Айдана Асубаева, 25 жаста, туған қаласы — Өскемен, студент
Астана — Сеул
Мен Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында тудым, бірақ соңғы бес жыл Астанада тұрдым. Сол жерде мен Еуразиялық университетте оқыдым және оны бітіргесін оқуымды Корей елінде жалғастыруды шештім.
Алғаш рет осы жерге 2013 жылы саяхатшы ретінде келдім. Бұл менің алғашқы саяхатым еді және маған осы жерде ұнағаннан мен қайтып келуді шештім. Сол себепті 2016 жылы мен Корей еліне қайта келдім.
Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында
Кореяға келген кездегі алғашқы әсерім тек жағымды болды. Маған жергілікті адамдар, мәдениет, тамақтанудың ерекшеліктері – барлығы ұнады.
Әрине, қиыншылықтар болды. Мен келген кезде, корей тілінде бір де бір сөз білмейтінмін. Сол себепті адамдармен түсінісу, дүкенде бірдеңе алу қиынға соғатын. Бірақ мен тілдік курстарға бардым, тілдік қатынасқа арналған қосымшаны қолдандым, ауызша сөйлеу тілін тезірек меңгеру үшін адамдармен кездесетінмін.
Кореядағы өмір жайында
Кореядағы адамдар қайырымды және сабырлы. Егер жол сұрасаң, кез-келген адам телефонындағы картасын ашып, бәрін түсіндіріп, көрсетеді, тіпті қажетті жерге дейін шығарып салады. Ұзын кезектерде адамдар әбігерлікке түспейді, жай ғана өз орындарында тұрып, күтеді. Басқаларға кедергі жасамау үшін, қарапайым ережелерді сақтайды.
Кореяда мұражайлар, галереялар көп. 2013 жылы біз қаладағы барлық мұражайларды аралап шығуды шештік, себебі мен корей мәдениетімен жақынырақ тынысқым келді. Барлық мұражайлардың тегін жұмыс істейтіні мені таң қалдырды.
Корей елінің 90 % тұрғындары христиан-католиктер, қалғандары – буддисттер және мұсылмандар. Сол себепті халықтың басым бөлігі шошқа етін жейді. Тамақтану бойынша біздің отандастарымызға бастапқы уақытта қиын болады. Бұдан бөлек тамақтың басым бөлігі ащы. Бірақ маған бір тағамға тапсырыс берсең, үлкен дастархан жайылатыны ұнайды. Себебі басты тағаммен қоса көптеген шайнама-салаттарды әкеледі. Егер жетпей қалса, оларды шексіз көлемде сұрап алуға болады және бұның барлығы тегін.
Мен саламатты өмір салтын ұстанатыныма байланысты тамақтануды, күніне қанша су ішетінімді қадағалаймын. Маған Корей елінде су қадам сайын табылып тұратыны ұнайды, яғни барлық дәмханаларда, мейрамханаларда, оқу орындарында, банктерде, сұлулық салондарында әрдайым тегін су бар.
Осындағы жалақы Қазақстанға қарағанда үш-төрт есе жоғары, ең төмен жалақы шамамен 2000 $. Бірақ ол жергілікті бағаларға сай келеді. Қазақстанмен салыстырғанда осында өмір сүру қымбатқа түседі.
Жастардың басрлығы жас болып көрінуге тырысады және сонымен ерекшеленеді. Қазақстанда стандарттар басқа, қыздар сұлулықты басқаша түсінеді. Кореяда қыздың жасы 30-дан асса, ол сүйкімді болып көрінуге тырысады. Қыздардың басым бөлігі қымбат киінеді. Жазда нымшаларды аз киеді, тек аяқтарын ашып жүруі мүмкін.
Кореядағы оқу жайында
Мен Коредағы үздік үш университетінің бірі – Ёнсе университетінің тілдік курстарына түстім. Мен курстарда бір жарым жыл оқып шықтым, тілді білудің ең жоғары деңгейі болып табылатын алтыншы деңгейге дейін жеттім және Topic сертификатына ие болдым. Мен корей тілінің білгірі болуды шештім және «корей тілі» мамандығы бойынша Kookmin университетінің магистратурасына түстім. Мен университеттің шәкіртақысы бойынша оқып жатырмын.
Кореяда оқу 1 наурыздан басталады. Жүйе өзіңе қызықты болып табылатын пәндерді жекелей таңдау мүмкіндігімен ыңғайлы. Бастысы кредиттер санын қадағалау.
Корей елінде білім бағдарламалары, гранттар, шәкіртақылар көп. Егер сіз корей тілін білмесеңіз, үкімет, университеттер немесе Samsung компаниясы сияқты ірі корей компаниялардың шәкіртақыларына ие бола аласыз.
Кореядағы оқу болашақта көп мүмкіндіктер береді. Осы елде қалып, жұмысқа орналасуға болады. Осында шетелдік мамандар, әсіресе корей тілін білетіндер бағаланады. Немесе шетелге барып, корей тілін білу және азиялық адамдармен қарым-қатынас құру артықшылықтарына ие болуға болады.
Басқа жерге көшу қалай ықпал еткені жайында
Кореяға көшу мені ата-анамнан тәуелсіз, өздігінен әрекет етуге үйретті, мен өзімнің ұсақ шығындарыма өзім ақша табамын.
Менің өй-өрісім кеңейіп жатыр. Басқа мәдениеттерге деген қызығушылық одан сайын артты – мен көп елдерге баруды қалаймын.