facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
stambulda-y-aza-tar-sel-isabaeva-t-rkiya-a-alay-k-sh-p-p-ter-satyp-alu-a-bolatyny-zhayynda
logo
Стамбулдағы қазақтар. Әсел Исабаева Түркияға қалай көшіп, пәтер сатып алуға болатыны жайында
Өмір сүру стилі

01.01.2019

Стамбулдағы қазақтар. Әсел Исабаева Түркияға қалай көшіп, пәтер сатып алуға болатыны жайында

Әсел Исабаева, 42 жаста, туған қаласы – Алматы, E-Waste Kazakhstan жобасының жетекшісі

6.jpg

Алматы — Стамбул


Мен фотографпын. Нью-Йорк кәсіби фотографтар университетін бітірдім. Көп жыл бойы БҰҰ-ның әртүрлі агенттіктерінде жұмыс істедім. Соңғы бес жыл Алматыда істедім. Бұл БҰҰ-ның 8 мемлекетке арналған өңірлік офис болатын, бірақ 2017 жылы ол жабылды. Мен өзгерістер уақыты келді деп шештім де, қызым екеуміз Стамбулға көшіп кеттік.

Стамбул кенеттен жасалған шешім емес. Оған дейін мен Канада, Бельгия елдерінде тұрып, Косово, Шығыс Тиморда және таяудағы Индонезия, Аустралияда болып көрдім. Әртүрлі елдердегі өмірді салыстыра алатынмын.

Стамбул мен үшін барлық нәрселердің орталығы болып табылады. Бұл аспан астындағы ірі тарихи мұражай. Мен осында бір жыл тұрамын, әлі күнге дейін барлық жерлерін аралап көрген жоқпын. Стамбулда көптеген әлемдік ірі шаралар өтеді. Менде тіпті қала жайында жеке блогым пайда болды, сол жерде мен саяхат пен Стамбулдағы жерлер жайында жазамын.

3.jpg


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Мен Түркияда талай рет болдым. Соған қарамастан, көшіп келгеннен кейінгі бейімделу кезеңі оңай болған жоқ. Менің түрікше сөйлей алуым және бұл мемлекет бізге ұнағанның өзінде бейімделу кезеңі шамамен жарты жылға созылды.

Бізге бейтаныс адамдар әрдайым жеке өмірге қатысты сұрақтар қоятын. Мен Стамбулда пәтер сатып алдым және біздің үйде тәртіпті бақылайтын әкімшілік бар. Алғашқы уақытта маған қайда бара жатқаным жайында, көмек керек пе деген сұрақтар қоятын. Бірақ уақыт өте келе мен бұл түрік халқы үшін үйреншікті жағдай екенін түсіндім. Егер сіз Түркияда тұрып, үйге көшіп келсеңіз, онда сіз сол үйдің, подъездің, көшенің бір бөлігі ретінде болып табыласыз. Сізді бәрі таниды, бір нәрсе керек болған жағдайда, көмектеседі. Дегенмен біздің резиденцида барлығы дамыған, әрі егер сізге ыңғайсыз болса, ешкім мәжбүрлеп қамқорлық көрсетпейді.

Түркияда жергілікті ережелерге үйренбей, түсінбей жүрген шетелдіктерді жиі алдайды. Таксиші немесе дүкендегі сатушы сізді алдап кетуі мүмкін дегенді қабылдап түсіну жағымсыз болды. Бірақ жергілікті тұрғындар мен валютаға үйренген кезде, аталмыш сұрақтар шегеріледі.

4.jpg

Бастапқыда Стамбулдағы өмір хаос ретінде көрінеді, бірақ осында тәртіп бар, тек оған дағдылану керек.


Стамбулдағы өмірдің ерекшеліктері


Маған жергілікті климат ұнайды. Жыл бойы осында тұру ыңғайлы. Жазда салқынды қаласаңыз, елдің солтүстік жағына баруға болады. Және керісінше.

Адамдары да маған ұнады. Мен посткеңестік елдерде, Еуропада, Америкада тұрғанды қаламайтын едім. Түркияда жайдары және мейірімді болып келетін адамдардың кемшіліктеріне қарағанда артықшылықтары көп.

Стамбулда өмір сүру ырғағы мүлдем басқа. Түркияда бәрі баяу, ырғақты, ешкім ешқайда асықпайды. Мен осыған ұзақ үйрендім, себебі Қазақстанда барлығы тез өтеді.

Алғашқыда бізді жергілікті дәстүрлер таң қалдырды. Бірде мен түнгі сағат екіде барабан даңғырынан ояндым. Рамазан айында таңғы ифтарға адамдарды осылай оятады екен. Ай бойы күн сайын, әрбір ауданда дабылшылар жүреді. Ал айдың соңында олар үйлерді аралап, алғыс ретінде тұрғындардан сыйлықтар алады.

2.jpg

Стамбулда мешіттер көп, олар әрбір жерде орналасқан. Олардың өз жұмыстарын қалай бастайтындарын бақылау қызықты болды. Әрбір мешіт азанын өз уақытында бастайды, ол минут бойынша жазылған және жаңғырық сияқты бірінен кейін бірі өте әдемі болып естіледі.

Бізде әйелдер өздерін күтіп, әдемі болып жүретіндеріне үйрендік. Ал осында бәрі керісінше. Түрік әйелеріне қарағанда ер азаматтары өздерін күтуді ұнатады. Ер адамдардың сұлулық саласы көбірек дамыған.

Стамбулда мемлекеттік деңгейдегі экологиялық жобалар көп. Адамдар көшелерде қоқысты жинап, сұрыптаумен айналысып, ақша табады.

Қаланың әрбір ауданында әкімдер бар. Бірде мен Рамазан айы кезінде саябақта серуендеп, стадионның жанынан өтіп бара жатқанда, мені ішіне шақырды. Стадион іші жайылған дастархандар толып тұрды. Осы айда аудан басшысы қалаған адамдарды тегін тамақтандырып жүр екен. Ол келіп, адамдармен сөйлеседі, ал олар оған риза болады.

Үкімет шетелдіктер үшін көптеген тегін курстар ұйымдастырады. Сіз тілдерді оқып, спортпен айналыса аласыз, жаңа нәрселерді үйрене аласыз. Егер сіз жаңадан келіп, достар іздесеңіз, бұл сіз үшін жақсы мүмкіндік.


Жұмыс жайында


Стамбулда жұмыс пен өзін-өзі таныту бойынша мүмкіндіктер көп. Осында мансапты тек офисте құрмай, өздігінен де әрекет етуге болады – суретші немесе өзіңізді саудада жетілдірсеңіз болады.

5.jpg

Мен Алматыда электронды шығындарды дұрыс жинау мен жою бойынша экологиялық жобаны жүргіземін. Мен азаматтардың қоқысты сұрыптау дағдыларын дамыту мақсатымен электронды шығындарға ерекше көңіл аудардым. Қазақстанда менің өкілдерім бар және біз белсенді түрде жұмыс істейміз.

Сонымен қатар көшіп келу, пәтер сатып алу, құжаттарды рәсімдеу тәжірибеммен бөлісе бастаған кезімнен маған басқа да адамдар хабарласа бастады. Мен көмек көрсетіп, кеңес бере аламын, тіпті Стамбулға көшу жайында ойланып жүрген адамдар үшін жылжымайтын мүлікті таңдап бере аламын.

Одан басқа менде екі фотожобам бар: біреуі сириялықтар туралы, ал екіншісі Түркиядағы жойылып бара жатқан мамандықтар жайында.

Жобаларымның барлығы бастапқы қаражатсыз іске асырылды. Мен кәсіпті жүргізудің осындай форматын жөн көремін.

1.jpg

Қала қалай ықпал еткені жайында


Мен көп жыл бойы офисте жұмыс істедім, сол себепті өзімді осындай жүйесіз елестете алмадым. Еурокомиссия немесе БҰҰ-да жұмыс істегенде, жақсы әлеуметтік пакетің болғсын, басқа мәселелер жайында уайымдамайсың. Бірақ Стамбулда барлығына үйреніп, бейімделуге болатынын ұғындым.

Ірі мекемелерде жұмыс істегенде, өзіңді бір жаһандық нәрсеге тиесілі екеніңді сезінесің. Бұл ынталандырады. Ал өз бетіңмен жұмыс істегенде, өзіңнің бойында жаңа қабілеттерді байқайсың. Мысалы, бір жыл ішінде мен өзім үшін риэлтор деген жаңа мамандықты аштым.

Маған жазу, блогымды жүргізу ұнайды. Мен бұрыңғыдай өзіңнің ұйымың жұмыс істейтін салада ғана емес, жан-жақты дамып жетіле бастадым. Мен үшін бұл маңызды. Мен көптеген нәрселерге қабілетті екенімді, мәселелерді өзім шеше алатынымды түсіндім. Ең бастысы – сабырлық пен барлық нәрселерге дұрыс көзқараспен қарау.

Көшу маған жақсы ықпал етті. Мен одан сайын мықты, өз-өзіме сенімді бола бастадым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.