— Нұр-Сұлтанда байырғы тұрғындарды табу қиын. Адамдардың 70% пайызы – Қазақстанның басқа қалаларынан келгендер
— елордада шетелдіктер елшіліктерде немесе білім беру саласында жұмыс істейді
— астаналықтар туристерді және қонақтарды жақсы көреді. Олар қала жайындағы ақпаратпен қуана бөліседі, қай жерге барып, нені көруге болатынын айта алады
— Нұр-Сұлтан үлкен қала болмаса да аумағына қарамастан, адамдары аз. Орталық алаңдар мен саябақтар бос тұрады
— Қазақстанның астанасы – көрікті және заманауи қала
— Нұр-Сұлтанда қызықты ғимараттар көп, бірақ олардың ішінде ешкім тұрмайды деген әсер бар
— Нұр-Сұлтанда бірнеше жыл өмір сүрген адамды жергілікті деп санауға болады. Қазақстанның басқа қалаларынан келетін адамдар солай ойлайды. Астаналықпен танысып, әңгіме барысында оның елордаға үш жыл бұрын келгенін білуге болады
— қала тұрғындары демалуды білмейді. Олар түскі ас кезінде және кешке дейін жұмыс істеуді ұнатады
— Нұр-Сұлтан – әрбір адам үшін ашық, кең пейілді қазақтың қонақжай қаласы
— Нұр-Сұлтанда дәмді тамақтануға болады.
Суреттердің дереккөзі: @aidostudio, @talantowers
Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Михаил Исаевқа (Киев), Элиза Арыстановаға (Ош), Ferenc Magyar-ға (Nagyrеde), Тимофей Петуховқа (Таллин, Москва) алғысымызды білдіреміз.