Амир Билиспек, 21 жаста, туған жері — Алматы, тазарту компаниясының негізін қалаушы, @procleanerkz, @amirbill
Қалай басталды
Мен Сулейман Демирел атындағы университеттің бітіруші курс студентімін. Болашағым жайлы ойлана бастағанда, мамандығым бойынша қаржы саласында жұмыс істегім келмейтінін түсіндім. Сондықтан біз Санжар досым екеуіміз тазарту компаниясының жобасын ойлап таптық.
Тазарту компаниясында қызметке тапсырыс бергенімде қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан бірнеше кемшіліктерін байқадым. Осыдан кейін бұл нарықты зерттеп шықтым.
Кәсіп жайлы
Жобаны алты ай бұрын аштық. Топта 10 — 12 адам жұмыс істейді, оның сегізі — басты құрам.
Тазарту компаниялары Қазақстанда үлкен сұранысқа ие болуда. Нарықта бұл қызмет 5 — жыл бұрын пайда болды.
Орта есеппен тазарту жұмыстарына аптасына 3 — 5 сағат кетеді. Қосымша химиялық заттардың бағасын есептегенде адамдар көбінесе біздің қызметтерге жүгінеді.
Артықшылықтар мен қиындықтар туралы
Компания сапалы қызмет көрсету үшін кәсіби техниканы, арнайы химиялық заттарды, оқыған кәсіби қызметкерлерді ұсынады. Жиі сапалы қызметті арзан ақшаға алғысы келетін клиенттер кездеседі.
Жұмыс барысында түрлі қиындықтар кездеседі. Мысалы, қызметкерлер денсаулығына байланысты жұмысқа шықпай қалуы мүмкін, немесе қатты кірленген жерлерді тазарта алмауымыз. Мұндай жағдайларда клиентпен келісеміз.
Жоспарлар жайлы
Кәсіби мамандардың штатын көбейтіп, техникалық заттарды көбірек алсақ дейміз.
Темирлан Сали, 22 жаста, туған жері — Алматы, инженер-технолог, кәсіпкер, @temirlanast
Қалай басталды
2019 жылы мен Satbayev University бакалавриатын «машинақұру» мамандығы бойынша бітірдім. Қазір Каспий Университетінде «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алудамын.
Мен белсенді демалыс пен экстремалдық спорт түрлерін ұнатамын. Жиі мотоциклдарды жалға алатынмын, бірақ көп таңдау болмайтын, және бағасы да қымбат болды. Үш мотоцикл сатып алдым. Кейін мототурларды ұйымдастыру ойы туды. Осылайша хоббиім бизнеске айналды.
Бизнес жайлы
2019 жылы таулы жолдарда мотоцикл турларын ұйымдастырдым. Барлық жолдар алдын ала жоспарланған болды.
Мотожобаның алғашқы инвестициясы 1 000 000 теңге болды. Бұл ақшаны бір айдың ішінде қайтарып алдым.
Турлар сұранысқа ие. Клиенттерді тарту үшін әлеуметтік желілерде және Chocolife компаниясымен бірге жарнама жасадым. Мототурлар күнде бола бастады.
Сәтті бастағанымнан кейін, техниканың түрлерін көбейттім. Квадроциклдардан басқа жөндеу жұмыстарына арналған саймандар алдым.
Қысқы мерзімге мотоциклдардың дөңгелектерін ауыстырдым. Турлар экстремалды әрі, қызықты бола бастады.
Артықшылықтары мен қиындар туралы
Менің бұл салада тәжірибем болмағандықтан қиындықтар көп болды. Бірақ қазір басты қиындықтар артта қалды.
Адамдар турлардың алдында мотоциклды жалға алу және қауіпсіздіктеріне өздері жауап беретіні туралы келісім-шартқа отырады. Клиенттерге барлық шарттар мен экстремалдық жағдайлар алдын ала келісіледі.
Ең үлкен қауіп — мотоциклдің тауда сынып қалуы. Ондай кезде мотоциклді өз қолымызбен түсіріп, сол орында жөндеуге тура келеді.
Жоспарлар жайлы
Біз күнде жаңа нәрсе ойлап табамыз. Түрлі қызықты маршруттар іздейміз. Жоспарда Алматы облысы бойынша тур өткізу бар.
Анастасия Воложина, 22 жаста, туған жері — Алматы, кәсіпкер, @vlanastasiaa
Қалай басталды
Мен кәсіпкерлердің отбасында дүниеге келдім. Университетті бітірген соң өз ісіммен айналыса бастадым. Менің тобымда кофені жақсы білетін адамдар болғандықтан, кофехана ашамыз деп шештік.
Болашақ кәсібімізді таңдағаннан кейін, қай жерде ашамыз және біздің клиенттеріміз кім деген сұрақтар туындай бастады.
Кәсіп жайлы
Мен JAM кофеханасының дамуымен айналысамын. JAM — бұл Алматының орталығында орналасқан жайлы кофехана. Басты идея — елімізде кофе мәдениетін дамыту.
Біз жобаны жетілдіреміз және түрлі тәжірибе жасаймыз. Мақсат қонақтар үшін қолайлы атмосфера жасау.
Артықшылықтар мен қиындықтар жайлы
Басынан бастап өз ісінің кәсіби маманы болуға талпыну керек. Біз кофені зерттедік. Түрлі кофе сусындарын жасауды үйрендік.
Біз үшін кәсіптің сапасы маңызды. CRM жүйесі мен бонустарды енгіздік.
Жоспарлар жайлы
Жобамызға сегіз айдай болды, алда көп жұмыс бар. Биыл жаңа құрал-жабдықтар аламыз, жаіа бар-.стелін қоямыз, интерьерге өзгерістерім еңгіземіз деген жоспар бар.
Жоспарда тағы бір кофехана ашу бар.