Нұржан Алгашов, @travelblog.kz
Қазақстандық саяхатшы өз блогында болған елдері жайлы жазады. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің ерекшеліктерін, қайда тоқтауға болатынын баспананы жалға алу кезінде неге көңіл бөлуге керектігі жайлы оқуға болады. Еліміздің басты көрікті жерлерін бірнеше күн ішінде қалай көруге болатыны жайлы ойларымен бөліседі.
Аза Акматов, @azaakmatov26
Қырғызстандық блогер елдің ең әдемі жерлерін көрсетіп, саяхаттардағы оқиғаларды және белсенді өмір салтын қалай жүргізу керектігін жазады. Тау шыңдарын бағындырады және лайфхактармен бөліседі.
Медер Мырзаев, @meder.myrzaev
YouTube арнасына влог түсіреді және Instagram-да аккаунт жүргізеді. Медер тауға жиі барады, бұл туралы оқырмандарымен әрдайым бөліседі. Ішкі туризмнің артықшылықтарв мен ең әдемі пейзаждармен бөліседі.
Сапарғали Рахатов, @sapar.wow
Фотограф және блогер туған жерінде белсенді демалысқа арналған турлар ұйымдастырады. Әдемі суреттерді жариялайды, көрікті жерлерге қалай жетуге болатыны жайлы жазады.
Алимбек Ұлан, @alimbek_ulan
«Қазақстан туризмінің үздік аккаунты 2018» сыйлығына ие болған блог. Өзін өз елінің басты туристі деп санайды: тауларға белсенді барады, табиғат сұлулығын көрсете отырып, Қазақстан бойынша саяхаттайды.
Тимур, @i.k.timur
Қырғызстандық видеограф елдің табиғатын көрсетеді — таулар, шатқалдар мен көлдерді. Instagram-да тег бойынша ыңғайлы навигация бар, YouTube-та автостоппен саяхат кезіндегі қызықты оқиғаларымен бөліседі.
Дарья Сиротина, @darsik
Өзбекстан бойынша авторлық саяхаттары бар блогер ел тұрғындарының мәдениетін, көрікті жерлерін және тұрмысын көрсетеді. #в_узбекистан_за_счастьем тегі арқылы Өзбекстандағы орындар туралы көбірек пост табуға болады.
Клавдия, @klavdinka_malinka
Instagram-да Өзбекстанның барлық сұлулығын көрсететін саяхатшы. Ең әдемі жерлердің әсем суреттерін жариялайды, бірнеше тілде блог жүргізеді.
Людовико Алкорта, @journeywithoutend
Фотограф және видеограф Instagram және YouTube-ғы өз аккаунттары арқылы Орта Азия бойынша саяхаттағы фотосуреттерін жариялайды. Аккаунттың хайлайтахында ол болған елдерді көруге болады. Әрбір постта саяхат және көрнекті орындардың тарихымен бөліседі.