facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
singapurda-y-aza-tar-danaya-orazay-millionerlerd-alay-t-ryp-zhat-any-zh-ne-nel-kten-a-shany-ba-alay-basta-any-turaly
logo
Сингапурдағы қазақтар. Даная Оразай миллионерлердің қалай тұрып жатқаны және неліктен ақшаны бағалай бастағаны туралы

12.10.2018

Сингапурдағы қазақтар. Даная Оразай миллионерлердің қалай тұрып жатқаны және неліктен ақшаны бағалай бастағаны туралы

Даная Оразай, 27 жаста, туған жері — Тараз, стилист-имиджмейкер


Алматы — Сингапур

Сингапурға көшкенге дейін Алматыда жұмыс істеп, өмір сүрдім. Күйеуім осында төрт жыл жұмыс істеп, тұрып жатқандықтан көшіп келуге бел будым. Үйленген кезде онымен бірге көштім, енді Сингапурда екінші жыл тұрып жатырмын.


Қиындықтар мен ең бірінші әсерлер туралы

WhatsApp Image 2018-09-30 at 22.32.49.jpeg

Көшкенге дейін ешқашан Сингапурда болған емеспін, ұшақтан түскен кезде таңғалдырған нәрсе қатты қапырық. Адамдар мұндай жағдайда қалай өмір сүретіндерін түсінбеймін. Мұнда жыл бойы ауа температурасы 30 градустан түспейді, ал ылғалдылық 70-80%.
Бастапқы кезде қиын болды. Таныстарым, достарым жоқ қалаға бара жаттым. Мұнда тұратын қазақтардың ешқайсысын білмедім. Бірақ жарты жылдан кейін түрлі қызықты адамдармен таныстым. Негізінен ол жапондықтар, кәрістер және тайландтықтар.

Тілдік кедергі де болды, себебі бұл жерде барлығы ағылшынша сөйлейді және ол біз Қазақстанда оқитын ағылшыннан ерекшеленеді. Тілдік тәжірибем аз болды, адамдарды түсіну қиынға соқты. Алайда курстарға жазылып, бұл проблема уақыт өте келе шешілді. Осылайша ырғақты Сингапурлік өмірге дағдыланып кеттім.


Сингапурдағы өмір туралы

Бұл мемлекеттегі өмір артықшылықтарын көптеп айтуға болады. Мені қаланың мінсіз тазалығы таңғалдырды. Жергілікті адамдар қаланы ластамайды, тазалықты сақтап тұрады.

WhatsApp Image 2018-09-30 at 22.32.50.jpeg

Бұл жердің сәудеті де ғажап. Іс жүзінде Сингапур су үстінде бірнеше онжылдық ішінде салынды, бұл таңғалдырарлық.

Сингапурда өзіндік тағам және шопинг мәдениеті бар. Мұнда сауда орталықтары өте көп, өйткені күндіз қалада ыстық. Ал сауда үйлерінде әрқашан тамақ пен дүкендер көп. Бұған қарамастан Сингапурда бренд люкс киімдері Еуропаға қарағанда қымбаттырақ.

Егер тамақ жайлы айтатын болсақ, мұнда Үндістан, Қытай және Малайзия мәдениеттері бір арнаға тоғысқан. Барлығы көп мөлшерде дәмдеуіштер қосылған, қуырылған тамақты ұнатады және мүлдем ет жемейді. Алғашқы кезде тіпті кәдімгі нанды да таба алмадым. Бірақ бір жылдан кейін үйреніп кеттім, Сингупар — қымбат қала және бар нәрсеге қанағат етуге тура келді.

Сингапурлық адамдар үйде тамақ дайындамайды. Жұмыстан кейін адамдар көшеде тамақ ішетін жерлерге барады. Тамақ ол жерде адам басына шамамен 1000 теңгеден шығады. Адамдар отбасыларымен, көршілерімен жиналып, кешкі ас ішеді, кейін үйлеріне қайтады. Біз де бұған үйрендік, кешке қарай кешкі ас ішеміз, осылайша тамаққа ақша аздау жұмсаймыз.

WhatsApp Image 2018-09-30 at 22.32.51.jpeg

Өмір сүру мұнда қымбат, бірақ жалақы мөлшері де жоғары. Мәселен, сатушылар орта есеппен 500 000 теңге табады, ал орташа жұмысшы 4000 — 5000 $ табады. Бір бөлмелі пәтерді жалға алудың орташа бағасы 1700 $ теңге, коммуналдық қызметтерге 200 $ кетеді. Ал азық-түлікке айына 800 $ шығады.

Жергілікті адамдар үшін Сингапурда көптеген жеңілдіктер бар.

Мәселен, шетелдіктер мектепте бір ай оқуға 3000 $, ал жергілікті адамдар 1000 $ төлейді. Егер Сингапур азаматы болып, өз үйің болса, онда жалақыға еркін өмір сүруге болады. Ал шетелдіктер үшін бұл қиынырақ.

Мұнда адамдар өз аумақтарында, жеке үйлерде тұратын аймақтар бар. Кәдімгі бір бөлмелі пәтер Сингапурда шамамен 600 000 $ тұрады. Ал егер адамның өз жері болса, оны миллионер деп санауға болады. Өйткені жер көлемі мұнда 1 000 000 $ басталады. Бұған қарамастан егер миллионерді адам арасынан көрсеңіз, оны тіпті байқай да алмайсыз.


Адамдар туралы

Адамдар мұнда сыпайы, ешқайда асықпайды. Қазақстанның өмір ритмі басқаша, мәселен, Алматыдағы адамдар әрдайым күйзеліске шалдығады — кептеліс, кешігу. Ал Сингапурда адамдар көңіл-күйлерін қадағалайды және оны жұмыс мәселелерімен араластырмайды. Бастапқы кезде неліктен таныс емес адамдар маған далада күлімдейтінін түсінбейтінмін, мұның сырын іздейтінмін, бірақ кейін бұл жай ғана сыйластық екенін түсіндім. Мен де осы ритмге үйлесіп, өмір сүре бастадым.

WhatsApp Image 2018-09-30 at 19.52.45.jpeg

Жергілікті адамдар әрдайым бірінші орынға отбасыларын қояды, жұптарымен, балаларымен жиі серуендейді, оларға көп көңіл бөледі. Сингапурда бұл үшін барлық жағдай бар екенін түсінемін. Мұнда жыл бойы жылы, жақын жерде теңіз орналасқан, мемлекет тұрғындарға жақсы жағдай жасайды. Сол себепті олар осындай өмір салтын жүргізе алады. Осы жағынан маған қала ұнайды. Ол тыныш әрі мейірімді.
Қандай жағдай жасалмасын бәрібір өз адамдарыңды, қазақтарыңды сағынасың. Жақында жергілікті қазақтармен араласа бастадым. Бір-бірімізге қонаққа барып, қонақжайлылықтың жетіспеушілігін өтейміз. Шамамен 30 қазақстандықпен таныспын. Және, әрине, мұнда
студенттер өте көп.

Сингапурда Қазақстанды білетін адамдар аз екені қызық. Жергілікті адамдарға көп уақыт бойы Қазақстанның Ресейден, Ауғанстаннан, тіпті Пәкістаннан айырмашылығын түсіндірдім. Бір ретте менен ала құланның дәмі қандай деп сұрады. Олар біздің көркем жерлердің көптігіне, аумағымыздың кеңдігіне таңғалады. Сондықтан сингапурлық достарыма Алматы мен Астананы көрсеткім келеді.


Жұмыс туралы

Бірінші рет келген кезде күйеуім бірден іссапарға кетті. Бір ай бойы үйде отырдым, өйткені далаға шығып, адасып қалам деп қорықтым. Үйде отырған кезде бала кезімнен сәнмен айналысуды қалайтынымды есіме түсірдім, бірақ жағдайларға байланысты басқа салаға кетіп қалдым. Сол себепті бос уақытым көп кезде раxат әкелетін сүйікті ісіммен айналыса алатынымды шештім.

WhatsApp Image 2018-09-30 at 22.32.50 (1).jpeg

Ресейде орналасқан онлайн-мектепті тауып, ол жерде төрт ай бойы оқыдым, дипломдық жұмысымды да дайындадым.
Сингапурда адамдар әдемі киінуге тырыспайтынын байқадым. Бір жағынан бұл ауа райына да байланысты, өйткені егер боянып, әдемі киінсең, далаға шыққан кезде ол өз мағынасын жоғалтып алады. Адамдар негізінен қысқа жейде, шолақ шалбар киеді, мен оларды түсінемін.

Сингапур ірі қала екеніне қарамастан, сән саласы енді дамып жатыр. Сұлулық индустриясы да дамымаған. Сол себепті көбінесе қазақтармен және орыс тілінде сөйлейтін отандастарыммен жұмыс жасаймын. Сондай-ақ, кәрістермен де жұмыс істеймін, өйткені олар сәнді киінгенді ұнатады.


Қала не үйреткені туралы

Бұл қала өзімді еркін сезінуді үйретті, байсалды болдым, тіпті түнгі үште далада жалғыз серуендеуге де қорықпаймын. Мұнда адамдардың қолайлылығы мен қауіпсіздігі бірінші орында. Заңдары қатал және адамдар оларға бағынады.

Сонымен қатар, ақшаны бағалауды үйрендім. Мұндай қалада өмір сүргенде ақшаны санап, үнемдей бастайсың.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.