идеясы: арзаннан қымбатқа дейінгі 20 нұсқа
Жаңа жылға арналған сыйлықтар идеясы: арзаннан қымбатқа дейінгі 20 нұсқа
Қазақстандық тәжірибелі ғалым  елдегі ғылым мен оның қиындықтары туралы
Қазақстандық тәжірибелі ғалым елдегі ғылым мен оның қиындықтары туралы
«Менің жұмысым — адамдарды бақытты ету», — Камалдин Камирдинов музыка бизнесін жүргізу принциптері туралы
«Менің жұмысым — адамдарды бақытты ету», — Камалдин Камирдинов музыка бизнесін жүргізу принциптері туралы