facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/609/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/ahs4qvhypxa4llnvcymechihb1r66tub.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
shetelde-magistr-d-rezhes-n-alay-alu-a-bolady-ortaly-aziyany-studentter-o-u-a-t-su-zh-ne-o-u-t-zh-ribes-turaly
logo
Шетелде магистр дәрежесін қалай алуға болады: Орталық Азияның студенттері оқуға түсу және оқу тәжірибесі туралы
Главный (каз)

18.09.2023

Шетелде магистр дәрежесін қалай алуға болады: Орталық Азияның студенттері оқуға түсу және оқу тәжірибесі туралы

Егер өз қалаңызда немесе еліңізде бакалавр дәрежесін алсаңыз, бірақ әрқашан шетелде білім алуды армандап жүрген болсаңыз, магистратурада оқуды қарастырған жөн. Мақалада Орталық Азияның студенттері Ұлыбритания, Италия және АҚШ-тың магистратура бағдарламасының студенті атану үшін не істеу керектігімен бөлісті.


Руслан Жексебайұлы, 35 жаста, қаласы — Алматы, Mentor Me компаниясының тең құрылтайшысы және заң директоры, @ruslan_zhexebaiuly

Руслан Ж


Өзі туралы

Мен америкалық The George Washington University-де «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып, магистр дәрежесін алдым және University of California, Berkeley-де тағылымдамадан өттім.

Шетелде оқу біліміңіз бен дағдыларыңызды жетілдіріп қана қоймай, мансабыңыздың жаңа көкжиектерінің кілтіне айналады. Әрбір аяқталған білім беру кезеңі — мүмкіндіктер мұхитын кеңейтетін тамшы. Соның нәтижесінде ел тәжірибе және талантпен толығып, экономикасы дамып, түлектер халықаралық байланыстар мен таныстықтар желісінде өз орындарын алуда.

Оқуға қалай түскені туралы

Университеттерге қабылдау талаптары бағдарламаға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Оқуға түсер алдында мен The Ivy League университетінде Pre-Masters Program-ды аяқтадым. Олар маған барлық құжаттарды дайындауға көмектесті. Талаптар бойынша барлығы әдеттегідей: IELTS сертификаты, ынталандыру хаты, ұсыныс хаттар, түйіндеме. «Болашақ» бағдарламасының да өзіндік нұсқаулары бар. Шартсыз шақырудың болуы, В1 деңгейінен төмен емес деңгейде ҚАЗТЕСТ емтиханын сәтті тапсыру және шет тілін білетініңізді дәлелдеу маңызды.

Руслан Ж

Қабылдау процесі келесідей: біріншіден, бастапқы деректер мен ағымдағы портфолио талданады. Осыдан кейін мамандық пен университеттер таңдалады. Мұнда өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалау және оқу бағдарламаларын оқуға түсу және стипендия алу ықтималдығын арттыратындай етіп таңдау маңызды. Содан кейін құжаттар пакетін дайындау және емтихандарды тапсыру, ЖОО-ға түсу және шақыру алғаннан кейін стипендиялық конкурстан өту керек болады.

Оқуы жайлы

Шетелде білім алу барысында мен ерекше тәжірибеге айналған көптеген қиындықтарға тап болдым. Әрбір сынақ өсуімнің жаңа кезеңіне айналып отырды.

Бірінші қадам елдегі мұқият дайындық болды, онда мен өз мақсаттарыма жетуге қажетті action plan жасап, стратегиялық жоспар құрдым. Бұл маған кедергілер мен қиындықтарға тап болғанымда қолдау көрсетті. Әсіресе жайлылық аймағынан шығып, жаңа мәдениет пен қоғамға жақсылап бейімделу қабілеті маңыздырақ болды. Шетелдік университеттер әлемнің түкпір-түкпірінен үздік студенттердің басын қосып, білім мен тәжірибе алмасуды ынталандыратын бірегей білім беру ортасын жасайды. Дайындық кезінде пайда болған сенімділік пен тәртіп мені барлық қиындықтарды жеңуге дайын, төзімді және бейімделгіш студент етті.

Шетелде оқу жаңа мүмкіндіктер әлеміне есік ашып, ойымды өзгертті. Оқып жүрген уақытта жақсы жұмыс орындарын ұсынған бірнеше компанияның қызығушылығын тудырдым. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін бұл тізім екі еселеніп, алдымнан көптеген мансаптық мүмкіндіктер ашылды. Ағылшын тілін жақсы білуім және көптеген адамдармен қарым-қатынас жасауым кәсіби құндылығымның негізгі құрамдас бөліктеріне айналды.

Руслан Ж

Екіншіден, білімім табысты кәсіпкерлер мен миллиардерлердің ішкі дүниесі туралы құнды түсінік берді. Бұл ой-өрісімді өзгертіп, бизнес пен халықаралық қатынастарды қабылдаудың жаңа деңгейіне қол жеткізді. Соның арқасында мен кәсіпқойлар командасын жинадым, бизнес-процестерді құрдым және шетелде магистратураға түсу саласында өз компаниямды басқарамын.

Ақыл-кеңес

Белгісіздік қорқынышы тым қатты сезілуі мүмкін. Бірақ үлкен құндылық жаңа көкжиектерді зерттеу мүмкіндігінде жатыр. Жас кезде бейімделу және табысқа жетудің жаңа жолдарын табу оңайырақ. Қазіргі уақытта ағылшын тілін білу халықаралық компаниялар мен мүмкіндіктерге қол жеткізудің кілтіне айналуда.

Шетелде оқу — жай ғана білім алу емес, сонымен қатар жаңа мәдениеттер мен таныстықтың және тәжірибелердің байлығы. Кем дегенде бір әрекет жасамасаңыз, көптеген мүмкіндікті жоғалтуыңыз мүмкін.


Адия Қарсыбек, 29 жаста, қаласы — Лондон, студент, @adiyaka_urbanist

Адия К

Өзі туралы

Мен City Planning бағдарламасы бойынша магистратурада оқып жатырмын және UCL-де Master of Planning ғылыми дәрежесін аламын. Бұған дейін мен Қазақстанда алты жыл жұмыс істедім: Алматыда, Астанада, Түркістанда. Менің жұмысым қалалық ортаны құрумен байланысты болды. Панфилов көшесін, Ескі алаңды және басқа да кеңістіктерді қайта құру жобаларын әзірлеуге қатыстым.

Оқуға қалай түскені туралы

Еуропада талаптар барлық жерде бірдей деуге болады. Алайда тіл және ынталандыру хаты сияқты ерекшеліктері бар.

Мен құжаттар пакетін екі түрге бөлемін: негізгі және бірегей.

Адия К

Негізгі құжаттар — қолыңызда бар және әр университет үшін арнайы дайындауды қажет етпейтін құжаттар: диплом, транскрипт, түрлі сертификат, төлқұжат, түйіндеме, алғыс хаттар, әртүрлі қосымша дипломдар.

Бірегей — әр елге, университетке, мамандыққа қажет арнайы құжаттар: тіл емтиханы сертификаты, ынталандыру хаты, ұсыныс хаты, портфолио, қосымша анықтамалар.

Мен алты жыл бойы оқуға түспекші болдым. ERASMUS, Chevening, DAAD және Швеция корольдік стипендиясына өтініш бердім, бірақ олардың ешқайсысын ұта алмадым. 2022 жылы «Болашаққа» құжат тапсырып, өттім. Мен тек екі рет IELTS емтиханын тапсырдым. Алғаш рет жалпы балл қолайлы болғанымен, writing-тен қажетті балл жинай алмадым.

Оқуы туралы

Университетке түсу — жарты жұмыс. Оқуды аяқтауға және денсаулығыңды сақтап қалуға тәртіп, күнделікті қайталанып жататын іс және позитивті ойлау көмектеседі.

Екінші семестрде мен стреске тап болдым. Қиын болды, университеттің қолдауына жазылдым да, коучпен жұмыс істей бастадым. Соның арқасында екінші семестрді жақсы бітірдім.

Адия К

Мен әлі де үйреніп жатырмын, бірақ мен үшін үлкен мүмкіндіктер ашылып жатқанын түсінемін. Өйткені менің мамандығым өте ерекше — мамандар барлық жерде жеткіліксіз. Мысалы, Ұлыбританиядағы аймақтарда жоспарлаушылар жеткіліксіз, бірақ елді дамыту керек және мұны ақылмен жасау маңызды. Ал Қазақстанда мен сияқты мамандығы бар адамдар саусақпен санарлық, бірақ сұраныс бар. Еңбек жолымда мен әрқашан орташадан жоғары жалақы алдым, өйткені мен елде саны аз кадр қатарынанмын. Оқып шыққан соң өзіміздің нарықта ғана емес, халықаралық аренада да сұранысқа ие маман боламын.

Ақыл-кеңес

Егер бұл сіздің арманыңыз болса, бұл процесті кейінге қалдырмаңыз. Өз әлеуетіңізді іске асырыңыз.


Нұрсұлтан Асылов, 25 жаста, қаласы — Бостон, студент, @asylove_n

Нурсултан

Өзі туралы

Мен Штаттарда PhD студентпін. Шетелде оқу туралы белсенді блог жүргіземін. Мамандығым бойынша ағылшын тілі мұғалімімін.

Оқуға қалай түскені туралы

Өтінім беру кезінде ең бастысы — сізді белгілі бір оқу орнында қызығушылық танытқан студент ретінде сипаттайтын жақсы ынталандыру хаты. Сондай-ақ академиялық ағылшын тілін жақсы білу керек, 6,5 баллдан жоғары болғаны дұрыс. Пандемиядан кейін көптеген университеттер GRE-ден бас тартты, сондықтан бұл қажет емес. Сондай-ақ ұсыныс хаттар да қажет. Кейінірек сіз сауалнаманы толтырып, өтінім жібересіз.

Оқуы туралы

Нурсултан


Оқуымның арқасында мен академиялық ортада қалай жұмыс істеу керектігін түсіндім және дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрендім
. Менің халықаралық тәжірибем, soft- және hard-скилдарым дамыған. Елге келген кезде бұл дағдылардың барлығы пайдалы болады.

Ақыл-кеңес

Мен ағылшын тіліңізді жетілдіруді ұсынамын. Онсыз шетелде магистратурада оқу өте қиын болады. Сондай-ақ түйіндемеңізді жақсартуға және халықаралық жобалар мен конференцияларға қатысуға кеңес беремін. Edx, Coursera курстарынан өтіңіз, бұл сіздің түйіндемеңізді жақсырақ етеді.


Назерке Құрбанәлі, 22 жаста, қаласы — Рим, студент, @a1tynbekovna

Назерке К

Өзі туралы

Мен La Sapienza University-дің «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша магистратурада оқып жатырмын.

Өз мамандығым бойынша шетелде оқудың пайдасы жоғары. Бізге сабақ беретін профессорлардың білімі мықты. Мұндай тұлғалардың студенттермен бөлісетін білімі мен тәжірибесі мол.

Оқуға қалай түскені туралы

Шетелде магистратурада оқуға қажетті құжаттар тізімі стандартты. Ғылыми мамандықта оқып жатқан жағдайда ғана қабылдау комиссиясы қосымша құжаттарды сұрата алады.

Ынталандыру хатына және Curriculum Vitae-ға көп көңіл бөлінеді. Менің жағдайымда CV мен ынталандыру хатына қоса, тілдік сертификаттарды, Coursera платформасынан сертификаттарды, бакалавр дәрежесінің және әртүрлі олимпиадалардың дипломдарын тапсырдым.

Құжаттарды тапсырғаннан кейін мен өз кафедрамның профессорымен сұхбаттастым, онда маған халықаралық құқық туралы негізгі сұрақтар қойылды.

Оқуы туралы

Оқу барысында кездескен жалғыз қиындық — бірінші семестрде ағылшын тіліндегі ғылыми және академиялық кітаптарды түсінбеуім болды. Бірақ уақыт өте келе бәрі жақсарды. Жалпы, Италиядағы бейімделу кезеңі оңай әрі жылдам болды.

Назерке К

Мамандығымыздың түлектеріне халықаралық ұйымдардан бос жұмыс орындарының ұсынылатыны ұнады. Бұл — мансап жолын бастауға жақсы мүмкіндік.

Ақыл-кеңес

Айтайын дегенім, шетелде магистратурада білім алғысы келетін студенттер мұндай шешімге келгенде үлкен табандылық танытуы керек. Ол жаққа мықты моральдық иммунитетпен бару керек және бәріне дайын болу керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
«Астана Балет» театрының жетекші солистері өзінің мансабы, өмір салты және «Золушка» қойылымы туралы
«Астана Балет» театрының жетекші солистері өзінің мансабы, өмір салты және «Золушка» қойылымы туралы
Tomas.kz. Қазақстанның тез дамып келе жатқан маркетплейсіне қалай шығуға болады
Tomas.kz. Қазақстанның тез дамып келе жатқан маркетплейсіне қалай шығуға болады
«Өз ісіңнен шабыт алу маңызды», — Мирас Баянов суретке деген сүйіспеншілік пен тарихта із қалдыру ниеті туралы
«Өз ісіңнен шабыт алу маңызды», — Мирас Баянов суретке деген сүйіспеншілік пен тарихта із қалдыру ниеті туралы
«Көз жасының патшайымы» және назар аударуға тұрарлық тағы 9 кореялық дорама
«Көз жасының патшайымы» және назар аударуға тұрарлық тағы 9 кореялық дорама
Әнші Plecto өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы
Әнші Plecto өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы