Мади Тоқтаров, mdeemusic
Алматылық поп-музыкант және композитор Мади Тоқтаров — Musica36 лейблінің әртісі. Төрт жылдық шығармашылығында 91 300 оқырман жинады.
Әнші «Алматинский джаз» атты алғашқы жинағын 2018 жылы жарыққа шығарды. VK парақшасында 45 әнін тыңдауға болады.
Данеля Садыкова, dequinevk
Данеля Садыкова — тәуелсіз хаслер. «Пьяная вишня» атты дебюттық жинағы тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де үлкен танымалдылыққа ие болды. Нәтижесінде Данеля Мәскеуге көшті. Қазір оның 8 әні бар. Оқырмандар саны — 44 100.
Мухамед Айтжанов, thelimba
Мухамед Айтжановтың синглдерінде R&B, хип-хопты кей жерлерінде рокты да тыңдауға болады. Оған танымалдылық «Обманула» әнімен келді. 32 синглдің нәтижесінде VK парақшасы 83 200 оқырманмен толықты. Қазір музыкант Прага, Мәскеу, Минск және басқа мегаполистердегі алғашқы турына дайындық жүргізіп жатыр.
Абдрахман Бекенов, abdrakhman_bekenov
Жас орындаушылардың тізімін Абдрахман Бекенов толықтырады. Ол Павлодардың тумасы. Барлық әндерінде ең керемет сезім — махаббат сезіледі. Парақшасында 4700 оқырман бар.
Абылай Чагир, endigma_music
Қазақстандық хип-хоп-музыкант Абылай Чагир реггетон ритмдеріне сүйемелденген рэп орындайды. Эндигма лақап атының мағынасы оны қоршайтын — достары, тыңдармандары, оқиғаларының тұтас бір жиынтығын білдіреді. VK парақшасында 11 000 оқырманы бар.
Darkhan Juzz, darkhanjuzz
Алматылық жігіт өз жолын «шоу Ирины Кайратовны» шоуында вайн түсіруден бастаған. YouTube-ғы каверлерінен кейін музыкант ретінде танылды. Қазір оның 8 авторлық әні және ВКонтакте желісінде 13 500 оқырманы бар.
Диас Аябек, introvert_xo
Диас Аябек музыкада 2013 жылдан бері. Jah Khalib-пен бірге 9MM продюсерлік орталығында жұмыс істеді. VK-да оның 36 лирикалық трегін тыңдауға болады. Оған 35 400 оқырман жазылған.
Қуат Қуатов, bonapart09
«Не из Алматы и не из Семея» қарағандылық әнші жақында музыкалық әлемге қосылды. 34 600 оқырманы барына қарағанда Қуат Қуатовтың джаз, соул, блюз-стилін тыңдармандар жақсы көреді.
Айдын Закария, zaqariyah
Қарағандылық орындаушының баяу музыкасы көптеген әртістерге ұнайды, сонын ішінде Хаскиге. Оның репостынан кейін Айдын Закарияны тыңдармандар одан сайын белсенді тындай бастады. 57 трегін 131 466 оқырманы бар, VK желісінде тыңдауға болады.
Баха Тоқтамов, qontrast
Баха Тоқтамов та алматылық, ол да әндерінің сөзін өзі жазады. Крайм Волшебникпен айтқан «Не замолкай» трегінің арқасында танымал болды. Талантты орындаушының 9 трегі және VK-да 12 900 оқырманы бар.