Цинхуа университетінде оқуға арналған Шварцман шәкіртақысы
Schwarzman Scholars бұл — болашақ көшбасшыларды ағымдағы уақыттың мәселелерін сәтті шешуге дайындау, сондай-ақ Қытай мәдениеті, экономикасы, әлемдік кеңістікте өсіп келе жатқан рөлі сияқты түсініктерді тереңдету үшін жасалған шәкіртақы бағдарламасы. Цинхуа университеті бұл — Қытай мен сыртқы әлемнің арасындағы байланыстарды нығайтудың жүз жылдық тарихына ие Қытадың ең таңдаулы жоғары оқу орындарының бірі.
Дереккөз: chinainternshipplacements.com
Шәкіртақыға кім өтінім бере алады?
Үміткерлердің бакалавр дәрежесі болуы керек. Қазіргі таңда бакалавр дәрежесін алуға арналған бағдарламаларға қатысып жатқан студенттер 2018 жылдың 1 тамызына дейін дипломға қойылатын барлық талаптарға сай болуы қажет. Үміткердің бакалавриатта оқыған мамандығы маңызды емес.
Үміткерлер 2018 жылдың 1 тамызына дейін 18 жасқа толған, алайда 29 жасқа дейінгі жас болуы тиіс.
Шәкіртақылық қолдау түсінігіне не кіреді?
Оқу ақысының толық төлемі
Тұру мен пансион
Пекинге ұшу мен оқу жылының соңында ұшып келу
Ел бойынша оқу-таныстыру сапары
Қажетті оқулықтар мен көмекші материалдар
Ноутбук пен Lenovo белгісінің смартфоны
Ағылшын және қытай тілін қолданатын жергілікті медициналық мекемелерге баруға мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сай медициналық сақтандыру.
3500 АҚШ доллары көлемінде дара ақшалай жәрдемақы.
Іріктеу талаптары:
Сабақ ағылшын тілінде өтетіндіктен, үміткерлер ағылшын тілін жоғары деңгейде білуі тиіс. Егер өтінім иесінің туған тілі ағылшын тілі болмаса, онда ол өтінішпен бірге ағылшын тілі бойынша ресми бағалау тестілеуінің нәтижесін тіркеуі қажет.
Ең кем дегенде TOEFL iBT: 100, TOEFL PBT: 600, IELTS: 7.
Құжат тапсыру шарасы:
Толық толтырылған онлайн-өтінім
Ағылшын тіліндегі үлгерімнің жоғары орташа балы
Төрт электронды ұсыныс хат. Бұл хаттардың бірі үміткердің өтінімінде суреттелген көшбасшылықтың нақты мысалдарын келтіре отырып, пікір білдіре алатын ұсынушыдан болуы керек. Егер ұсыным хаттар өзге тілде жазылған болса, оларды ағылшын тіліне кәсіпқой аудармашы аударуы қажет.
Бүгінгі таңда оқып жатқан студенттер үшін төрт хаттың бірі ресми ұсыным хат болуы керек.
3 бөлімнен тұратын эссе жазу: Personal Statement, Leadership Essay, Current Affairs Essay.
Current resume/CV. Түйіндеме 2 беттен аспауы шарт.
Сұқбаттасу. Танымал саясаткерлер мен кәсіпкерлер қабылдайтын сұқбаттан өту.
Оқу бағдарламасы:
Экономика
Мемлекеттік саясат
Халықаралық зерттеулер
Құжат тапсырудың шекті мерзімі:
EDT (Eastern Daylight Time) бойынша 15 қыркүйек күні сағат 15:00. Қабылдау мерзімі аяқталуға 2 апта қалғанда өтінім берген жөн.
Толық ақпаратты ресми сайттан біле аласыз.
Түркияда білім алуға арналған Türkiye Bursları Scholarships шәкіртақысы
Türkiye Bursları Scholarships шәкіртақысы бұл — халықаралық зерттеушілерді ынталандыруды мақсат тұтатын бағдарлама. Бұл Түркияның зерттеу саласындағы түрік ғалымдарымен бірлесе отырып жұмыс істеугежәне халықаралық ғылыми қарым-қатынастың дамуына үлес қосуға зор мүмкіндік.
Дереккөз: vmersine.com
Шәкіртақыға кім өтінім бере алады?
Түркиядан бөлек кез келген елдің бакалавр дәрежесін иеленген 30 жастан аспаған азаматтары
Дипломдағы орташа балл барлығының 75% - ынан немесе кез келген ұлттық немесе халықаралық қорытынды тестілеуі бойынша 75% - дан кем болмауы тиіс
Денсаулығы жақсы болуы керек
Шәкіртақылық қолдау түсінігіне не кіреді?
950 түрік лирасы көлемінде ай сайынғы шәкіртақы
Стипендиат-студенттер университет жатақханасында еш төлемсіз тұра алады
Оқу ақысының толық төлемі
Тегін медициналық сақтандыру
Түркияға бірінші келгенде және оқу аяқталғанда кетуге арналған бір реттік билет беру. Егер студент билетті алып қойған болса, оған ақшасы қайтарылады.
Іріктеу талаптары:
Үлгерімнің жоғары орташа балы
Университеттік емтихандағы үздік нәтиже
Жоғары жетістіктер мен студенттік өмірге белсенді араласу
Көшбасшылық қасиеттер
Құжат тапсыру шаралары:
Құжаттарды тапсыру онлайн түрде жүреді. Онлайн-өтінімге: үлгерімнің жоғары орташа балы, жеке куәліктің көшірмесі, төлқұжаттың фотосуреті, оқу кезінде жеткен жетістіктері мен сертификаттары, оқытушылардан немесе жұмыс орнынан ұсыным хат.
Өтінімдерді тапсыру мен қарастырудан кейін сұқбаттасудан өту. Сұқбаттасу елшілікте немесе түрік орталықтарында өткізіліеді.
Оқу бағдарламасы:
Түркия зерттеулері
Халықаралық қарым-қатынастар
Ғылым
Инженерия және технологиялар
Өнер
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
Ауыл шаруашылығы
Құжат тапсырудың шекті мерзімі:
Әр жылдың қаңтар-ақпаны
Толық ақпаратты ресми сайттан біле аласыз.
Корея үкіметінің шәкіртақысы
Корей үкіметінің шәкіртақы бағдарламасы (KGSP) Кореяның жоғары оқу орындарында тереңдетілген білім алуды жалғастыру үшін Кореяға шетелдік талантты студенттерді шақыра отырып, болашақ көшбасшыларды қолдайды және білім саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа әсер етеді.
Дереккөз: chinainternshipplacements.com
Шәкіртақыға кім өтінім бере алады?
Кореядан басқа кез келген елдің іріктеу кезінде 40 жастан аспаған азаматы
Шәкіртақылық қолдау түсінігіне не кіреді?
Екі жаққа баруға арналған эконом-класының билеті
Айына 900,000 вон ай сайынғы жәрдемақы
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдарға зерттеу жұмыстарын жүргізуге 210 000 вон, жаратылыстану және механикалық ғылымдар ғалымдарына 240 000 вон жәрдемақы беріледі.
Келген кезде реттеу бойынша 200 000 вон
Тіл курстарын төлеу
Медициналық сақтандыру
Іріктеу талаптары:
Іріктеу жылының 1 қыркүйегінде үміткерлердің бакалавр немесе магистр дәрежесі болуы тиіс
Кореяда бакалавриат, магистрлік бағдарлама немесе докторлық бағдарламаны аяқтаған үміткерлер бағдарламаға қатысуға өтінім бере алмайды.
Үміткерлердің жетістіктері келесілердің біріне сәйкес болуы тиіс:
Бағалаудың орташа балы (GPA) должен быть не менее по шкале 4,0 шкаласы бойынша 2,64, 4,3 шкаласы бойынша 2,80, 4,5 шкаласы бойынша 2,91 кем болмауы қажет; немесе
Жалпы бағалар 100% - дың 80% - ынан кем емес болмауы тиіс
Ағылшын және корей тілдерін білу
Құжат тапсыру шаралары:
Үміткерлер өз өтінімдерін әлем бойынша Корея елшілігінде немесе Корея университеттерінде тапсырады. Елшіліктер мен университеттер үміткерлер арасынан іріктеудің 1-раундында табысты үміткерлерді таңдайды. Содан кейін бұл үміткерлер NIIED – ке жіберіледі.
2-ші іріктеу. NIIED қабылдау комиссиясы 1-ші раундты сәтті өткен үміткерлер арасында жүреді.
3-ші іріктеу. Университеттердің әкімшіліктері үздік үміткерлерді қарастырады. Үздік үміткерлер университетердің біріне оқуға түскенін растайтын құжат алуы қажет.
Оқу бағдарламасы:
Таңдалған университетке байланысты
Құжат тапсырудың шекті мерзімі:
Әр жылдың ақпан-наурызы
Толық ақпаратты ресми сайттан біле аласыз.