Квота кімдерге беріледі
Басқа мемлекеттерде ем қабылдауға бірінші кезекте қалыптасқан кезектілікке сәйкес туыс донор болған жағдайда мүшелер, тіндерді трансплатациялауды жүргізуге мұқтаж балалар, жүкті әйелдер жіберіледі. Бөгде күтімге мұқтаж балалар, сондай-ақ тұлғалар шетелдік медицина ұйымдарына қоса алып жүретін адаммен жіберіледі, Жолға кеткен шығындар бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Отандық дәрігерлер көмектесе алмаған ауыр жарақатттары бар әскерилер мен полицейлер де шетелдік клиникаларда емделе алады.
Қандай құжаттар қажет
Шетелдік клиникада емделуге квотаны алу үшін, мынандай құжаттар қажет:
-Емделушінің шетелге жолданатыны туралы Денсаулық сақтау басқармасынан құжат
- жеке куәлік көшірмесі
- жүргізілген зерттеулермен, кеңестердің нәтижелерін және емделушіге шетелде емделудің қажеттігі туралы медициналық қорытындыны қоса ұсына отырып, ауру тарихынан үзінді.
Ауру тарихына емдеуші дәрігер, медициналық ұйымның басшысы қол қойып, оны жолдауға 30 жұмыс күні қалғанға дейін мөрмен бекітеді.
Дереккөз: egov.kz