facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shymkentt-kter-milliondy-ala-d-rezhes-n-m-n-zhayynda-biznest-damuy-zh-ne-turist-k-tartymdyly
logo
Шымкенттіктер миллионды қала дәрежесінің мәні жайында: бизнестің дамуы және туристік тартымдылық

26.06.2019

Шымкенттіктер миллионды қала дәрежесінің мәні жайында: бизнестің дамуы және туристік тартымдылық

Камилла Шайхлисламова, 21 жаста, туған қаласы — Шымкент, студент


Шымкенттіктер бұны бұрыннан бері күтті. Менің ойымша, қаланың дәрежесі имиджге де, мүмкіндіктерге де жақсы әсер етеді. Қаланың арқасында бүкіл оңтүстік және жақын аймақтар дамиды. Шымкенттің туристік тартымдылығын дамыту мүмкіндіктері артып жатыр – қаланың жанында су қоймалары, демалыс аймақтары және тарихи жерлер көп. Бұрын оңтүстіктің тұрғындары Қазақстанның орталығында және Алматыда жұмыс іздесе, қазіргі кезде осында жұмыс орындары пайда болып жатыр.


Жастар


Жастар қаладағы мүмкіндіктерді көре бастады, жаппай кетуді қойды. Енді осында жақсы пәтер сатып алып, мансап құруға болады.


Білім


Білім берудің сапасы мен дәрежесі өзгеріп жатыр деп ойлаймын. Қалада әрдайым олимпиадалар, байқаулар өтеді, Шымкенттің оқушылары шетелдегі іс-шараларда жүлдегер атанады. Демек қаланың мектептерінде жақсы білім беріледі. Ата-аналар балаларын ағылшын тілі мен бағдарламалауды оқытатын жекеменшік мектептерге беруге тырысады.

7E049796-0808-4C65-A15C-6D18AC98FD00.jpeg


Жаңа танысулар


Қаланың мәртебесі өзгергеннен кейін, адамдардың саны ұлғая бастады – бұл қызықты және пайдалы танысуларға ұласты. Қалада танысып, келешекке қажетті байланыстар орнату оңай болып жатыр. Бұрын адамдар осы аймаққа жоламай жүрсе, қазірде Шымкент адамдарды өзіне тарта бастады.

Қаланың мәртебесі өзгергеннен кейін, адамдардың саны ұлғая бастады – бұл қызықты және пайдалы танысуларға ұласты



Бос уақыт


Бос уақытты өткізудің алуан түрлі мүмкіндіктері пайда болып жатыр. Сауда ойын-сауық орталықтарында қызықты нәрселер көбейіп, жаңа мейрамханалар мен барлар, далада тамақтану орындары пайда болды. Мәдениет те белсенді түрде дамып жатыр – көрмелер мен театрлық қойылымдар көбейді. Әрдайым жаңа орындар ашылып жатады. Бұл қуантады, себебі баратын жерлер көбеюде.


Айдос Керімбеков, 35 жаста, туған қаласы — Шымкент, кәсіпкер


Енді Шымкентте жеке кәсіпті ашып, бизнесті дамыту мүмкіндігі бар. Барлық іскер адамдар бизнестерін осында жүргізу үшін, Астана мен Алматыдан туған жеріне қайтып жатыр. Кейбір адамдардың жалақылары көпке болмаса да өсті. Дегенмен біраз өзгерістер орын алып жатыр. Ірі қалаларда әрқашан көбірек ақша табады. Бірақ соңынан баспана, азық-түліктер мен оқудың құны да өседі.


Жұмыс орындары


Үлкен компаниялар қаламызға көшіп келуді қалай бастады. Көптеген ұлттық компаниялар осында орталықтарын ашып, қызметкерлерін іс-сапармен жіберіп жатыр. Өңіріміз даму үстінде – бұл қуантарлық жағдай. Жаңа жұмыс орындары пайда болып жатыр.

FAD17A33-99BE-4D2A-9724-D73F592CB6DD.jpeg

Экология мен IT салаларына қатысты көптеген заманауи жобалар Шымкентке көшіп жатыр. Біреулер франшиза сатып алады, кейбіреулер қалаға идеяларын алып келеді. Өмір заманауи ағымда дамып жатыр.


Инфрақұрылым


Қаланың инфрақұрылымы өзгеру үстінде – жаңа мектептер мен балабақшаларды салу жоспары пайда болды. Жолдардың, көлік орындарының жағдайлары қадағаланып жатыр.

Қаланың инфрақұрылымы өзгеру үстінде – жаңа мектептер мен балабақшаларды салу жоспары пайда болды



Саяхат


Бізде көбірек саяхаттау мүмкіндігі болады деген ойдамын. Миллионды қаланың әуежайында халықаралық рейстер көбейеді. Қазірдің өзінде төмен баға бойынша таяудағы елдерге бағытталған рейстер ашылды. Шымкентке де келетін саяхатшылар көбейді.


Менталдылық


Менталдылық та ақырындап өзгеріп жатыр. Түбегейлі өзгеріс болмаса да, адамдар өздерін басқаша сезіне бастады. Барлығы кішкентай қадамдармен іске асып жатыр, оны елемейтіндер де бар. Дегенмен біз жаңа саябақтың немесе жаңа үйлердің салынғаны жайында жаңалықтарды оқыған кезде, риза боламыз. Қаланың өсіп, дамып жатқаны бірден сезіледі. Өмір өзге ырғаққа ие болды, ағымдағы тақырыптың және соңғы оқиғалардың аясында өмір сүрсең, бұны сезуге болады.


Жомарт Нұрсейітов, 27 жаста, туған қаласы — Шымкент, экодүкеннің иесі


Жоғары білім алу мақсатымен үлкен қалаларға алдымен жастар келеді. Биыл Шымкентте шетелдік студенттер көп. Қалада университеттер көп болмаса да, мақтанатын оқу орындар бар. Шымкенттен шыққан студенттердің көбісі «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдегі оқу орындарына түседі, халықаралық жобалар мен стартаптарды қорғап, ұсынады. Жергілікті жастар ақылды және жігерлі болып табылады. Жергілікті халықтың ерекшелігі – барлығы осында қалуды қалайды. Елордаға көшу екпіні азайды.


Жаңа бизнес


Миллионды қалада жеке кәсіпті ашу әлдеқайда оңайырақ. Осында әлеуетті клиенттер көп және нарық бос. Ірі қаладағы кез-келген идеяны Шымкентке оңай әкеліп, жүзеге асыруға болады. Көп заманауи кофеханалар ашылып, IT саласы дамып жатыр.

Миллионды қалада жеке кәсіпті ашу әлдеқайда оңайырақ



Ақылды қала


Ауруханаларда және мектептерде ақылды жүйелер пайда бола бастады. Әртүрлі орындар мен мекемелер одан да көп адамдарды тарту үшін, интернет-дүкендерін ашып жатыр.


Саяхатшылар


Келушілердің арқасында адам саны көбейді және негізінен елорда мен Алматының адамдары келіп жатыр. Қоғам жаңашылдыққа ашық. Шымкенттіктер әрқашан қонақжай болатын, бірақ қазіргі кезде бұл қасиет одан сайын айқындалып жатыр.

B762C716-41E4-43F0-80A1-FE45F62CF58B.jpeg

Біздің өңіріміз әдемі және климаты жақсы. Сонымен қатар жанымызда Өзбекстан орналасқан, сол жақтан жеміс-жидек, көкөністер сияқты сапалы тауарларды алып келуге болады. Қалалық қарбаластан осында келіп, демалуға болады. Шымкенттіктер ресми түрде миллионды қала болғанымен, жергілікті адамдары алматылықтар сияқты емес. Біздің өмірге деген көзқарасымыз ерекше, біз өмір ағымымен жүреміз.

Биыл тауға, табиғатқа жаяу жүретін турлар ашылады. Бұл, әлбетте, қазақстандықтарды ішкі туризмге тартады.


Баспана


Қала кеңейіп жатыр, бізге көрші ауылдар қосылды. Ал ауылдардағы адамдар үлкен қалаға, орталыққа талпынады. Көп заманауи тұрғын үй кешендері салына бастады. Баспаналардың құны көтерілді, демек сұраныс бар. Бұл жылжымайтын мүлікпен айналысатын адамдар үшін жақсы. Бірақ қалаға келіп, баспана іздейтіндер үшін жаман.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.