Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/972/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/ztqp36x35kxap12knjgk3qdevnzp07ty.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Спорттық гимнастикадан ӘЧ: Қазақстан 26 жылдан соң медаль алды
8430

09.10.2023

Спорттық гимнастикадан ӘЧ: Қазақстан 26 жылдан соң медаль алды

Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Дүбірлі додада Милад Карими еркін жаттығудың финалында 14.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Алтын Артем Долгопяттың, күміс Казуки Минамидың еншісіне бұйырды.

Қазақстандық гимнастшылар 1997 жылдан бері әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізіп көрмеген еді. Сол жылы Сергей Федорченко Швейцарияның Лозанна қаласында бағанадан секіруден чемпион атанған болатын.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Меню

Істер

Қала 24

Шолу