Біз Астана, Бішкек, Ташкент қалаларынан скейтборд, скутер және BMX тебетін жасөспірімдермен кездесіп, скейтбордингтің олардың өмір салтына қалай әсер ететінін және пікірлес адамдарды табуға көмектесетінін білдік.
Альфируз Эшматов, 18 жаста, қаласы — Астана, @syygyr
Өзі туралы
Мен Астана қаласында туып-өстім. Биыл 11 сыныпты бітірдім. Бос уақытымда кітап оқимын, музыка тыңдаймын.
Скейтбордингке қызығушылығы жайында
Мен тоғыз жасымда әкемнен скейтборд сатып алуын өтіндім. Сыйлығымды алған бойда бірден скейтпаркке бардым. Онда мен хоббиіміз ұқсас көптеген балаларды кездестірдім. Күндіз-түні скейтборд тебетінбіз. Бұл менің сүйікті ісім екенін бірден түсіндім.
Бұл спорт тек жастар арасында ғана танымал емес. Бұл — көпшілік үшін өмір салтына айналған тұтас мәдениет. Сіз қанша жаста болсаңыз да, қай қалада болсаңыз да, скейтерлер бір-бірімен әрқашан ортақ тіл табады.
Скейтбординг маған әлемді аралап, саяхаттауға, қызықты адамдармен танысуға мүмкіндік береді. Мен скейт тебуді бастағаннан менің ортам 180 градусқа өзгерді. Мен жақын достарыммен скейт тебуге жиі шығып тұрамын. Бірге жиналып, спортпен айналысамыз.
Кім шабыттандырады
Мен Луи Лопестен шабыт аламын. Маған оның креативтілігі, қызықты трюктері, тебу стилі мен түсірілімдегі дағдылары ұнайды.
Даниэль Ажиназаров, 14 жаста, қаласы — Бішкек, @jaguar4ik_
Өзі туралы
Мен Бішкекте тудым, тұрамын. Бір жарым жыл бойы хоббиім — трюкті самокат және скейтборд.
Скейтбордингке қызығушылығы жайында
Осы экстремалды спортқа досымның арқасында келдім. Бірде ол маған өзінің самокатын екі аптаға берді, сөйтіп осы хобби мені қызықтырды. Сондықтан ата-анам маған самокат алып берді.
Менің хоббиім маған рахат әкеледі, еркіндік сезімін сыйлайды және бақыт гормонын арттырады. Соның арқасында көптеген достар мен таныстар таптым. Мен өз қаламды жақсырақ тани бастадым.
Скейтбординг, самокаттар және BMX Бішкекте соншалықты танымал емес. 50-ге жуық самокатер мен BMX, 100-ге жуық скейтер бар.Сонымен қатар қалада скейтшоптар мен самокат және BMX сататын дүкендер, сондай-ақ үш скейтпарк бар.
Кім шабыттандырады
Мен өзімді шабыттандырамын, күн сайын бұрынғыдан жақсырақ болуға тырысамын, жаңа қозғалыстар үйренемін. Трюктер бойынша оқытатын бейнероликтер жасайтын контентмейкерлер бар. Бұл — жаңа білімімнің негізгі көзі. Бізде де барлық пәндер бойынша жарыстар мен байқаулар жиі өтіп тұрады.
Навфаль Хафраев, 16 жаста, қаласы — Ташкент, @__karnage._
Өзі туралы
Мен Ташкент қаласында тұрамын. № 145 мектепте оқимын. Бос уақытымда BMX тебемін, трюктер жасаймын және видео түсіремін.
Скейтбордингке қызығушылығы жайында
YouTube платформасында мен әртүрлі райдерлердің видеоларын көретінмін, сөйтіп оны өзімнің сынап көру қызықты болды. Мұндай хобби, әсіресе жаңа трюкті үйрену және меңгеру кезінде жаңа эмоциялар мен жарқын сезімдер сыйлайды. BMX-мен айналыса отырып, мен жаңа достар тауып, әлеуметтік ортамды кеңейтіп жүрмін. Маған жарнамалық ұсыныстар да түседі.
Бұл спорт Өзбекстанда футбол немесе жекпе-жек сияқты жастар арасында кең таралған емес. Бірақ әдеттен тыс нәрсе жасағысы келетін және BMX таңдайтындар да бар.
Ташкенттегі скейтерлер, самокатерлер және BMX-шілер «Көгілдір күмбез» мейрамханасының жанындағы скейтпаркке жиі жиналып тұрады.
Кім шабыттандырады
Мені басқа елдер мен қалалардың әртүрлі спортшылары шабыттандырады, мысалы:
— Boyd Hilder
— Brox Raiford
— Felix Prangenberg.