facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
senbe-fil-m-n-kasty-almatyda-y-akterlerd-m-r-aza-standa-y-kinony-damuy-zh-ne-shabyt-turaly
logo
SENBE фильмінің касты Алматыдағы актерлердің өмірі, Қазақстандағы киноның дамуы және шабыт туралы
Главный (каз)

06.05.2023

SENBE фильмінің касты Алматыдағы актерлердің өмірі, Қазақстандағы киноның дамуы және шабыт туралы

13 сәуірде жаңа қазақстандық SENBE фильмі прокатқа шықты. Біз жобаның актерлік құрамымен сөйлесіп, олардың түсірілімнен алған әсері жайында және басқа да сұрақтарымызға жауап алдық.


Жандос Айбасов, қаласы — Алматы, актер, каскадер, @zhandos_aibassov

337137496_179281174882792_449074255794981925_n.jpg

Өзі туралы

Мен актер, каскадермін. Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобының құрамында жұмыс істеймін. ARTDEALERSMOVIE шығармашылық компаниясының негізін қалаушылардың бірімін.

Белсенді демалыс түрін жақсы көремін: жаяу серуендеу, табиғат аясына шығу, балық аулау және атқа міну. Сүйікті спорт түрім — бокс. Бос уақытымда зергерлік бұйымдар жасаймын.

Менің ортам әртүрлі адамдардан тұрады. Көбінесе шығармашылық адамдармен: каскадер, актер, режиссерлермен уақыт өткіземін.

Тыңдаймын, оқимын, көремін

Мен меломанмын.

Түрлі музыка тыңдаймын, бірақ соңғы кездері отандық эстраданы таңдап жүрмін: Ғалымжан Молданазар, GHAD отбасы, АРО, Arshat, Darkhan Juzz, Orynkhan. Көңіл күйіме қарай классика тыңдаймын. «Серпер» мен «Махамбет» күйлерін жақсы көремін. Шетел композиторларынан Gustavo Santaolalla-ны тыңдаймын.

«Список Шиндлера», тарихи фильмдерден «Гладиатор» ұнайды. «Қыз Жібек», «Көксерек» фильмдерін қайта қарауды ​​ұнатамын. Маған Алехандро Гонсалес Иньярритудың шығармашылығы да ұнайды. Соңғы кездері кәріс киноларын көріп жүрмін. Отандық шығармалардан маған Әділхан Ержановтың жұмыстары ұнайды. Мультфильмдер де ұнайды, мысалы, «Красная черепаха», «Остров собак».

Сүйікті кітабым — «Волоколамское шоссе».

Неден шабыт алады

Мені табиғатта демалу, фильм көру, жақсы музыка тыңдау шабыттандырады. Сондай-ақ позитивті және батыл адамдардан шабыт аламын.

Алматы — әдемі қала. Мұнда кез келген жерден шабыт алуға болады.

Бос уақытын қайда өткізеді

Ара-тұра қаладан шығып, байланыс ұстамайтын жақтарға баруды ұнатамын. Қалада күш-қуат жинау мүмкін емес деп ойлаймын.

Маған Ботаникалық бақ, Панфилов көшесі ұнайды. Сонымен қатар 3200-ге көтерілуді ұнатамын.

Бізде фестивальдер немесе кино нарықтары сияқты көптеген мәдени іс-шаралар бар. Каскадерлер тобында тамаша кештер ұйымдастырылып тұрады. Бізге басқа елдерден режиссерлер, каскадерлар, актерлер жиі келеді, базаға жиналып, араласып, тәжірибе алмасамыз. Жақында «Эритцентр»-дің жігіттері алғашқы «КИНО КӨРІСУ» ұйымдастырды, оған барлық кино өндірушілер жиналды. Осындай шаралар көп болады деп сенемін.

SENBE фильмі туралы

Маған дебютанттармен жұмыс істеу ұнайды. Мен де бір кездері жаңадан бастадым, маған қолдау керек болды. Сондықтан қолдау көрсету — өте дұрыс. Ұзақ үзілістен кейін түсірілім алаңына актер ретінде қайта оралуым керек болды. Маған тәжірибелі режиссерлерден басқа да ұсыныстар болды. Бірақ мен бұл жобаны қолға алуды шештім. Маған режиссердің бұл фильмді қалай түсіргісі келгені ұнады.

Сонымен қатар сюжет те ұнады. Фильм бірін-бірі тапқан біріккен жалғызбасты адамдар туралы.


Қарлығаш Мұхамеджанова, қаласы — Алматы, актриса, @karlygashmuhamedzhanova

IMG_5157.JPG

Өзі туралы

Мен кино актрисасымын. 2007 жылдан бастап киноиндустриядамын.

Бос уақытымды отбасыммен өткіземін. Сондай-ақ тауға, жаттығуларға, йогаға, достарыммен кездесуге барып тұрамын.

Достарым әр саладан. Әріптестерімнен Айнұр Ілиясова, Әлия Телебарисова, Максим Акбаровтармен тығыз байланыстамын.

Тыңдаймын, оқимын, көремін

Мен түрлі киноны жақсы көремін. Негізінде, қайталап көре беруге болатын классикалық фильмдер: «Титаник», «Отпуск по обмену», «Крестный отец». Мен драмалық фильмдерге бейіммін. Қазіргі заманғы қазақстандық туындылардың ішінен маған «Шал», «Подарок Сталину», «Рэкетир», «Сказ о розовом зайце», «Возвращение в А» ұнайды.

Маған дауыс пен ырғақтан гөрі сабырлы, әуезді музыка ұнайды. Мен қазақ өнерпаздарының жанкүйерімін. Менің плейлистім: Мирас Жүгінісов, Әміре және т.б.

Мен үшін ең әдемі жазылған кітаптардың бірі — «Мемуары Гейши». Бұл — жұқа кітап.

Неден шабыт алады

Мені әдемі музыка, жақсы фильм немесе адамдар шабыттандырады. Ата-анам да мені шабыттандырады. Оларды қатты жақсы көремін. Ата-анаммен сөйлескен сайын маған қанат біткендей күйде боламын.

Алматыда шабытты таудан табуға болады. Онда мен көп қуат аламын.

Бос уақытын қайда өткізеді

Мен тауға сұлулық, тыныштық, шабыт алу үшін барамын. Достарыммен кафе, мейрамханаларда демалу, қалада серуендеу ұнайды.

IMG_5154.JPG

Маған Алматының ескі орталығы — Калинин ауданы, Төлебаев көшесі ұнайды. Балалық шағым Төлебаева-Шевченкода өтті.

Көбіне әріптестеріме, достарыма қолдау көрсету үшін кино презентацияларына барамын.

SENBE фильмі туралы

SENBE жобасына дарынды актерлер мен тамаша режиссер Данияр қатысты. Топта сүйіспеншілік пен өзара түсіністік атмосферасы орнады, бұл маған қатты әсер етті.

Меніңше, көрермендер кейіпкерлердің әрекетін тамашалайтын сияқты. Фильм сюжеті көпшіліктің көңілінен шығуы керек.


Бақытжан Ақпаров, 25 жаста, қаласы — Алматы, продюсер, актер, блогер, @baha_puper ​

IMG_5152.JPG

​Өзі туралы

Мен блогер, актер және продюсермін.

Маған футбол және басқа да белсенді спорт түрлері ұнайды. Көп видео түсіремін. Басқа блогерлермен, әншілермен, отбасыммен уақыт өткіземін.

Тыңдаймын, оқимын, көремін​

Маған бәрінен де лирикалық музыка ұнайды. Мен Kalifarniya, Mona Songz, Kanay, Sadraddin-нің әндерін жақсы көремін. Ең сүйікті әнім — Mona Songz пен Мирас Жүгінісовтің «Уақыт» фиті.

Netflix-тің комедиялар мен сериалдарды жиі көремін. Сегіз-тоғыз рет көрген сүйікті фильмім — «В погоне за счастьем».

Әдебиеттен психологиялық кітаптарды ұнатамын.

Неден шабыт алады

Дәптерге жазып жүретін армандарым мен мақсаттарым бар. Оларды оқыған сайын шабыттанып, мотивация аламын.

IMG_5151.JPG

Алматыда шабытты таудан табуға болады. Кейде көңіл күйім бұзылып, шығармашылық дағдарысқа ұшырағанда бір-екі күнге тауға шығамын. Бұл көмектеседі.

Бос уақытын қайда өткізеді

Мен мейрамханаларға сирек барамын. Соңғы кездері достарыммен компьютерлік клубта ойнап жүрміз. Саябақта серуендегенді ұнатамын.

Қаладағы сүйікті орындарым: Терренкур, «Весновка», Ботаникалық бақ.

Алдын ала көрсетілімдерге, компаниялардың презентацияларына немесе мекемелердің ашылуына жиі барып тұрамын.

SENBE фильмі туралы

Мен SENBE фильмінің актері ғана емес, сонымен қатар продюсермін, сондықтан барлық процестерге қатыстым. Сценарий үш айға жуық жазылды. Түсірілім жеңіл өтті, атмосфера тыныш болды.

SENBE — ерекше қазақ фильмі, оны көрермен де байқайды деп ойлаймын.


Алмагүл Қазихан, қаласы — Алматы, актриса, @almasagindik

337478899_137925175890821_8698320113072211650_n.jpg

Өзі туралы

Мен актрисамын. Барлық хоббиім де шығармашылықпен байланысты. Сауық кештерін жақсы көремін. Сондай-ақ техно-кештерге, концерттерге, спектакльдерге барғанды ​​ұнатамын.

Бізде «TOBE» шығармашылық бірлестігі бар. Онда музыкамен, театрмен, киномен айналысамыз. Бірге жұмыс істеп қана қоймай, 10 жылдан бері отбасыларымызбен доспыз.

Тыңдаймын, оқимын, көремін

Мен күн сайын техно-музыканы тыңдауды жақсы көремін. Танымал фильмдерді көрмеймін. Авторлық киноны жақсы көремін. Әдебиеттен классиканы ұнатамын: «1984», «Қылмыс пен жаза», «Том ағайдың үйі».

Неден шабыт алады

Мені достарым мен өнер шабыттандырады. Күш-қуатымның таусыла бастағанын сезсем, театрға немесе концертке барамын. Мұндай шаралардың арқасында өмірге қызығушыылғым оянып, шабыт аламын.

«АРТиШОК» театрына жиі барып тұрамын, өйткені бір кездері де сол жерде жұмыс істегенмін. Жай ғана қаланы аралап серуендеуге немесе тауға шығуға болады. Бұл адамға күш-қуат сыйлайды.

Бос уақытын қайда өткізеді

Мен «Пацацина» мейрамханасын жақсы көремін. Мұнда дәмді үй шарабы, грузин тағамдары бар. Сондай-ақ андерграундты, адамдар аз болатын іс-шараларды және де сахнаға қатысы бар адамдармен кездесуге болатын жабық кештерді жақсы көремін.

Негізінен мені түрлі шараларға, премьераларға, сондай-ақ алдын ала көрсетілімдерге шақырады.

SENBE фильмі туралы

Бұл менің алғашқы коммерциялық фильмім. Оған дейін мен тек авторлық фильмдер мен сериалдарда ойнадым.

Сондай-ақ ең оңай түсірілімдерім болды. Түсірілім алаңы жеңіл әрі тамаша атмосфераға толы болды.

Егер фильмнің трейлерін көріп ұнатсаңыз, оған міндетті түрде барыңыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Шетелге түсу үшін жақсы ұсыныс хатын қалай алуға болады. Орталық Азиядан келген студенттердің тәжірибесі
Шетелге түсу үшін жақсы ұсыныс хатын қалай алуға болады. Орталық Азиядан келген студенттердің тәжірибесі
Қазақстанның ең ірі және табысты интернет-компаниялары
Қазақстанның ең ірі және табысты интернет-компаниялары
2024 жылы көруге болатын 8 аниме
2024 жылы көруге болатын 8 аниме
Freedom Holding Corp-да жұмыс қалай жұмыс істейді. Халықаралық компаниялар тобындағы мансап туралы
Freedom Holding Corp-да жұмыс қалай жұмыс істейді. Халықаралық компаниялар тобындағы мансап туралы