Қазақстан тұрғындары тікелей рейстермен ұша алатын әуе бағыттары жайлы бүгінгі материалда.
Камрань — Алматы және Камрань — Астана
Қазан айында Vietjet Air Камрань — Алматы бағыты бойынша және Вьетнамнан Астанаға рейс ашты.
Алматы — Таиланд
30 қазанда Air Astana Таиландпен рейстерді қалпына келтірді. Бангкокқа рейстер күн сайын орындалады.
Астана — Анкара, Анкара — Алматы
Turkish Airlines Анкара мен Қазақстан арасындағы рейстерді ашты. Маршруттар аптасына екі рет орындалады.
Алматы — Анкара
1 қарашадан бастап Pegasus Airlines Алматы мен Анкара арасында тұрақты рейстерді ашты.
Алматы — Медина және Ақтау — Медина
2023 жылы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында жаңа әуе рейстерін ашу жоспарлануда. Air Astana Алматы — Медина бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр, ал Fly Arystan Ақтау — Медина рейсін ашады.
Виктория — Алматы
Келесі жылдан бастап Сейшель аралдарына тікелей рейстер ашылады. Әуе компаниялары екі елдің арасында аптасына жеті рейс орындай алады.
Доха — Алматы
1 қаңтардан бастап Алматыдан Дохаға ұшатын рейстер аптасына жеті рет ұшатын болады.