facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shveycariya-singapur-norvegiya-aza-standy-tar-e-bay-elderdeg-m-r-turaly
logo
Швейцария, Сингапур, Норвегия: қазақстандықтар ең бай елдердегі өмір туралы
Өмір сүру стилі

28.04.2018

Швейцария, Сингапур, Норвегия: қазақстандықтар ең бай елдердегі өмір туралы

Кенан Мамедзаде, 25 жаста, туған жері — Алматы, Zurich University of Applied Science студенті

Тұратын елі: Цюрих, Швейцария

швейцария.jpg

Алматыда екінші курс оқып жүрген кезімде, Францияға алмасу бойынша оқуға кеттім. Ол жерде бір іс-шарада швейцариялық университеттің өкілдерімен таныстым, мені магистратураны Швейцарияда оқу мүмкіндігі өте қызықтырды. Сол себепті оқу бітіргеннен кейін құжаттарымды Швейцарияға жібердім. Қазір мен «қаржы мен банк ісі» бағдарламасы бойынша оқып жатырмын. Швейцария — банктер мен қаржы мекені, сондықтан ол осы салада ең озық технологиялармен алмасып, білім мен тәжірибе алу үшін ең үздік ел.

Швейцария — банктер мен қаржы мекені, сондықтан осы салада ең озық технологиялармен алмасып, білім мен тәжірибе алу үшін ең үздік ел


Жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейі жоғары деп атап айту керек. Еңбекақы мөлшерін салыстыратын болсақ, онда ол қалған еуропалық мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда жоғары, ал Қазақстандағы жалақымен салыстырсақ онда бұл қиялдағыдай сома. Қарапайым мамандық иелері, мысалы, автобус жүргізушілері 6000 франк көлемінде жалақы алады, ол үшін белгілі дағдыларға ие болу керек. Лайықты деңгейде өмір сүру үшін бол сома жеткілікті.

Жұмыс — бұл шетел азаматтары үшін ең қиын тақырып, өйткені оны алу өте қиын. Түрлі университеттерде бірнеше бағдарламаны бітіріп, жетістіктерің көп болса да, бәрібір өте қиын. Басымдылықта ең алдымен швейцарлықтар, еуропалықтар және содан кейін ғана қалғандары болады. Егер сізде ерекше жоба болса немесе бұл жұмысқа сәйкес келетін тек сіз ғана деп айтатын жұмыс берушіңіз болса, онда ықтияр хат алуыңызға болады.

шв.jpg

Медицина туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде міндетті медициналық сақтандыру бар. Швейцария аумағында тұратын әрбір адамның швейцариялық сақтандыруы болу міндетті. Шетел студенттеріне кейбір өзгешеліктер бар. Мысалы, мен қазақстандық сақтандырумен қолданамын, себебі оны бұл жерде қабылдады.

Швейцарлықтарға сонымен қатар білім беруде жеңілдіктер бар. Мысалы, швейцарлықтар бір семестрде 750 франк төлесе, ал шетелдіктер 1500 франк төлейді. Университеттерде стипендия бар немесе оны жеке ұйымдардан алуға болады, бірақ ол үшін тиісті өлшемдерге сәйкес келіп, жақсы оқып, үлгеріміңді үнемі сақтап тұру керексің.

Бағалары да жоғары. Швейцария үш бөлікке бөлінеді: француз, неміс және итальян. Адамдар азық-түлікті арзанырақ сатып алу үшін басқа мемлекеттерге барады. Мен неміс аймағында тұрамын, менің көршілерім үлкен мөдшерде азық-түлікті сатып алу үшін көрші неміс қаласына барады.

Швейцария 26 кантонға бөлінеді, оның әрқайсысының өз заңдары мен салық мөлшерлемелері болады. Ең жоғары салық мөлшерлемесі 30%-ға жетеді.

Швейцарияда тәжірибе алуға мүмкіндік болса, онда бұл болашақта дамудың керемет мүмкіндігі


Қазір оқуды бітіріп жатқан таныстарым көп, барлығы жұмыс таба алмай жүрміз деп айтып жатыр. Маған әлі бір жыл оқу керек, бірақ мен позитивті ойлауға тырысамын. Швейцарияда тәжірибе алуға мүмкіндік болса, онда бұл болашақта дамудың керемет мүмкіндігі.



Алиби Куанышбаев, 23 жаста, туған жері —Шымкент, University of Stavanger студенті

Тұратын елі: Ставангер, Норвегия

алиби.jpg

Норвегия —Еуропадағы ең бай мемлекеттердің бірі, статистика бойынша мұнда жалақының орта мөлшері 5000 доллар. Сонымен қатар елдегі салық жоғары және ол халық табысына байланысты өзгеріп тұратынын ескеру керек. 30%-дан жоғары болу мүмкін. Бағалары да сондай. Мысалы, Алматыда студент 5000 тенгеге бір аптаға азық-түлік алса, онда бұл жерде 20000 тенге де жетпейді.

Норвегия — Еуропадағы ең бай мемлекеттердің бірі


Мен бір жыл бойы University of Stavanger магистратурасында оқып жатырмын. Білім беру тегін және сапалы. Басқа мемлекеттің азаматы болғаныма қарамастан тегін оқып жатырмын, тұратын жерімді, тамағымды, жеке шығындарым үшін ғана төлеймін. Бакалавриатта оқитын жергілікті студенттер үшін ең төмен пайыздарға келтірілген мемлекеттік кредиттер бар, оны студент жұмыс тапқан кезде төлей алады. Сонымен қатар мұнда жатақханалар керемет, әркімнің өз бөлмесі, ас үйі бар. Жергіліктілер үшін мемлекеттік, коммерциялық сияқты көптеген түрлі стипендиялар бар.

Бұл жердің жолдары, инфрақұрылымы, медицинасы жақсы. Мемлекет өз азаматтарына қолдау көрсетеді, зейнетақы мөлшері жоғары, жұмыссыздарға көмек бар.

алиб.jpg

Тұратын жермен қиындық туындамайды. Норвегияның көптеген тұрғындары ең төмен пайыздарға ипотекаға тұрғын үй алады. Жас отбасы ипотекаға 1,5%-бен үй ала алады. Егер олардың екеуі де жұмыс істесе, онда оңайлықпен төлей алады.

Негізінен бұл жерге білікті мамандар мен инженерлер келеді


Шетел азаматтары жұмыс туралы ұсыныстары болса жұмыс визасын ала алады. Норвегияның азаматтығын тек жеті жыл өткеннен кейін алуға болады, ол үшін тілді жақсы меңгеріп, жақсы жұмысқа ие болу қажет. Менің қаламда қазақстандықтар аз, олардың көбісі батыс аймақтарынан, мұнай индустриясында вахталық әдіспен жұмыс істейді. Негізінен бұл жерге білікті мамандар мен инженерлер келеді, себебі сырттан келгендерге өздері жұмыс істейтін компаниялар қолдау көрсете алады.



Гаухар Джанасова, туған жері —Атырау, International SOS операциялық тиімділік бойынша директор

Тұратын елі: Сингапур

Gaukhar.jpg

Сингапурға жеті жыл бұрын көшіп келдім. Себебі, менің ойымша, қазір Азияда даму керек, Сингапурдың үлкен келешегі бар, бұл өте жас әрі дамыған мемлекет.

Сингапурдың үлкен келешегі бар, бұл өте жас әрі дамыған мемлекет


Сингапур —ең бай мемлекеттердің бірі, мұндағы өмір әртүрлі болуы мүмкін. Егер табысың төмен болса, онда тұруың да қиын болады. Бірақ, Қазақстанға қарағанда Сингапурда қаржың аз болып тұрса да, айналысатын ісіңнің түрлері көп. Мұнда ойын-сауықтар, парктер көп, қоғамдық транспорт жақсы дамыған, далада жүру қауіпсіз.

Егер жалақы жетсе, онда бұл жерде жақсы тұрғын үйді жалға алуға немесе сатып алуға болады, жақсы виллалар бар, жақсы көлік сатып алудың мүмкіндігі мен мәні бар.

Жергілікті тұрғындарға мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетіледі. Мысалы, босану бұл жерде өте қымбат, бірақ оны саған төлеп бере алады. Жалақыңнан 16 %-ға дейін зейнетақы мөлшерлемесі бар. Ол ақшаны пәтер алған кезде немесе медициналық қызметті төлеген кезде қолдануға болады.

Сингапурлықтар үшін мектеп шамамен 100 доллар тұрады, бұл өте арзан. Шетелдіктер үшін 45000 доллар, яғни жылына 35000 американдық доллар. Жоғары білім алу да ақылы, бірақ жергіліктілер университетті төлеген кезінде 70% жеңілдік алады.

Мұндағы салықтар табысыңызға байланысты болады, олар 7%-дан 22%-ға дейін өзгеріп тұрады, бұл Еуропа мен Аустралиямен салыстырғанда төмен салық мөлшерлемесі.

Сингапурдағы нарық өте тартымды, меніңше, ол Америка мен Еуропаға қарағанда әлдеқайда тартымдырақ


Сингапурдағы нарық өте тартымды, меніңше, ол Америка мен Еуропаға қарағанда әлдеқайда тартымдырақ. Мұнда саяси және экономикалық жағдай тұрақты, қауіпсіздік жоғары. 5000 доллардан көп алатын адамдар орта тап болып саналады.

Шетелдіктер үшін ерекше қолдау жоқ, себебі көбісі Сингапурда жұмыс істегісі келеді. Жұмыс визасын алу аса қиын. Егер жалақы 7000 доллардан төмен болса, онда өтінімді тіпті қарастырмайды. Сондықтан, бұл жерде шетелдіктер тұрса да, оларды орта немесе жоғарғы тапқа жатқызады, себебі неғұрлым арзан жалақыға оларды жұмысқа алмайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.