facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
stambulda-y-aza-tar-aygerina-devedzhel-t-r-k-yelder-k-b-nese-zh-mys-stemey-y-sharuashyly-yna-zha-yn-bolatyndary-zhayynda
logo
Стамбулдағы қазақтар. Айгерина Деведжель түрік әйелдері көбінесе жұмыс істемей, үй шаруашылығына жақын болатындары жайында

28.12.2018

Стамбулдағы қазақтар. Айгерина Деведжель түрік әйелдері көбінесе жұмыс істемей, үй шаруашылығына жақын болатындары жайында

Айгерина Деведжель, 31 жаста, туған қаласы — Степногорск, жеке стилист-шоппер

28753586_342859592875880_7922609296834035712_n.jpg


Астана — Стамбул


Мен Стамбулға 2012 жылы көшіп келдім. Осында тұрып жатқаныма 7 жыл болды.

Оған дейін мен Астанада тұрдым, сол кезде болашақ күйеуіммен таныстым. Ол Қазақстандағы түрік компаниясында жұмыс істеді. Келісімшарты аяқталған кезде, оған Түркияға оралу қажет болды. Сол себепті ол маған тұрмысқа шығу ұсынысын жасады. Біз тойды өткізіп, келесі күні көшіп кеттік.

Оған дейін мен Стамбулда болған жоқпын, менде Түркия жайында белгілі таптаурындар болды. Бірақ маған әртүрлі елдерді, мәдениеттерді, тілдерді танып білу қызықты болды, сол себепті осындай қадам жасау қиынға соққан жоқ.



Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Біз келгенне бастап Стамбулда бір аптадан кейін болатын екінші тойға бірден дайындала бастадық.Сол себепті алғашқы кезде менің қала аралап, оны танып білуге мүмкіндігім болған жоқ. Қаламен танысуды тойдан кейін бастадым.

1.jpg

Алғашқы уақытта мен Стамбулды түсінбейтінмін. Оның қаншалықты үлкен және әртүрлі екенін ұғынбайтынммын. Бір жыл шамасында күйеуім мені үнемі әртүрлі аудандарды аралататын, жаңа жерлерді көрсететін. Қаланы жарты жалдан кейін ғана түсіне бастадым.

Болған қиындықтар түрік тілімен байланысты еді. Көшіп келудің алдында мен бір айлық тілдік курстан өттім, менің түрік тілін білу деңгейім аса жоғары болған емес. Мен түрік тілін үйрену үшін осындағы курстарға бардым, жарты жылдан кейін біраз нәрселерді түсіндіріп, ұғына бастадым.

Қалған нәрселер қиындық тудырған жоқ. Мен қалаға үйрене бастап, жергілікті көлік жүйесіне де тез дағдыландым.



Жұмыс жайында


Бірінші жылы мен түрік тілін үйрену курстарынан өттім, ал бір жылдан соң жұмысқа шықтым. Мен түрік өнімдерін сертификаттау саласы бойынша халықаралық байланыстар бөлімінде жұмыс таптым.Мен қатынас қағаздары, аудармалар сияқты делдалдық міндеттерді атқардым. Бірінші жұмысты табу қиынға соққан жоқ, мен оны үш ай уақытында таптым. Мен үшін жұмысқа ресми түрде орналасу маңызды болды.

32006537_210545473085832_7418210674054004736_n.jpg

Маған адамдармен жұмыс істеген ұнайды, оған қоса мен туризм саласында істедім, сонда маған эстетика, әдемі адамдар, табиғат көріністері ұнайтын. Декрет демалысында болған кезде, мен стилист болуды шештім. Мен жарты жыл кәсіби курстардан өттім, жарты жыл италиялық сән және стиль мектебінде стилист-шоппер кәсібін игердім. Қазірде сертификатталған стилист ретінде Стамбулда шопингтар өткіземін.

Клиенттерімнің 70 % ТМД елдерінен келетін қыздар. Олар осында демалуға келеді, және де біз сапалы шопинг өткіземіз. Маған сахатшылармен жұмыс істеген ұнайды, жергілікті орыс тілді қыздар да маған келіп тұрады.



Стамбулдаға өмір жайында


Стамбулдағы өмір Астанадағы өмірден ерекшеленеді. Астана – елорда. Ол жерде шенеуніктер көп, барлығы қала деңгейіне сай болуға талпынады – жақсы киініп, жақсы жерлерге барады. Осында бұндай нәрселерге қарапайым көзқараспен қарайды. Адамдар киімге, жабдыққа европаша қарапайым қарайды.

Мында климат басқа. Менің байқағаным – қыста балаларды далаға шығармайды. Олар суықта серуендеу зиян деп ойлайды. Бірақ Стамбулда қыс жылы болып келеді. Мен үшін бұл ерсі көрінеді, себебі мен астаналық суықтарға үйреніп қалғанмын, сынап бағанасы +5 болғанда, мен үшін жылы.

4.jpg

Түріктер өздерінің тағамдарын қатты жақсы көреді, осында басқа тағам түрлерін табу қиынға соғады. Мен түрік тағамын жақсы көремін, бірақ кейбір кезде басқа нәрсені қалайсың. Интернационалдық тағамдар бар жерлерді тек қала орталығында немесе сауда орталықтарында кездестіруге болады. Астанада болса, тағамның алуан түрлерін кездестіруге болатын жерлер көп.

Стамбул жаныма жақын болып кетті деп айта аламын. Мен осы қаланы жақсы көремін, әрі жаңа нәрселерді ашуға жалықпаймын. Маған Босформен байланысты жерлердің барлығы ұнайды. Қаланың азиялық бөлігін ұнатамын, сол жерде көп уақыт өткіземін.

Көптеген бұл кереғар қала деп айтады, және сол кереғарлық барлық жерде: адамдардың өмір сүру салтында, ділі мен дінінде орын алады. Қазақстандағы адамдардың басым бөлігі мектеп біліміне ие. Әрі жартысы жоғары оқу орындарын бітірді. Ал Түркияда оқи алмайтын адамдар да бар, әрі үздік оқу орындарын бітірген, бірнеше жоғары білімге ие адамдар дар бар.

37250603_854671198060729_4116134091974246400_n.jpg

Түрік әйелдерін қазақ әйелдерімен салыстырғанда, олар үй шаруашылығына жақынырақ келеді. Егер жұмыс пен үй арасында таңдау тұрса, олардың қандай таңдау жасайтындары мәлім. Осында көптеген әйелдер жұмыс істемейді. Әсіресе, балалары бар әйелдер. Оларды нақты бөліну бар: әйел – үй шаруасының қамын ойлайды, ер адам – асыраушы.

Түріктер басқа әртүрлі ұлттарға ашық болып келеді, барлығымен жақсы тіл табысады, арқашан көмек көрсетуге дайын. Осында адамдардың көздерінше ұрысып, жанжалдаспайды.

Түріктер балаларды өте жақсы көреді. Көптеген ресторандарда балаларға арналған бөлмелер бар, өткен-кеткендер олармен ойнайды.

Сонымен қатар мағанжергілікті қызмет көрсету ұнайды. Осында оған айрықша назар аударады.



Қала қандай нәрселерге үйретті


2.jpg

Біз ТМД елдерінен шыққан азаматтар ретінде турашылмыз. Егер бізге бірдеңе ұнамаса, біз оны бетке айта аламыз. Осы қасиетке байланысты мен адамдар мен жағдайларға сабырлықпен қарай бастаған сияқтымын.

Мен адамдарды олардың сырт келбеттеріне қарап, сынауды қойдым, адамның қарым-қатынасқа қалай түсетініне назар аударамын. Маған осында адамдарды киіміне қарай бағаламайтындары ұнайды.

Мен, көрікті жерлер, теңіздер, таулар – табиғатты жақсы көріп, бағалай бастадым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі