Өзі жайында
Мен оптимистпін.
Мен сенгішпін. Бойымдағы бұл қасиет 16 жасымда да, 38 жасымда да өзгермей қалды.
Мен үшін өзімді жайлылықты сезіну маңызды болып табылады.
Соңғы жылдар ішінде менің мінезім өзгерді. Егер бұрын мен тік мінезді, ашушаң болсам, қазірде мен жайында олай ешкім айта лмайды. Мен терең ойлай бастадым: жеті рет өлшеп, бір рет кесетін адам – бұл мен туралы айтылған.
Гүл бизнесімен айналысып жатқаныма төрт жыл болды және бұл кәсіп маған ұнайды
Өмірімнің мәні – балалар, олардың қызығушылықтары мен жетістіктері. Менің үш балам бар, әрқайсысын күн сайын қатты жақсы көремін.
Өмірімнің екінші маңызды бөлігі – жұмысым. Бұл табыстың, рахат пен қанағаттың негізгі көзі. Гүл бизнесімен айналысып жатқаныма төрт жыл болды және бұл кәсіп маған ұнайды.
Сонымен қатар мен уақытымды спортқа бөлемін: теннис ойнаймын, күш беретін жаттығулармен, йогамен, кейібр кезде кикбоксингпен айналысамын.
Мен достарымды жақсы көремін және жыл өткен сайын оларды бағалаймын.
Менің негізгі өмірлік қағидам – барлығы жақсы болатынына сену
Менің негізгі өмірлік қағидам – барлығы жақсы болатынына сену.
Алматы жайында
Мен Шымкентте тудым және гимназияны бітіргеннен кейін, Алматыға кеттім. Осында 22 жылдан астам уақыт бойы тұрып жатырмын. Осы уақыт аралығында бұл қала жаныма жақын болып кетті.
Мәскеу, Лондон, Нью-Йорк немесе Гонконг мегаполистерінен қайтып келген кезде, Алматы өте кішкентай қала болып көрінеді. Бірақ мен оны адамдары үшін, қонақжайлылығы, бірегейлік атмосферасы, климаты және таулары үшін жақсы көремін. Бұрынғы кезде мен көп шаңғы тебетінмін, тіпті жұма сайын Шымбұлаққа шығатынбыз, бірақ кейін жарақат алдым. Дегенмен біз балаларымызбен бұндай керемет жерге барып тұруды жалғастырыпжатырмыз, олар сноуборд тебуді үйренеді, ал мен дәмханада отырып, табиғатпен, ауа-райымен және тауларға деген көрініспен рахаттанамын.
Алматылық көктем мен күзді ұнатамын. Осы уақыт аралығында мен таңертең оянып, Алтын шаршы ауданында кофе ішуге баруды жақсы көремін. Бұл мен үшін қымбат.
Алматы – рахаттанып өмір сүретін адамдардың қаласы. Жылдың жылы мезгілінде көшелер бойында жай ғана серуендеп жүрген, орындықта отырған немесе шәй, кофе ішіп, ешқайда асықпай отыратын адамдарды көп кездестіруге болады. Мен осындай болмысты басқа қалаларда көрген емеспін.
Алматы – рахаттанып өмір сүретін адамдардың қаласы
Қалаға келетін көліктердің ағымы азайғанын және жедел қызмет көрсететін көліктер үшін арнайы жолдың болғанын қалаймын.
Қаланың алыс аймақтардағы адамдар үшін қауіпсіз болғаны маңызды.
Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері
Өмірімнің ісі – балалар. Мен оларға бар уақытымды, қуатымды және жанымды беремін.
Өмірімнің ісі – балалар
Айналадағы адамдарға пайда әкелу маңызды. Мен қайырымдылықпен айналыса бастадым, себебі бұндай істермен айлалысу керек. Бір адамды шынымен құтқарғаныңды түсінген кезде, көмек көрсету өміріңнің маңызды бөлігі болып қалыптасады.
Мен 19 жасымда жұмыс істей бастадым. Менің алғашқы қызметім – курьер еді. Бұл қарапайым жұмыс, мені ешбір тәжірибесіз алды. Негізгі терминдер мен процестерді ұғына бастаған кезде, мен жүк тасымалдаудың үйлестірушісі болдым. Бір жылдан кейін қызметім бойынша тағы көтерді, мен мұнайгаз саласындағы жобаның үйлестірушісі, кейін менеджер болдым. Мені филиал директоры етіп тағайындады, екі жылдай Атырауда тұрып көргенім бар. Алматыға қайтып келген кезде, мен департамент басшысы болдым және маған компанияны басқаруды ұсынды. Осылайша мен 24 жасымда 5 жыл бұрын курьер болып келген логистикалық компанияның бірінші жетекшісі атандым. Мен осы қызметті сегіз жыл атқардым, үшінші баланы дүниеге әкеліп, бұндай ырғақта жұмыс істей алмайтынымды түсіндім. Бір аптаның ішінде үш әртүрлі елге барып қайтқан кездер де болды. 25 жаста бұл қызықты және әсерлі болатын, бірақ 33 жаста үш баланың анасы болған кезде, бұл көңілге аса қонымды емес. 33 жасымда мен мұнайгаз саласынан IT-саласына ауыстым. Кейін бір жылды балаларыммен өткіздім және сол кезде уақытымды отбасыма, жұмысыма, спортқа, достарыма және саяхаттарға жеткізе алатындай немен айналысуға болатыны жайында ойладым. Осы өзгеріс арқылы уақытымды өзім үлестіре алатын іспен айналысу керек екенін түсіндім. Осылайша мен гүл бизнесіне келдім. Бүгінде біз Қазақстандағы тәулік бойы гүлдерді жеткізу саласындағы үздіктердің біріміз.
Қазіргі сәттегі рухтың күйі
Мен жайлылық күйін кешіп жатырмын және өзіме ризамын. Бұл маған күш беріп, өміріме тепе-теңдік күйін сыйлайды. Мен бақыттымын.
Менде алда немен айналысатыным жайында жоспарларым көп.