facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/fdb/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/u4gn5q8a68mg426j002z15xnhinngx8c.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
studentter-ortaly-aziyada-y-universitetke-alay-o-u-a-t-s-p-a-ylshyn-t-l-nde-o-u-a-bolatyny-turaly
logo
Студенттер Орталық Азиядағы университетке қалай оқуға түсіп, ағылшын тілінде оқуға болатыны туралы

01.09.2023

Студенттер Орталық Азиядағы университетке қалай оқуға түсіп, ағылшын тілінде оқуға болатыны туралы

Орталық Азиядағы жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері ағылшын тілінде білім алудың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтты.


Севинч Мирзаева, 19 жаста, қаласы — Ташкент, Inha University студенті

Севинч М


Оқуы туралы

Мен Inha University-дің бизнес және логистика факультетінің студентімін. Алты жыл болды, ағылшын тілін оқып жатырмын.

Ағылшын тілін білуім оқуыма көмектеседі, өйткені университетімдегі барлық профессор —шетелдіктер. Сондай-ақ ағылшын тілін білу АҚШ-тың танымал блогерлерінің әртүрлі вебинарына қатысуға мүмкіндік береді.

Артықшылықтары жайлы

Тілді білудің ең үлкен артықшылығы — орыс тілінде жоқ жаңа білімге қол жеткізу. Профессор презентацияның мақсатын түсінуі және басқалардың қызығушылығын тудыруы үшін ағылшын тілінде сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу маңызды.

Алғашында сөздік қорым жетіспейтін. Оқуымның бас кезінде профессорларды түсіну қиын болды. Әсіресе ағылшын тілін үнді немесе поляк акцентімен сөйлейтіндерді түсіну қиын еді, бірақ бірте-бірте үйреніп кеттім.

Ақыл-кеңес

Үміткерлерге беретін басты кеңесім — сөздік қорыңызды арттырып, тек АҚШ немесе Ұлыбританияның ғана емес, басқа елдердің де блогерлерін қарап жүріңіз. Әркімнің диалектісі әртүрлі, оларды түсіну қиын болуы мүмкін.

Ағылшын тілін жақсартудың тамаша тәсілі — ана тілінде сөйлейтіндермен сөйлесуге болатын қосымшалар. Аудиокітаптар маған IELTS reading және listening емтиханын тапсыруға көмектесті.


Асель Муратова, 21 жаста, қаласы — Астана, M.Narikbayev KAZGUU University түлегі, @slmrtv

Асель М

Оқуы туралы

Мен M. Narikbayev KAZGUU University-де IT in Business мамандығында және Германиядағы Hof University of Applied Sciences-те Business Informatics мамандығында қос дипломдық бағдарлама бойынша оқыдым.

Мен ағылшын тілін орта мектептің жоғары сыныптарында үйрене бастадым және шет тілінде оқу көбірек мүмкіндіктер ашады деп шештім.

Артықшылықтары жайлы

Ағылшын тілінде оқудың артықшылықтары — көбірек ақпаратқа қол жеткізу, халықаралық мүмкіндіктерді ашу және жаһандық деңгейде коммуникациялық дағдыларды жақсарту мүмкіндігі. Дегенмен күрделі лексиканы меңгеруде және академиялық деңгейде білім алуда қиындықтар туындауы мүмкін.

Оқу барысында мен жаңа мәдени және тілдік ортаға бейімделу және ағылшын тілінде материалды қарқынды меңгеру сияқты қиындықтарға тап болдым.

Ақыл-кеңес

Жергілікті университеттерде ағылшын тілінде оқығысы келетін талапкерлерге кеңесім:

— күнделікті өмірде ағылшын тілін оқу және сөйлеу арқылы жүйелі түрде жаттықтырыңыз

— онлайн курстар, тілдік қосымшалар және интернеттегі материалдар сияқты қолжетімді ресурстарды пайдаланыңыз

— ағылшын тілінде қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектесетін іс-шараларға қатысу: пікірталас клубтарына қатысыңыз немесе халықаралық ұйымдарда волонтер болыңыз

— қателесуден қорықпаңыз және ағылшын тілін үнемі жетілдіріп отыруға тырысыңыз, өйткені тілді үйренудегі тәжірибе мен табандылық жемісін береді.


Асылай Бақтығали, 20 жаста, қаласы — Алматы, Suleiman Demirel University студенті, @lusapienna

Асылай Б

Оқуы туралы

Мен төртінші курста оқып жүрмін. Психология мен ғылымды жақсы көремін, маркетинг саласында жұмыс жасаймын және бос уақытымда блог жүргізумен айналысамын.

Ағылшын тілін мектепте үйрене бастадым, бірақ бұл білім қарапайым болды. 11-сыныпта ағылшын тілін өз бетімше жақсартуды шештім. Осылайша, күніне 12 сағат оқып, 3 айда IELTS тапсырдым.

Артықшылықтары жайлы

Ақпараттың ағылшын тілінде көбірек екені бәріне мәлім. Сондықтан мен тек тіл үйреніп қана қоймай, жалпы өмірдің барлық саласына қатысты өзекті ақпаратпен танысып, қосымша білім алдым.

Ағылшын тілінде оқудың артықшылығы: бізде заманауи зерттеулерге қолжетімділік, алмасып оқуға, біліктілік пен дамуға көбірек мүмкіндік бар.

Тілді түсінген кезде ерекше қиындықтар болмайды. Бірақ сіз проблемаларды шешу әдістері ТМД-да қабылданған әдістерден ерекшеленетінін білуіңіз керек. Сондықтан бір жерде оңай, бір жерде қиынырақ. Оған қоса барлық мұғалім тілді кәсіби меңгере бермейді, өйткені ағылшын тілі — олардың үшінші немесе екінші тілі. Сондықтан өз бетіңізше оқуға тура келеді.

Ақыл-кеңес

Көңіл көкжиегін кеңейтіп, тіл білімін артықшылық ретінде пайдалануға кеңес беремін. Барлық шетелдік бағдарламаларға, алмасуларға, тағылымдамадан өтуге өтініш беріңіз. Шетелдік мамандардан үйреніңіз, өйткені сізге кез келген ақпарат қолжетімді.


Асылбек Ортиков, 21 год, город — Ташкент, Inha University студенті, @asilbekortikov

Асилбек О


Оқуы туралы

Мен Software Engineer мамандығының 4-ші курс студентімін. «Корзинкада» жұмыс істеп жүргеніме бір жылдан асты. Мен сондай-ақ Techstars Startup Weekend Tashkent қауымдастығының маркетинг лидімін.

Ағылшын тілін мектеп кезінен бастап, осы күнге дейін үйреніп келемін.

Артықшылықтары жайлы

Университеттегі сабақтар ағылшын тілінде өтеді, сондықтан мен ағылшын тілін жиі қолданамын: дедлайндарды орындау кезінде, оқу және жұмысқа қажетті қосымша материалдарды табу үшін.

Маркетинг саласында визуалды тәжірибені жетілдіру маңызды. Ал ағылшын тілі маған ірі компаниялардың жұмысының дереккөздері мен мысалдарын зерттеуге, табуға көмектеседі.

Ағылшын тілі — әлемнің кез келген нүктесіне сенімді түрде баруға болатын халықаралық тіл. IT және маркетинг бойынша жаңалықтар, трендтер және озық кітаптар ағылшын тілінде басылады.

Ақыл-кеңес

Университетті жүрек қалауыңызға қарай таңдауға кеңес беремін. Университет — жаңа дағдылар қалыптастыратын орын.


Исламбекова Дильназ, 21 жаста, қаласы — Алматы, KBTU түлегі

Дильназ И


Оқуы туралы

Мен — Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Лондон университетінің BSc in Economics and Finance мамандығы бойынша қос диплом бағдарламасының 2023 жылғы түлегімін. ҚБТУ-да Халықаралық экономика мектебінің факультетінде оқыдым.

Ағылшын тілін балабақшадан бастап үйрендім. Өскемендегі «Нұрорда» мектеп-лицейін бітірдім, онда да ағылшын тілінде білім алдым. Мен тілді академиялық білім мен озық ақпаратқа жол ашатын маңызды құрал ретінде қабылдаймын.

Сондықтан университет таңдауда ағылшын тілі негізгі критерийлердің бірі болды. ХЭУ экономикалық зерттеулер саласында жоғары сапалы білім ғана емес, тілге де орта берді, онсыз біз экономикалық жұмыстарымызды жаза алмайтын едік.

Артықшылықтары жайлы

Маңызды мақсаттарға жету үшін тілді қолдану оңай. Дипломдық жұмысты жазбас бұрын ағылшын тіліндегі мақалаларды оқығанымыз өз көмегін берді. Бұл зерттеу жұмысын жазуымызға көмектесті.

Негізгі артықшылықтары: халықаралық мүмкіндіктер аренасына қолжетімділік, ол мансаптық, академиялық және бизнес бағыттарында дамуды, сондай-ақ болашаққа деген сенімділікті қамтиды.

Біздің факультетте оқу оңай емес. Ол зейінді, еңбекқорлықты, амбицияны талап етеді және сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Дегенмен «Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, бұл күш-жігер жұмсауға тұрарлық екеніне сенімдімін.

Ақыл-кеңес

Барлық нәрседе мінсіздікке және сапаға ұмтылыңыз. Егер сіз дәрігер болсаңыз, пайдалы болу үшін үздік болуыңыз керек. Сондай-ақ адами қасиеттеріңізді сақтап қалу маңызды.

Адамның жас кезіндегі негізгі ресурстары — уақыт пен күш. Оларды өзіңізбен жұмыс істеуге жұмсаңыз. Мақсат қойып, білімге ұмтылыңыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Досжан Жүсіпов деген кім
Досжан Жүсіпов деген кім
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
Зиянды тамақ дегеніміз не. Юлия Нугманова біздің тамақтануымыз туралы қолжетімді тілде түсіндіруі
Зиянды тамақ дегеніміз не. Юлия Нугманова біздің тамақтануымыз туралы қолжетімді тілде түсіндіруі
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді