facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sha-pen-uezhayda-y-s-z-b-le-bermeyt-n-14-yzmet
logo
Ұшақ пен әуежайдағы сіз біле бермейтін 14 қызмет

12.02.2017

Ұшақ пен әуежайдағы сіз біле бермейтін 14 қызмет


БІЗ ұшақ пен әуежайдағы сіздің ойыңызға да келмейтін қандай қызметтер бар екенін білуді ұйғардық.


Салонға отырғызу



жолаушы онлайн-тіркеу арқылы ұшақтағы отырғызу сызбасынан белгілі бір орынды брондауына болады. Бірақ соңғы кезде әуекомпаниялар орынды таңдаудың ақылы түріне жүгініп жүр. Яғни, егер орындарды өзіңіз таңдағыңыз келсе, онда сізге бұл үшін 5 – тен 15 долларға дейін ақша төлеуді ұсынады. Әзірше бұл әуекомпаниялардың көпшілігіне енгізілмеген, алайда мұның көбейе түсетініне дайын болыңыз


жолаушы қосымша ақы төлей отырып, ұзақ ұшу кезінде апаттық шығу жағынан аяқ қоятын жері кең орынды ала алады. Әдетте, бұл қолданылмайды, бірақ кейбір әуекомпаниялар мұны тәжірибеге енгізіп жатыр. Көп жағдайда сіз бұл орындарды алдын ала ала алмайсыз, себебі олар тіркеу кезінде бөлінеді: сіздің отыру талондарыңызды рәсімдеп жатқан қызметкерлер, әйелі мен балаларынсыз саяхаттайтын, апаттық жағдайда әуесеріктерге апаттық құтқару шығу есіктерін ашуға көмектесетін ерлерді таңдайды. Сондықтан, тіпті, ақшаға болса да бұл жайлылықты сатып ала алмайсыз.



Тағам



жолаушы қосымша тағам сұрай алады. Егер әуесеріктерде пайдаланылмаған тағам болса, онда олар онымен бөліседі


қосымша стақан шырын, су немесе газды сусынның бүтін банкісін сұрай алу, алмайтындығыңыз әуекомпанияға байланысты. Егер сіз лукостерде ұшсаңыз, онда сізден бұл үшін ақы төлеуді талап етеді, кейбір әуекомпанияларда алғашқы стақан тегін, ал екіншісі ақылы. Ал кейде ұшу кезінде шырындарды әуекомпанияның есебінен ішуге болады


диеталық, кошерлі, вегетариандық және т.б. сияқты арнайы тағамдарға ұшпас бұрын алдын ала тапсырыс беруге болады. Егер бұлай етпесеңіз, онда ұшақта сіз қалаған тағам болмай қалуы мүмкін. Ал кей әуекомпанияларда ыстық тамаққа алдын ала сұраныс бойынша тапсырыс беруге болады, керісінше болған жағдайда, ұшу кезінде сізге тек бутербродтар немесе сандвичтер ғана ұсынуы мүмкін.



Қосымша қолайлылық



сіз қысқа ұшу кезінде жастық, жамылғы немесе көрпе сұрай аласыз. Бірақ, егер бұл тасымалдаудың негізгі жиынтығына енбесе, онда әуекомпания бас тартуға құқылы. Жамылғылар көп жағдайда бизнес-класының жолаушыларына ғана арналған, алайда егер сіз қызметкерлерге ұнасаңыз, онда сізге де әкеліп беруі мүмкін


қосымша ойын түрлері, плеерлер, фильмдер, журнал, кітап пен газеттер де әуекомпанияға байланысты. Егер бұл лукостер болмаса, онда мұндай ойын-сауық түрлері көбінесе тегін, алайда егер бұл бюджеттік әуекомпания болса, онда мұндай қызметтер болмайды немесе оларға қосымша ақы төлеу қажет болады


алдын ала сұраныс бойынша ұшақтарда сәбилерге арналған бесік қарастырылған. Бесіктен бөлек, әр әуекомпанияда бір уақытта саяхаттайтын сәбилердің санына арналған шектеулер бар. Сондықтан, сәбимен әуе билетін сатып алғанда агенттік әуекомпанияға сұраныс жібереді және егер рейсте сәбилер көп болса, онда әуекомпания тасымалдаудан бас тартуға құқылы


Ғаламтор соңғы жылдары әуекомпаниялар қызметінің ішіндегі жаңа трендке айналып келеді. Әдетте, бұл қызмет ақылы


жолаушы рейс кешіккен жағдайда, ұшпай қалғанда, әуежай мен ұшақтағы жағдайларға байланысты, зиян келу /шығын/ жүктің кешігуі, медициналық шығындар өтеміне кепілдік беретін және қайғылы жағдайдан сақтайтын сақтандыруды ала алады. Мұндай сақтандырулар кеңінен таралуда, ал сақтандыру компаниялары бұл тәуекел типіне көбірек көңіл бөлуде


жануарды ұшақ салонында алып жүру жануардың түріне, келбетіне, салмағына, алып жүру сөмкесінің түріне байланысты. Бірақ, кейбір жануар түрлері ұшу кезінде өліп кету ықтималдығы жоғары болғандықтан тасымалдауға тыйым салынған болуы мүмкін. Жануар тасымалдауды рәсімдеудің жануардың барлық екпелері, ветеренарлық сертификаттары туралы анықтамаларды алуға байланысты күрделі шаралары бар.



Әуежайдағы қосымша қызметтер



Алматы мен Астана әуежайларында, Алматыда 17 000 теңгеге, Астанада 15 000 теңгеге ұшуға дейін демалуға және барлық шараларды қосымша жайлылықпен әрі кезексіз өтуге болатын VIP-терминал бар


жанында ересек адамы жоқ баланы тасымалдау қызметіне тапсырыс беруге болады. Әуекомпания оны күтіп алып, қажет жеріне алып барады


егде жастағы адам қажетсінген жағдайда сүйретпе арбаға тапсырыс бере алады.


Материалды дайындауға көмектескені үшін chocotravel.com әуе билеттерін сатудың онлайн-қызметінің директоры Николай Мазенцев мырзаға алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.