facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/910/910b42754afc9f5c5daeb6c7b8ee026a.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
stand-up-komikter-monologtardy-zhazyp-shy-aru-zhayynda
logo
Stand-up-комиктер монологтарды жазып шығару жайында

21.07.2020

Stand-up-комиктер монологтарды жазып шығару жайында

Ғалым Қалиақбаров, 33 жаста, қаласы — Нұр-Сұлтан, Stand-up-комик, @galymkaliakbarov


Галым Калиакбаров.jpg

Бастамасы


Бастапқыда мектептегі КТК-ға қатысып жүрдім. Кейін әскерде монологтарыммен өнер көрсетіп, тіпті Қазақстан бойынша гастрольдік сапарға шықтым. Сол кезде бұл Stand-up деп аталатынын білген жоқ едім. Маған қызық болды. 2016 жылы SUN project қауымдастығы туралы білдім және соған қосылдым. Осы жерде комик ретінде дамып жетілдім.

Материалды қалай жасап шығарады


Бастысы – өмірден алынған кез келген ойды жазып алу. Бұл өте күлкілі әзіл және оны ешқашан ұмыпаймын деп ойласаңыз да, олай емес. Бірден жазып алғаныңыз жөн. Мақсат қойып, әзіл жазсаңыз, бұл әдеби мәтін болып кетеді. Сахнаға шыққан кезде, сөз сөйлеу тезистерін алдын ала дайындап, барлығын бейнеге немесе диктофонға жазып алу керек.

Тақырыптарды көбінесе өмірден аламын, мысалы, супермаркетке барған кезде, бір қызық немесе әдеттен тыс нәрсені көріп, жазып аламын. Осының негізінде бір немесе бірнеше әзіл шығуы мүмкін. Адамдарға сырттай бақылап жазылған әзілдер ұнайды, себебі олар өздерін және күнделікті өмірде кездесетін жағдайларды таниды.

Галым Калиакбаров 2.jpg

Stand-up-комик шыншыл болуы керек. Сахнаға шығып, өзіңді шынымен алаңдайтын нәрселер жайында айтсаң, адамдар бұны сезеді және жақсы қабылдайды. Stand-up кезінде комик көрерменді, ал көрермен комикті алдай алмайтынымен ерекше.

Әзіл-оспақты түсіне білу дағдысын дамытуға болады және соған арналған белгілі кітаптар бар. Бірақ бұл дағдыны әрдайым дамытып отыру керек. Егер сахнаға шықпай, әзілдемей жүрсең, бұл дағды спорттағы бұлшық еттер сияқты әлсірей бастайды.

Көбісі Stand-up өнерімен айналысу оңай деп ойлайды, бірақ көп еңбек пен күш-жігер қажет етілетінін түсіну керек. Әр комикте сәтсіз әзілдер болады. Бұл істі тастап кеткің келетін сәттер де болады. Бірақ кейін бәрібір ораласың. Күйзеліске дайын болу керек.

Көбісі Stand-up өнерімен айналысу оңай деп ойлайды, бірақ көп еңбек пен күш-жігер қажет етілетінін түсіну керек


Сахна өнерлерінің басқа түрлерінде музыка сүймелдеуі болады және әртіс жалғыз болмайды. Ал Stand-Up-та тек қана комик пен микрофон болады. Әсіресе, бір сағат уақыттай өнер көрсету қиын.

Stand-up өнерінде хеклерлер – айғайлап, кедергі жасайтын адамдар болады. Оларға жауап бере білу керек, бұл жеке дағдыны қажет етеді.

Кім шабыттандырады


Комикстерден Луи Си Кей шабыттандырады. Мен оның концерттерін, әзілдерін, оның өнер көрсету құрылымын жазып алатынмын. Белгілі бір тәжірибесі бар комиктер шабыттандырады. Мысалы, Билл Берр – ұзақ уақыт бойы әзілдері күлкілі емес болатын, бірақ ол ісін тастаған жоқ және қазірде әлемдегі үздік комиктердің бірі болып табылады.

Stand-up маған қуат береді, сол үшін оны жақсы көремін. Әзіл айтқаныңнан адамдар күлген кезде бір сиқыр болатын сияқты және мен осы істен ляззат аламын.



Медет Қалибеков, 31 жаста, қаласы — Алматы, Stand-up-комик, @kalibekov_medet


Медет Калибеков.jpeg

Бастамасы


Stand-up өнерімен 2015 жылдан бері айналысамын. Бұған дейін университеттің атынан, кейін қаланың атынан КТК-ға қатысып жүрдім. Мектеп кезінде «Жизнь с Луи» сериалын көруді ұнататынмын. Мультфильмді жасап шығарған Stand-up-комик – Луи Андерсен. Оның сахнадағы өнерін субтитрлермен көре бастадым. Маған қатты ұнады, мен де осы өнермен айналысуды қаладым.

ТНТ арнасында Stand Up шыққаннан кейін, КТК-дағы таныстарым Stand Up ұйымдастырып, мені соған шақырды. Қазірде мен Salem Stand Up резиденті болып табыламын, әзілдер жазамын және сахнада өнер көрсетемін.

Материалды қалай жасап шығарады


Алдымен әзілдердің бастапқы жолдарын ойлап шығарамын. Жақсы әзіл жақсы басталуы керек. Сол себепті басталуына үлкен көңіл бөлемін. Телефондағы жазбаларға сақтап қоямын, кейін әзілдерді толықтырып жазып тастаймын. Жалпы әр әзіл мен үшін математикадағы есеп сияқты.

Медет Калибеков 2.jpeg

Бес минуттық материалды жазып шығару үшін екі апта уақыт кетеді. Мен тақырыптарды таңдамаймын, тақырыптар мені таңдайды. Күнделікті өмірде орын алатын нәрселер жайында әзілдеймін.

Мен тақырыптарды таңдамаймын, тақырыптар мені таңдайды


Stand-up-та кез келген нәрсеге дайын болу керек. Интеллектіңіз қаншалықты жоғары болса, соншалықты жақсырақ әзілдейсіз. Бұл салада қиындықтар жетерлік.

Медет Калибеков 3.jpg

Жеңіл әзілдеуге үйрену керек. Барлық адамдар әзілдей алады, тек қана әзілдің және стендаптың мәнін түсіну қажет. Алдыңызға белгілі бір мақсат қойсаңыз, қолыңыздан барлығы келеді.

Кім шабыттандырады


Кезінде ТНТ арнасында «Смех без правил» шоуында ешкімге белгісіз Stand-up жанрында өнер көрсетіп жүрген Контантин Пушкиннің шығармашылығын тамашалайтынмын. Оның әзілдеріне талдау жүргіздім. Ол сияқты күшті комик болуды қалаймын.



Нұрсұлтан Айдаров, 24 жаста, қаласы — Бішкек, Stand-up-комик, сценарийші, @nursultanvtoroi


Нурсултан Айдаров 2.jpeg

Бастамасы


КТК-дағы досым мені көрермен ретінде «Ашық микорофонға» шақырды. Stand-up-та кез келген қалаушы өнер көрсете алатын орын екенін түсіндім және бір аптадан кейін өзім сахнаға шықтым.

Маған Stand-up-тың философиясы КТК-ға қарағанда ұнамдырақ


Маған Stand-up-тың философиясы КТК-ға қарағанда ұнамдырақ. КТК ойындарында сахнаға шыққан кезде, менде көбінесе сөздер болмайтын, ал Stand-up-тағы барлық сөздер өзімдікі. Сахнаға шыққан сайын өзіме деген сенімділік арта түседі. Бұл іспен ұзақ уақыт бойы айналысып жатқан әріптестер әзілдер жазуды үйретіп, көмектесетін, Stand-up бойынша кітаптар оқуға және батыс комиктерінің концерттерін көруге кеңес беретін.

Материалды қалай жасап шығарады


Материалды жасап шығару процесі телефондағы жазбалардан басталады. Бұл күлкілі болып көрінетін кез келген ой болуы мүмкін. Үстінен тағы бір идеялар қосып бере алатын комик досыңмен ақылдасуға болады. Кейін барға барып, сахнаға шығып өнер көрсетесің, барлығын диктофонға жазып аласың. Диктофонға жазылғанды тыңдап, адамдардың қай жерде күлгенін, күлмегенін анықтайсың.

Біз Salem Stand Up ұйымында монологты бір жарым ай бойы тексереміз, кейін YouTube желісіне түсіреміз. Бір 8 минуттық моногқа бір-екі ай кетеді. АҚШ-да комиктердің бір сағаттық концерті екі-үш жыл жасап шығарылады. Мәскеуде күніне бірнеше рет сахнаға шығады. Біз Орталық Азияда аптасына екі-үш рет өнер көрсетеміз, себебі осында бұл индустрия дамымаған.

Нурсултан Айдаров 3.jpeg

Монолог тақырыптарын өмірден аламын. Дін немесе саясат туралы әңгіме қозғамаймын.

Әзілдей білу үшін кітаптар оқу қажет, ерекше көзқарасты қалыптастырып, әділетсіздіпен күресу керек.

Менің ойымша, комик батыл, ашулы, мейірімді, білімді және ең бастысы – шыншыл болуы керек.

Нурсултан Айдаров.jpg

Stand-up-та сәтсіз жағдайларға дайын болу маңызды. Ондай жағдайлар болып тұруы жұмыстың бір бөлігі екенін түсіну керек. Көрермендердің әзілді қалай қабылтайтындарын алдын ала білу мүмкін емес, ешкім де жетістікке кепіл бере алмайды. Сондай-ақ, тегін өнер көрсететініңе дайын болу керек.

Кім шабыттандырады


Комиктердің барлығы шабыт береді, әсіресе Дэйв Шапелл, Ленни Брюс, Луи Си Кей, Нұрлан Сабуров, Медет Қалибеков және Дамир Нұрсейітов.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.