Typi қазақстандық мессенджері
Бұлтты сервистердің негізінде жасалған, сапаға, жылдамдыққа және қауіпсіздікке бағытталған ғаламдық коммуникацияға арналған мобильді мессенджер. Typi мессенджерінің бета-нұсқасы 2018 жылғы қараша айында App Store және Google Play дүкендерінде іске қосылған. Басында бұл қосымша 19 елге қолжетімді болды, кейін тағы 129 ел қосылды. Бүгінде мессенджер әлемнің 148 елінде және 11 тілде қолжетімді. Шілденің соңында қосымшаны жүктеген қолданушылардың саны 1 миллионға жетті. Typi мессенджері компанияның құны 3 000 000 $ бағаланған кезде pre-seed кезеңінде инвестицияларды тартты.
ISSU қазақстандық парфюмерия қызметі
ISSU отандық жобасы — Astana Hub технопаркінің резиденті. Әзірлеушілер өнімді дизайнерлік және бірегей брендтерінің иіс суларына жазылу қызметі ретінде айқындайды. Стартаптың клиенттері 8 мл мөлшердегі ыңғайлы қаптамадағы жаңа иіс сулардың әрдайым жаңартылып отыратын сұрыптамасына қолжеткізеді. Жобаның нарыққа шыққанына жарты жылдай болды, сервисті Қазақстан, Ресей бойынша 400-ден астам клиенттер қолданады. Клиенттік базаның ай сайынғы өсімі 40 % құрайды.
Webtotem
Бағдарламаны Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы әзірледі және енгізді. Бұл сайттарды талдау және қорғау құралдарын біріктіретін қызмет.
Веб-ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шағын және орта бизнес үшін үздік өнімдік шешім ретінде танылды. Бағдарлама сайттарды кибер қылмыстардан қорғайды, вирустардың және тағы да басқа қауіпті БЖ-дың болмауын тексереді, доменнің/SSL-сертификаттардың мерзімдерінің өткендігі туралы хабарлайды және тағы басқа қызметтер көрсетеді.
Antidolg.kz
Сервис функцияларының ішінде заңгердің кеңестері және коллекторлардан, айыппұлдардан, несие міндеттемелерінен құтылу туралы ақпарат ұсынылады. Ұйым қолданушының атынан сотқа жүгінеді, берешекті негізгі қарыздың сомасына дейін азайта алады.
Сонымен қатар жалақыдан ұстап қалуды тоқтатып, берешектің сомасын азайтады, атқарушылық жазбаны жойып, шоттардан тыйым салуды алып тастайды. Ресей және Өзбекстан нарығына шығып жатыр.
HR-bot
HR-бот үміткерлердің типтік позицияларға жаппай іріктелуі кезіндегі процестерді автоматтандырады. Бұл салада персоналдың жоғары тұрақтамауы орын алғаны байқалады, сол себепті компаниялар әрдайым желілік позицияларға қызметкерлерді іздеумен айналысады. Негізі салынғаннан кейін, стартап Ресейдің нарығына шықты. HR-bot серіктестерінің арасында «Альфа-Банк», «Евразиялық банк», Technodom, DeFacto, Kelly Services және тағы да басқа ірі компаниялар бар.
Nommi
Виртуалды SIM-карталар технологиясын қолдайтын және пауэрбанк қызметін атқаратын дербес Wi-Fi-роутер. Гаджет саяхатшылардың шетелде жүрген кезде, мегабайттарын шектетпей, жергілікті Wi-Fi-ға қосылу жолын іздемей жүрулеріне арналған. Nommi-де көпшілік желілердің құпиясөздер базасы бар.
SMART SATU
Дүкендерге, тапсырыс берушілерге, дистрибьюторлар мен тауар өндірушілеріне арналған бизнес-платформа. Электрондық сауда платформасы FMCG саласындаға тауар айналымын автоматтандыру үшін жасалған. Сауд Арабиясы, Катар, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь елдерінде қызмет етеді.
Robo Wunderkind конструкторы
2015 жылғы қыркүйегінде Қазақстан, АҚШ және Аустрия елдерінен шыққан ниеттес жастар Kickstarter сайтында Robo Wunderkind бірегей роботты техникалық конструкторын іске қосты. 58 елдегі болашақ сатып алушылар 246 000 $-ды жинауға көмектесті. Бұл қаражат Вена қаласында компанияның кеңсесін ашуға және өндірісті ұйымдастыруға жұмсалды. Robo Wunderkind конструкторы LEGO элементтерімен қатар қолданылады және электрондық салындысы бар түрлі түсті шаршы пластикалық фигуралардан, доңғалақтардан және байланыстырушы элементтерден тұрады.
«Академия роста» интеллектуалды даму орталығы, @akademia.rosta
«Академия роста» — Бішкектен шыққан Сайқал Асылбекова есімді кәсіпкер негізін салған халықаралық менталды арифметика мектебі. Менталды арифметика – тез санауды үйрету арқылы баланың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту әдісі.
Бүгінде франчайзинг желісі Қырғызстан, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінде 60 орталыққа дейін жеткен. Франшизаның негізін салушылар бизнестен жоғары табыс түсетініне және 2 аптадан бастап 2 айға дейінгі кезең ішінде инвестициялардың қайтарылатынына уәде береді.
Robosky роботты техника мектебі, @robosky.kg
Роботты техника мектебі 2017 жылдан бері Қырғызстандағы жаңа технологияларды дамытып, жаңа ұрпақты болашақ мамандарына оқытып жатыр.
Мектептің командасы мектеп оқушыларын, студенттерді, ересектерді роботты техника негіздеріне оқытады, «ақылды үй» технолоияларымен және 3d-принтерлерімен таныстырады.
Бүгінде компанияның 2 филиалы Бішкекте, біреуі Токмок және тағы біреуі Ош қалаларында жұмыс істейді. Серіктестер 7 күннен кейін 70 000 сом түсім түсетініне уәде береді.
Sierra Coffee KG, @sierra.kg
Sierra — 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кофеханалар желісі. Sierra Бразилия, Колумбия, Гватемала және Эфиопия елдерінен жоғары сапалы жасыл шайды импорттайды, Бішкекте дәндерді қуырады. Сусындар мен тағамдарға арналған ингредиенттерді мұқият сұрыптап алады.
Брендтің франчайзинг желісінің тұжырымдамасы жергілікті тұрғындардың қалауын есепке ала отырып, халықаралық тәжірибе негізінде құрылған.
G.Nails сұлулық салоны, @g.nails.studio
G.Nails сұлулық салоны — 2016 жылы құрылған жас компания. Ерекшеліктері – жайлы атмосфера, сапалы қызмет және қолжетімді бағалар.
Бүгінде Бишкекте төрт студия жұмыс жасайды, Қырғызстан өңірлерінде салондар ашу және шетелге шығу жоспары бар.
Компания ретке келтірілген бизнес-үлгісін, сәнді тұжырымдаманы, маркетингтік стратегияны, шеберлерді оқытуды ұсынады.
IT-RUN Kids білім беру орталығы
IT-RUN — Бішкектегі ең үлкен IT-мектебі. Орталық алдыңғы қатарлы неміс бағдарламалау мектебінің әдістемесі бойынша жұмыс жасайды. Мектептің студенттері қазірдің өзінде жергілікті және шетелдік IT-компанияларында қызмет атқарып жатыр.
Компания IT-RUN Kids бағытын және онлайн-оқытуды іске қосты. Қырғызстанның өңірлері бойынша кеңейтіліп жатыр. Франшизаның өтелімділігі – 3-6 ай.
Workly
Ритейл, HoReCa, денсаулық сақтау және кеңселерде жұмыс істейтін компаниялар үшін пайдалы болатын жұмыс уақытын есептеу жүйесі. Өзбекстанда негізі салынған Workly клиенттері – HamkorBank, korzinka.uz, «Азбука вкуса» супермаркеттер желісі, сондай-ақ ТМД елдерінен тыс жерлердегі әртүрлі құрылыс фирмалары мен микроқаржылық ұйымдар.
Growave
Онлайн-дүкендерге арналған маркетингтік платформа. Қырғызстандық платформамен бүкіл әлем бойынша 6500-ден астам брендтер жұмыс жасайды. Негізінен бұл Солтүстік Америка, Еуропа, Аустралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы елдер. Өнімнің тұтынушылары – Unilever, Boeing, Katy Perry Collections, Cluse, SM Global Shop, KOOKAI сияқты көптеген ірі брендтер.
Zensoft
Халықаралық IT-компания. Қырғызстанның астанасында шағын стартаптан басталған компания бүгінде бес елде жұмыс жасайды. 2015 жылы Zensoft-тың бас кеңсесі Сан-Францискода, кейін Беларусь елінде, ал 2018 жылы Тель-Авив пен Гонконгта ашылды.
«Куликовский» кондитерлік үйі
Аталмыш кондитерлік үй қырғызстандық кондитерлік өнімдер нарығының көшбасшысы болып табылады. Бренд басқа елдерде де танымалдылыққа ие.