facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/3f2/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/3f29d0e3ad176858dc1462e56d666210.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
shy-armashyly-adamdar-almatyda-bos-ua-ytyn-ayda-tk-zed-kinoprodyuser-rezhisser-zh-ne-balet-rt-s-s-y-kt-zherler-turaly
logo
Шығармашылық адамдар Алматыда бос уақытын қайда өткізеді — кинопродюсер, режиссер және балет әртісі сүйікті жерлері туралы

03.02.2023

Шығармашылық адамдар Алматыда бос уақытын қайда өткізеді — кинопродюсер, режиссер және балет әртісі сүйікті жерлері туралы

«Город24» медиасы аясында біз Орталық Азия қалаларының шығармашылық тұрғындарымен танысамыз. Материалда Алматыдағы шығармашылыққа толы мамандық иелерінің сүйікті орындарын жинақтадық.


Тимур Бақтыбаев, 34 жаста, қаласы — Алматы, қазақстандық кинопродюсер, актер, бизнесмен, @timurbaktybayev


тимур


Өзім жайлы


Мен Атырауда тудым, дегенмен Алматы туған қаламдай болып кеткен. 2008-2012 жылдар аралығында Қазақ-Британ техникалық университетінде менеджмент мамандығында оқыдым. Ал 2017 жылы Алматыға қоныс аударып, Newton Q-POP тобына продюсерлік еттім. Осылайша шоу-бизнестегі мансабым басталды. 2019 жылы мен продюсер ретінде алғашқы фильмімді түсірдім. Бүгінге дейін алты фильм түсіріп үлгердім.

Сүйікті жерлері туралы


Алматыда мен тауға шығып демалуды жөн көремін, өйткені Батыста мұндай асқақ таулар жоқ. Маған БАО (Үлкен Алматы көлі) ұнайды. Мұнда мен шабыттанып, күш-қуатымды қалпына келтіремін. Жылына бір рет қала сыртына шығамын. Шарын каньонына, Түрген сарқырамасына және Көлсай көліне барғанды ​​ұнатамын.

Мен кинотеатрларға жиі барамын, әсіресе ESENTAI MALL ұнайды. Мұнда уақытты тамаша өткізуге болады: көліктіпен келуге ыңғайлы, оған қоса кинозалдары да тамаша, кез келген талғамға сай келетін мейрамханалар. Тіпті жақын жерде демалуға болатын саябақ та бар.

Таиландқа барып келгеннен кейін мен ащы тағамдарды ұната бастадым. Сондықтан Korean Street House мейрамханасына жиі барып тұрамын. Шығыс асүйінен маған зире ұнайды. Бұл жерде дәмді әрі бағасы да қолжетімді.

Достарыммен Urban Coffee-ге жиі барамыз. Маған мекеменің концепциясы, қызмет көрсетуі, жайлы атмосферасы және дәмді тағамдары ұнайды.



Даурен Камшибаев, қаласы — Алматы, режиссер, сценарист, креативті продюсер, @almatycinemaschool негізін қалаушы, @intrographer


Даурен


Өзім жайлы


Мен режиссер, сценарист, креативті продюсермін. Мен жұмыс істеген фильмдердің бірі — Зере.

Сүйікті жерлері туралы


Тұңғыш Президент саябағы — жылы мезгілде ерекше құлпыратын көрікті жер. Бір танысым бар еді, ол бірде мені осы саябақта кездесуді ұсынды. Екеуміз шөп үстінде ұзақ отырып әңгімелестік. Маған ұнағаны сонша, содан бері осында жиі кездесулер өткізіп тұрамын. Таза ауа, көк шөп және ашық аспан астында нәтижелі әрі достық сипаттағы диалог құрылады.

Кәсіби қызметіме байланысты қандай да бір тақырыптарды зерттеуге көп уақыт бөлуге тура келеді. Мұны көбінесе үйде ноутбукпен жасаймын. Алайда кей кездері үйімнің «шаршы метрлері» ойлар ағынын тежеп, олардың шығуына жол бермейді. Сондай сәттерде дәптерімді алып, Ұлттық кітапханаға барамын.

«Алматы-2» станциясы ескі, бірақ ерекше атмосфераға толы. Мен бұл жерді толассыз келіп-кетіп жататын адамдары үшін жақсы көремін. Кейбіреулер күлімсіреген кейіпте чемодандарын арқалап, мегаполиске қарай асығады. Ал енді біреулері (олар әдетте көбірек болады) мұңды жүзбен мына қаламен қимай-қимай қоштасып бара жатады.

Grow Creative Space, @grow.creativespace — ерекше жер. Grow-дағы атмосфера маған шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Менің @almatycinemaschool кино мектебім осында дүниеге келді. Мұнда төрт ай бойы әріптестеріммен талантты, болашағы зор жастарды кино түсіруге үйретеміз. 20 қарашада студенттермен қарқынды воркшоп аяқталды. Оны Голливудтан келген сценарист, «Моана» анимациялық фильмінің және «Рик пен Морти» комикстерінің авторы жүргізген болатын. Инсайдерлік ақпаратпен бөлісейін: ынтымақтастығымыздың нәтижесін көктемде еліміздің кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.

Balyqty Bulaq, @balyqty.bulaq — қазақ тағамдарынан, мәдениетімізден хабары жоқ сыйлы қонақтарды апаруға болатын тамаша этноауыл. Қызмет көрсетуден бастап, тағамдарға дейін жоғары деңгейде. Достарыммен бірге таза ауа жұтып, атқа немесе түйеге міну, сақ моншасына түсіп, осында өсетін хош иісті апорттың дәмін тату, күйбең тірліктен алыстап, оңаша қалу — мен үшін тамаша демалыс.

Ассы үстірті — күш пен тазару орны. «Батарейкамның отыра бастағанын» сезсем, достарымды ертіп, телескопымды алып, Ассы үстіртіне аттанамын. Одақтың үздік ғалымдарының есебімен мұнда обсерватория салынған. Бұл жақта үлкен жобалар алдында күш-қуат жинауға болады.



Риза Таганова, қаласы — Алматы, балет әртісі, @rizataganova


риза

Өзім жайлы


Мен А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесіне оқуға түскен уақыттан бастап (он
жасымнан) Алматыда тұрамын. Алдымен интернат-училищеде тұрдым. Ал қысқы және жазғы демалыста үйге баратынмын. Оқуды бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында балет әртісі болып жұмысқа орналастым.

Бұл қаланы жақсы көремін және оны өз үйім деп санаймын, өйткені мұнда арманымды орындап қана қоймай, өмірлік махаббатын кездестірдім.

Сүйікті жерлері туралы


Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры — өзімді тапқан, балерина ретінде өскен күш пен шығармашылық мекені. Мен өнер көрсетуді ғана емес, көрермен болуды ​​да жақсы көремін. Біздің театр мен үшін қаладағы тарихи және мәдени маңызы бар орын ғана емес, жиі баратын екінші үйім.

Панфилов көшесі, 108-үйдегі Coffee Boom. Мұнда сүйіктіммен жиі келіп тұрамыз. Бұл мекеменің тағамдарын жақсы көреміз, әсіресе тәттілерін. Театрдағы репетициялардан кейін құрбыларыммен де келеміз. Маған бұл жердің жайлы атмосферасы, қызметі мен қолжетімді бағалары ұнайды.

Asian BBQ — менің сүйікті кәріс мейрамханам. Кәріс тағамдарымен танысып, «твендян тиге» деп аталатын сүйікті тағамымды тапқан жер.

Satori — азиялық мейрамхана, бұл жерде маған интерьер және тағам түрлері ұнайды. Сондай-ақ орналасқан жері де жақсы, Арбаттан алыс емес.

Navat — менің сүйікті шайханам. Дәмді палау немесе қуырдақ жегім келсе, осы жерге келеміз. Маған шығыс атмосферасы мен жағымды музыкасы ұнайды.

Bauyrdaq. Мен бұл жерге жақында ғана келе бастадым, алайда ол бірден ұнады. Мұнда қазақтың фастфудтары және басқа да ұлттық тағамдар әзірленеді. Мен мұнда қыста Наурыз көже ішуді жақсы көремін. Дәмді әрі қолжетімді.

Starbucks — ең керемет кофе дайындайтын орын. Осында отырып, кофе ішіп, жоспарларым мен идеяларымды жазуды ​​ұнатамын. Маған осы кофеханада пайда болатын шығармашылық көңіл күй ұнайды.

Marwin. Бұл жерге кірмей өтпеймін. Үнемі осы жерден жаңа кітаптар сатып аламын. Мен оқығанды ​​жақсы көремін. Осы жердің атмосферасы да ұнайды: кітаптар, ойыншықтар, күйтабақтар. Бірден шығармашылықпен айналысқым келіп кетеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.