Шымкент қаласында жайқалған көгалдар мен тамаша көптеген демалыс орындары бар. Плед жайып, дәмді тағаммен таза ауада демалуға болатын бес керемет локацияны ұсынамыз.
«Дендросаябақ», @dendrosayabaq_shymkent
Шымкент тұрғындарының ең сүйікті орындарының бірі — «Дендросаябақ». Табиғат аясында демалуға өте қолайлы бұл кеңістік жасыл желекке бөленіп, таза ауамен тыныстауға мүмкіндік береді.
«Металлургтер саябағы»
Тыныш та жайлы бұл жер жақын адамдарыңызбен серуендеп, демалып, пикник ұйымдастыруға таптырмас орын. Сонымен қатар, әдемі суретке түсуге де өте қолайлы.
«Абай саябағы»
Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының есімімен аталған бұл саябақта асықпай серуендеп, табиғат аясында тынығып, таза ауада пикник жасауға болады.
Орталық саябақ
Таза, жайлы және ерекше атмосферасы бар бұл саябақта пикник жасап, табиғат аясында жақсы уақыт өткізуге болады.
Тәуелсіздік саябағы
Мұнда түрлі гүлзарлар, мол жасыл желек пен ескерткіштерді көруге болады. Отбасымен серуендеуге және ортақ пикник ұйымдастыруға арналған керемет орын.