Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Сурет сабағының мұғалімі 500 $-мен ауылдан елордаға келіп, кәсіпкер атанғаны жайында
3597

Жұмажан Қалтаев

Қарсақбай ауылы, Aevent компанияның негізін салушы

23.08.2019

Сурет сабағының мұғалімі 500 $-мен ауылдан елордаға келіп, кәсіпкер атанғаны жайында


Кәсібінің бастамасы


90-жылдары барлық адамдар табысты саудагерлерден үлгі алатын, білімім бойынша сурет сабағының мұғалімі болсам да, мен де саудагерлікке талпынатынмын.

Сурет сабағының мұғалімі 500 $-мен ауылдан елордаға келіп, кәсіпкер атанғаны жайында

Мен Қарағанды облысы Қарсақбай ауылының тумасымын, университеттен кейін, әскерде борышымды атқарып келдім, кейін «Қазақмыс»-қа тиесілі болған типографияда жұмыс істедім. 2002 жылы Астанаға көшіп келдім, бұл жаңа қала және осында мүмкіндіктер көбірек екенін түсінетінмін. Астана мені жақсы қарсы алды деп айта алмаймын. Елордаға келген кезде, қалтамда 500 $ болды. Біріншіден, мен күзде жалғыз пиджакпен келдім және 15-20 см күртік қардың жататынын күткен жоқ едім. Кейін екі апта бойы пәтер таба алмай, салынып бітпеген коттеджде тұрдым, сонда өте суық болатын. Ағам екеуміз пәтер тауып алған кезде, 200 доллар ақшамызды төлеп бердік, бірақ бізді алдап кетті. Пәтерді үй иесі емес, тәуліктеп жалдаған және оны басқаларға жалға беріп жүрген алаяқ берген болатын. Сол себепті бастапқы уақытта қиын болды.

Сонымен қатар мен жұмыс іздедім. Сол кезде қала бойынша ресми іс-шараларды, концерттерді ұйымдастыратын «Астана Көркем» компанияның жарнамасы ілініп тұратын. Мен бұл компанияға жұмысқа орналасуды қаладым және олардың кеңселеріне кездейсоқ тап болдым. Мені бөлім бастығы қабылдады, оған менің суреттерім ұнады және ол менен Corel бағдарламасында жұмыс істей алатынымды сұрады, мен «істей аламын» деп өтірік жауап бердім. Осы жұмысқа уақытында келіппін, себебі сол кезде бірнеше дизайнерлер компаниядан кетіп қалған еді.

Елордаға келген кезде, қалтамда 500 $ болды


Мен тәжірибе жинадым, тапсырыс берушілерім пайда болды. Маған әдеттен тыс дизайнды қалаған адамдарды жіберетін. Компьютер сатып алдым және кешкісін үйде жұмыс істедім. 2006 жылы «Астана Көркем» компаниясынан кетіп қалдым, себебі жалақымды көтеру бойынша өтінішімді қабылдамады. Содан кейін «Қуат» компаниясына орналастым. Бастапқыда дизайнер болдым, кейін сатумен және маркетингпен айналыса бастадым. Сол жерден шығып кеткеннен кейін, жас компаниямен серіктестік қарым-қатынас орнаттым, олар дизайнерлік қызметтерім үшін жеке жұмыс орнын бөліп берді, сол жерге клиенттерім келіп тұратын. Сонымен қатар университетте жұмыс істеп, компьютерлік графика бойынша сабақ бердім. Дизайнмен қатар ақырындап конструкцияларды өнідірумен айналыса бастадым.

Сурет сабағының мұғалімі 500 $-мен ауылдан елордаға келіп, кәсіпкер атанғаны жайында

2008 жылы елорданың он жылдығын өткізу үшін, алматылықтар келді, мен оларға дизайнер ретінде көмектестім. Астанада компанияларының өкілі атанып, әкімдіктің жалдаушысы болдым. Кейін компаниядан кетіп, декорация мен жарық бойынша жұмыс істей бастадым.


Клиенттерге деген қатынас


Он жыл бұрын Aevent компанияның атауын ойластырған кезде, event сөзі қазіргідей танымал болған жоқ.

Біз қымбат еуропалық жарықтық және дыбыстық құрылғыны жалға берумен айналысамыз. Әрбір тапсырысты жеке өңдеп, дизайнды, декорацияларды жасап, жарықты, дыбысты құрып қою, серіктестерді тарту, тіпті іс-шараны өткізу сияқты техникалық шешімдерді ұсына аламыз.

Біз адамдарға бір жерде барлық нәрселерге тапсырыс беріп, соған сенімді болу мүмкіндігін ұсынамыз


Ең қымбаттысы – бұл уақыт. Сол себепті біз клиенттердің уақытын және ақшасын үнемдейміз. Әдетте бір жобаны екі әртүрлі компаниялар алады: біреулер декорацияларды жасайды, басқа біреулер жарықты, дыбысты құрып қояды, олар бір-бірін күтеді және түсініспеушілік пен қайшылықтар пайда болады. Біз адамдарға бір жерде барлық нәрселерге тапсырыс беріп, соған сенімді болу мүмкіндігін ұсынамыз.


Жетістікке жеткізетін жол


Еңбекқорлық пен даму ниетінен бөлек, сәті түсіп тұру керек – керек уақытта, керек жерде, керек адамдармен болу керек.

Мен маңызды шешімдерді асықпай қабылдаймын, олардың тиімділігі жайында байсалды түрде ойланамын.


Өмірлік ұстанымы


Клиенттермен, серіктестермен жұмыс істеген кезде, маған дипломатиялық мінезім көмектеседі. Мен ешкіммен ұрыспаймын, дұшпандарым жоқ. Менімен келісуге болатынын барлығы біледі.

Кәсібіміздегі ең қиын нәрселердің бірі – жақсы маманды табу. Бастысы команда, оны сақтау керек. Қызметкерлер жеке және ортақ мақсаттарды білуі тиіс, сонда алға жылжуға болады.

Сурет сабағының мұғалімі 500 $-мен ауылдан елордаға келіп, кәсіпкер атанғаны жайында

Менің өмірлік ұстанымым – Лао Цзы қытай философының сөзі: «Егер біреуді жеңсең, сен мықтысың, егер өзіңді жеңсең – құдіреттісің».

Жылдар өткен соң, ертеңгі күнге деген сенімділік артып келеді, біз өз орнымызды таптық. Бұның арқасында тәжірибе жүргізуге, өз қолымызбен бірдеңелерді жасап шығару мүмкіндігі пайда болды, бұл маған ұнайды.


Күн тәртібі


Қызымыз бірінші сыныпқа барған кезден бастап, біз таңғы алтыда тұра бастадық және бұл маған ұнайды. Физикалық тұрғыдан қай жерде болмасам да, жұмыс күнім әрқашан таңғы сағат тоғызда басталады. Кәсіпкерлер – жауапкершілігі мол ерекше адамдар, сол себепті әрқашан байланыста болу – олар үшін маңызды. Егер мен поезда болмасам, әдетте кешкі сегізге дейін кеңседе отырамын.


Материал Aevent компанияның қолдауымен жасалды.

Сурет сабағының мұғалімі 500 $-мен ауылдан елордаға келіп, кәсіпкер атанғаны жайында

Меню

Істер

Қала 24

Шолу