facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
student-yzdardy-astanada-y-m-r-zh-ne-zhaldamaly-p-terdeg-t-rmysy-zhayynda
logo
Студент қыздардың Астанадағы өмірі және жалдамалы пәтердегі тұрмысы жайында

09.10.2017

Студент қыздардың Астанадағы өмірі және жалдамалы пәтердегі тұрмысы жайында


IMG_6891.jpg


Айшат Нургуатова, 21 жас, туған қаласы – Орал, студент


IMG_6897.jpg


Әсем Сагадинова, 20 жас, туған қаласы – Ақтау, студент



Пәтер туралы



Айшат. Мен Астанада үш жыл бойы тұрамын, осы жаққа оқу үшін келдім. Бұрын пәтерді әпкеммен және басқа қыздармен бірге жалдадым.


Асем. Мен Астанаға екі жыл бұрын университетке түскенде көштім. Алғашқы кезде мен тәтеммен бірге, ал кейін немере ағаммен бірге тұрдым. Әрдайым өз бетіммен тұрғым келді, сол себептен мен туысқандарыммен тұрмай, пәтерді жалдап алуға шештім.


IMG_6793.jpg


Айшат. Бізге бір-бірімізбен тыныш тұрылады, ешкім мазаламайды. Бір үйде көп қыз отырғанда, бұл маза бермейді,кедергі жасайды.


Асем. Осы пәтерді біз қыркүйек айында оқуымыз басталғанның алдында жалдадық. Мен анаммен бірге көп уақыт бойы жақсы пәтер іздедім, Айшат сол кезде әлі Оралда болды. Дәл сол кезде жақсы пәтер табу қиын болды, бүкіл студенттер пәтер ізде бастады. Пәтерлер жалдану жайлы хабарландырудан бір сағат өтпей тез таралып кететін. Осы пәтерді жалдауға оннан астам қалаушылар болса да,таныс риэлтор көмегімен анам екеуміз осы пәтерді бірінші болып көре алдық. Бізге осы пәтер қатты ұнады, ол жарық және жайлы.


Айшат. Осы пәтерді біз 100 000 теңгеге жалдаймыз,тұрмыстық қызметтерді бөлек төлейміз.



Бірлесіп пәтер жалдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері




IMG_6814.jpg

Айшат. Жатақханада немесе туысқандармен бірге тұрмай, бөлек пәтер жалдағанда,сенде бос уақытын және жеке кеңістігін көбірек болады.


Асем. Біздің пәтеріміз университетіміздің жанында,бұл өте жақсы.Біз оқуымызға жаяу барамыз.


IMG_6821.jpg


Айшат. Үшеу немесе төртеу емес,ал тек екеуміздің бірлесіп тұрғанымыздың артықшылығы, біздің үйіміз үнемі таза, егер біреу үйді ластаса,бұл кім істегенін біліп отырасын.


Асем. Бір ғана кемшілік бар – бүкіл жауапкершілік біздің басымызға жүктеледі: үйді жинау, тамақ дайындау, азық-түлік сатып алу.



Тұрмыстық жайлы




IMG_6835.jpg


IMG_6851.jpg

Айшат. Біздің пәтерімізде бүкілі тура екі адамға есептелген, екі шкаф, екі диван, екі үстел,сондықтан орын бөлумен қиыншылық туған жоқ.


Асем. Бізде көп ортақ достарымыз бар, сондықтан бізде біреуді шақыру немесе шақырмау жайлы мәселелер тумайды.Бірақ егер біреуді шақырсақ, міндетті түрде бір-бірімізді ескертеміз.


Айшат. Біз үйді кезектесіп жинаймыз, егер біреуі бос болмай,екіншісі бос болса,бос болған адам жинайды. Тамақты да күнделікті кезектесіп дайындаймыз. Бірақ кейде Big Bon жеп алып, мәз болып отырамыз.


IMG_6865.jpg


Асем. Біз тамақты және тоңазытқышты бөлмейміз, бізде барлығы ортақ, біз бір отбасы сияқтымыз. Басқа біреудің сатып алғанын сұрамай,жеп қоя аламыз.


Бүкіл тұрмыстық мәселелерді бірлесіп,ақылдасып шешуге тырысамыз.



Қарым-қатынас туралы



Асем. Біз Айшат екеуміз бір-бірімізбен ұрыспаймыз,толық үйлесімділікті таба алдық, Бізде көп нәрседе мінезіміз бен талғамымыз жарасады.


Айшат. Ал тағы біз екеуіміз де ұйықыға құмармыз.


IMG_6904.jpg


Асем. Менің мысық алғым келді. Оны қайдан сатып алуға болатынын іздестірдім, ал кейін маған оны сыйлады. Енді бұл мысық біздің «отбасымыздың» бір бөлігі,оның аты Smoke.


Айшат. Мен де мысықтарды жақсы көремін. Smoke импульсивті және белсенді,оның жасы бар болғаны екі ай.


Асем. Бізге екеу болып тұруға ұнайды. Басында біз үшінші қызды алуды қарастырдық, бірақ бұл өте тар болады деп ойлаймыз.


Айшат. Біздің көршілеріміз бейбітшіл,тыныш. Біздің кіреберісімізде негізінде жас қыздар тұрады, мүмкін осы жерде көп пәтер жалданатын шығар.


Біз бірлесіп тұруды жоспарлағанда, біздің үйімізде күнделікті көңіл көтеріңкі сауық кеші өтіп, біздің достарымыз күнделікті біздің үйімізде қыдырады деп ойладық. Ал негізенде бізге үйде тек тыныштық керек.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес