Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келесі жылғы ҰБТ-да болатын бірқатар өзгерістерді жария етті.
«Биылғы тағы бір жаңалық шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлерге қатысты, енді олар «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаты» пәндерімен қатар «Математикалық сауатты» міндетті пән ретінде тапсырады. «Математикалық сауаттан» тест тапсырмалары өмірде математикалық логика бойынша алған білімін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағғытталған, сондықтан бұл пән барлық тестке тапсырушы үшін міндетті» деп атап өтті министрTelegram парақшасында.
Бейіндік пәндердің комбинациясы бойынша да өзгерістер бар.
Дереккөз: inform.kz