facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
s-zd-balanyzdy-a-ylshyn-t-l-ne-yretet-n-astanany-al-ash-futbol-mekteb
logo
Сіздің баланызды ағылшын тіліне үйрететін Астананың алғаш футбол мектебі

29.10.2017

Сіздің баланызды ағылшын тіліне үйрететін Астананың алғаш футбол мектебі

Айдар Батырхан, 28 жас, туған қаласы – Алматы, UEFA сертификатталған жаттықтырушысы, Arda Football негізін салушы



Идея туралы



Мен балалық шағымнан бастап футбол ойнадым, қалалық жарыстарға қатыстым. Корпоративтік саладағы ұзақ жұмысымнан кейін, мен бірдене жаңа, қоғамдық жобаға ұқсас бірдене құруға шештім. Қоғамға пайдалы болғым келеді, сондықтан мен қандай қасиеттеріме ие болғаным жайлы ойластырдым:менің құмарлығым мен хоббиім – футбол,сонымен қоса ағылшын тілін өте қатты жақсы көремін. Осылай мен балаларды ағылшын тілінде футбол үйрету ойына келдім. Содан соң мен бұл тақырыпты зерттей бастадым,яғни, адамның миы қалай жасалған және ол физикалық белсенділік кезінде ақпаратты қалай қабылдайды. Бұдан бөлек,менің өзімде ұлым бар. Және ұлымды ағылшын тілінде сөйлейтін спорттық бала ретінде тәрбиелегім келеді.


2017-10-25 12.01.12 1.jpg



Мектеп туралы



Физикалық белсенділік кезінде адам миы ақпарат қабылдауға ашық екені ғалымдармен дәлелденген.Футбол – бұл эмоциялық өркендеу, және сол кезде кез-келген ақпарат жеңіл қабылданады. Және мен ойладым,егер осының бәрін қолдансақ, күшті болар еді. Оған қоса, қазіргі заманның балалары бір орында ұзақ отыра алмайды, оларға белсенді әрекеттер қажет. Қазір балалар ақылды,және ең бастысы,олардың белсенділігін және ақылдылығын дұрыс бағытта қолдану. Бала жүгіреді,ойнайды және қатарласып шетел тілін естиді. Бірнеше күн өткен соң ол сол тілді түсіне бастайды,себебі балалар тез үйренеді.Осылайша,олар өзінің сөздік қорын арттыра бастайды.


Бізге келген балалармен біз ағылшын тілінде табалдырықтан бастап сөйлейміз:олардың қалдары қалай, мектепте күн қалай өтті


Бізге келген балалармен біз ағылшын тілінде табалдырықтан бастап сөйлейміз:олардың қалдары қалай, мектепте күн қалай өтті. Оқыту барысында біз олармен тек ағылшын тілінде сөйлейміз, олар қалағанына немесе қаламағанына қарамастан, уақыт өте ағылшын тілін түсіне бастайды. Бұл Англияда болып қалу сияқты – осы жерде сенімен ешкім орысша сөйлемейді, сен өз бетінмен үйреніп,қабылдауға мәжбүр боласын.


2017-10-25 12.01.21 1.jpg


Мен мектебімнің негізін салушы болуыммен қатар жаттықтырушымын. Қазір біз тобымызға Оксфордты бітіріп, ұлттық компанияларда жұмыс істеген адамды аламыз. Ол да корпоративтік әлемді қалдырды,біз кездерде спорттық түсініктемеші болып,осы салада дамуға армандайтын. Бұдан бөлек, ол ағылшын тілін тамаша біледі және үйінде балаларымен тек ағылшын тілінде сөйлейді. Ол бұл идеямен қызығып қалды да,екінші жаттықтырушы болуға келісті. Болашақта біз жаттықтырушыларды жұмысқа алып, өз бетімен оларды біздің әдістемемізге үйретеміз, себебі осындай форматты оқытудың қажеттілігі өте жоғары.


Әр сабақ бөлек жоспарланады. Жаңа сөздер тандалып алынады, бұл сөздерге сәйкес жаттығулар жоспарланады, және сол жаттығулар сабақтан сабаққа жаңартылады. Баланыз бір айдың ішінде сөйлегенде белсенді қолдана алатын кем дегенде 50 сөзге үйренетініне біз кепілдік береміз. Сабақтарда баланыз сабақ барысында үйренуге міндетті негізгі сөздер жазылатын тақта ілініп тұрады. Әр сабақтын аяқталғанынан кейін біз әр балаға футболшы Күнделігін береміз, соның ішінде жаңа сөздердің негізінде құрылған үй жұмысы болады. Мысалы, кез-келген бір футболшы жайлы шығарма жазу. Және ағылшын тілінде ең көп сөйлеген және өзін жақсы көрсеткен балаларға жұлдыздар беріледі. Сабақтың 10% уақыты – бұл денені ширатып шынықтыру, 40 минут – ойын, ал қалған уақытта футбол туралы әңгімелер мен оқиғаларды талқылаймыз. Топта бала саны 20-дан аспайды. Олар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарсы ойнайды. Және үй жұмысын орындамаған топ,жеңіліп қалады,себебі олар үй жұмысында жазылған сөздерге үйренбеген және жаттықтырушы пәрменін түсінбейді.


2017-10-25 12.01.26 1.jpg


Бізге келген балалармен біз ағылшын тілінде табалдырықтан бастап сөйлейміз:олардың қалдары қалай, мектепте күн қалай өтті.


Сабақ аптасына екі рет өтеді – дүйсенбі мен сәрсенбі күні бір сағаттан. Сабақ 1 қазан күні басталады. Қазіргі кезде қабылдау жүргізіледі. Бағасы – айына 20 000 теңге.



Жоспарлар жайлы




2017-10-25 12.01.28 1.jpg


Біз белсенді жарнама жасамадық. Біз Facebook-ке біздің идеямыз жайлы бірнеше пост жазғаннан кейін,күшті кері байланыс алдық. Ата-аналар белсенді түрде бізге қоңырау шалып, балаларын мектебімізге жазады. Осының арқасында, біздің идеямыз шыңымен тамаша екенін түсіндік. Бұдан бөлек, осы ісімде мені футбол Федерациясы қолдады.


Әр ата-ана өз баласын қандай да бір үйірмеге бергенде, масштабты жоспарларды көргісі келеді. Егер бала өзін жақсы көрсетіп, бүкіл қажетті икемдеріне үйренсе, оның үздік клубтарда ойнауға мүмкіндігі бола ма? Бізде балалар қарқынды жаттығуларға,икемдерге, спорттық рухқа, мінезге ие болады сонымен қоса ағылшын тіліне үйренеді.Жақсы нәтижелер көрсетіп, біздің оқушыларымыз чемпионаттарға қатыса алады және спорттың анағұрлым жоғары деңгейлерінде өздерін көрсете алады.


Жақсы нәтижелер көрсетіп, біздің оқушыларымыз чемпионаттарға қатыса алады және спорттың анағұрлым жоғары деңгейлерінде өздерін көрсете алады


Келешекте мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлек топ құрылады,жеңілдіктер еңгізіледі. Мысалы,егер ана баласын жалғыз тәрбиелесе.


Сұраныс үлкен болған себептен, 2018 жылы біз осындай үйірмені Алматы мен Шымкент қалаларында ашуға жоспарлаймыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Балаларға спортты сүюге көмектесетін 10 кеңес
Балаларға спортты сүюге көмектесетін 10 кеңес
Суық мезгілдерде жүгіру үшін не керек. Салтанат Қазыбаеваның ұсыныстары
Суық мезгілдерде жүгіру үшін не керек. Салтанат Қазыбаеваның ұсыныстары
Марафонға қатысуға шабыттандыратын 7 фильм
Марафонға қатысуға шабыттандыратын 7 фильм
Белсенді демалыс: теңіздегі демалыс пен спортты қалай біріктіру және артық салмақ қоспау туралы
Белсенді демалыс: теңіздегі демалыс пен спортты қалай біріктіру және артық салмақ қоспау туралы
2023 жылғы Қазақстанның ең жарқын спорттық оқиғалары
2023 жылғы Қазақстанның ең жарқын спорттық оқиғалары