Тегін алуға болатын қызметтер:
Төлқұжат жасатуға және оған өзгерістер енгізуге
Егер сіз шетелде жүріп төлқұжатыңызды жоғалтып алсаңыз немесе оның мерзімі біткен жағдайда, керек құжаттарды тапсырып, жаңасын жасатуға болады.
Егер шетелде жүрген ҚР азаматының баласы дүниеге келсе, онымен Қазақстанға шығу үшін төлқұжатыңызға қажетті деректерді еңгізу керек. Бқл қызметті сіз шет елдегі мекемелерде ала аласыз.
Қызмет көрсету мерзімі: 3 күннен 120 күнге дейін
Қызмет тегін көрсетіледі:
— Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне
— үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі «Еңбек даңқы», «Алтын Қыран», «Отан», «Халыққа hарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталғандарға
— «Мать-героиня», «Алтын алқа», «Күмiсалқа» марапаттарына ие болған көп балалы аналарға
— Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарға
— Чернобыль апатына ұшыраған азаматтарға
Қажетті құжаттар тізімі:
Төлқұжат жасату үшін:
— Өтініш
— 16 жасқа толмаған баланың туу туралы куәлігі
— төлқұжатты алмастыру үшін ҚР азаматының төлқұжаты
— 3,5х4,5 см көлеміндегі 4 түрлі түсті фотосурет
— ҚР азаматы төлқұжатты алғаш рет алып жатса — КСРО-ның бұрынғы 1974 жылғы үлгісінің паспорты
— ҚР азаматы төлқұжатты алғаш рет алып жатса —КСРО-ның бұрынғы жалпышекаралық төлқұжаты
— тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі
— қабылдаушы елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама
— консулдық алымды төлегенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Төлқұжатқа өзгерістер енгізу үшін:
— өтініш
— баланың туу туралы куәлігі
— ҚР азаматының төлқұжаты
— 3,5х4,5 см көлеміндегі 2 түрлі түсті фотосурет
— консулдық алымды төлегенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Консулдық алым мөлшерін мына жерден қарауға болады.
Азаматтардың мәртебесі жөнінде актілерді тіркеу
Бұл қызмет шетелде ҚР азаматының баласы дүниеге келсе, неке қиюға немесе ажырасуға, бала асырап алғысы келсе немесе атын өзгеру кезінде пайдалы болады.
Қызмет көрсету мерзімі: 5 күннен 30 күнге дейін
Қызмет тегін көрсетіледі:
— Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарға
— мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек баланың ата-анасының біріне
— қамқоршыларға
— төлқұжаттарды тiркейтін және қайтадан беретін — мемлекеттiк ұйымдарға
— Азаматтық мәртебе туралы актілерді тіркеу, туылу, өлім, әке болу, асырап алу туралы құжаттарды өзгерту, толықтыру, қалпына келтіру және түзету кезінде жасалған қателерге байланысты
— туыстарының қайтыс болуы туралы бұрын берілген куәлікті қайтадан берсе
Қажетті құжаттар тізімі мен консулдық алым мөлшерін мына жерден табуға болады.
Ақылы түрде көрсетілетін қызметтер:
Қазақстанға қайту туралы куәлікті рәсімдеу
Қайту туралы куәлік — төлқұжатты жоғалтқан немесе шетелде жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда төлқұжатты уақытша ауыстыратын құжат.
Қызмет көрсету мерзімі: 2 күннен 10 күнге дейін
Қызмет бағасы: консулдық алымға сәйкес
Қажетті құжаттар тізімі:
— шет мемлекеттің құзыретті органының өтініші
— жеке басын куәландыратын құжатты жоғалту туралы өтініштің фактісін растайтын құжат
— 3,5х4,5 см өлшеміндегі 2 түрлі түсті фотосурет
— консулдық алымды төлегенін растайтын құжаттың түпнұсқасы
— жеке басын куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы және ол болмаған жағдайда ережеде белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама.
ҚР азаматтығынан бас тарту
Қызмет көрсету мерзімі: 6 ай
Қызмет бағасы: консулдық алымға сәйкес
Қажетті құжаттар тізімі:
— мемлекеттік қызмет стандартындағы 2 қосымшаға сәйкес өтініш-сауалнама
— еркін формадағы өмірбаян
— 3,5х4,5 см көлеміндегі 3 түрлі түсті фотосурет
— Балалардың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме)
— неке туралы куәлік (неке қию) (түпнұсқа және көшірме)
— консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Шетелге кеме сатып алған жағдайда қазақстандық туыдң астында жүзу құқығына ие болу
Қызмет көрсету мерзімі: 5 күн
Қызмет бағасы: консулдық алымға сәйкес
Қажетті құжаттар тізімі:
— Еркін формадағы өтініш
— Жеке куәлік
— Кеменің меншік екенін растайтын құжат
— кеменi бұрынғы тiркеу есебiне тұрған мемлекеттiң өкiметi кеменi осы мемлекеттiң кемелерiнiң тiзiмiнен шығарылғанын және кепiлмен алынбағанын куәландыратын құжат
— өлшеу куәлігі
— санат куәлігі
— жолаушы куәлігі
— консулдық алымды төлегенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Тұрақты тұруға қалғыңыз келген жағдайда тапсыру қажет құжаттар:
Қызмет көрсету мерзімі: 3 ай
Қызмет бағасы: консулдық алымға сәйкес
Қажетті құжаттар тізімі:
— Өтініш
— Сауалнама
— қабылдаушы елдің құзыретті органдары тұрақты тұруға рұқсат берген құжат
— 4x5 сантиметрлі 2 фотосурет
— ұлттық төлқұжаттың көшірмесі
— консулдық алымды төлегенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Дерек көзі: mfa.gov.kz