facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
semeyl-k-zh-g-t-ytay-a-o-u-a-baryp-alay-ibm-hong-kong-yzmetker-atandy
logo
Семейлік жігіт Қытайға оқуға барып, қалай IBM Hong Kong қызметкері атанды

02.07.2022

Семейлік жігіт Қытайға оқуға барып, қалай IBM Hong Kong қызметкері атанды

Рахат Шакимбеков Семей БИЛ бітірген, қазір IBM-де Tech-кеңесші болып жұмыс істейді. Ол бізге бұл позицияға қалай келгендігі жайлы айтып, бағдарламалаушыларға берер кеңестерімен бөлісті.



Рахат Шакимбеков, қаласы — Гонконг, IBM-де Tech Consultant

Рахат Шакимбеков

Көшуі жайында


Мен IBM Hong Kong-та Tech Consultant болып жұмыс істеймін.

Гонконгқа алты жыл бұрын көшіп келдім. Бакалавриатқа The Hong Kong Polytechnic University - гетүсіп, Electronic and Information Engineering мамандығында оқыдым. Оқуға енді ғана тапсырған кезде өзіме қандай сала қызықты болатынын білмедім: software ма әлде hardware ма. Бірақ оқу бағдарламамның арқасында екі саланы да оқып көруге мүмкіндігім болды.

Бейімделуі мен қиындықтары жайында


Басқа елге көшуім ыңғайлы түрде өтті. Біздің университетте Қазақстаннан келген студенттердің шағын диаспорасы бар. Бұдан басқа университет қызметкерлері, атап айтқанда, Student Affairs Office және International Student Association Гонконгтың өмір салтына тезірек бейімделуге көмектесті.​

Рахат Шакимбеков

Университетте Host Family бағдарламасының болуы да айтарлықтай рөл атқарды. Осы бағдарлама аясында халықаралық студенттер мәдени алмасу үшін жергілікті бір отбасымен бірге тұрады.

Бастапқы уақыттағы қиындықтардың ішінен тек тамақтану мәселесін ерекше атап өте аламын: маған жергілікті тағамдарға үйрену қиын болды.

Гонконгқа табаным тигенде ең алғашқы алған әсерім — мұндағы халықтың тым тығыздығы. Аумақтары шағын ғана, оған километрлік кезектерді көргенде бұны байқамау мүмкін емес. Өзімді құдды бір құмырсқа илеуінде жүргендей сезіндім. Ал Гонконгта өмір сүрудің орташа жасы шамамен 85 жас екенін білгенімде қайран қалдым. Қазақстанда бұл көрсеткіш 73-ке тең. Мұнда қала көшелерінде қарт адамдар жүгіреді, жаттығулар жасап, спортпен белсенді түрде айналысады.

Енді ғана көшіп келген адамдар, жергілікті тұрғындармен көбірек араласуы қажет. Олар ашық- жарқын әрі досшыл. Көшеде кетіп бара жатып бейтаныс адаммен әңгімелесуден қорықпау керек, өйткені жат елдегі өмірдің артықшылықтарының бәрін тек солай ғана біле аласың. Сондай-ақ өзіңмен ортақ қызығушылықтары бар адамдарды Facebook-тегі бірлестіктерден де табуға болады.

Дамуы мен мансабы жайында


Инженерияға қатысты көптеген позициялар, үміткерлерден жергілікті тілді білуін талап етеді. Гонконгта негізі ағылшын тілі — ресми тіл болса да, ал іс жүзінде көптеген компаниялар тілдік және мәдени кедергілерге байланысты шетелдіктерді жұмысқа алуға дайын емес. Бірақ қаржы саласы мен бағдарламалауда жағдай басқаша. Бұл саладағы компаниялар ұжым ішіндегі әртүрлілікке қызығушылық білдіреді.

Түрлі адамдармен жұмыс істеп көру маңызды


Менің оқу бағдарламам қызмет саласын оқып жүргенде таңдауға мүмкіндік берді. Мен бағдарламалаушы боламын деп шештім. Алғашқы уақытта стартаптарда тағылымдамадан өттім. Гонконгтың өз Кремний Алқабы бар: Science Park және Cyberport. Мен сол жердегі адамдарға өнімді жасап, оны қолдауға көмектестім, біздің жасағанымызды Гонконг, Малайзия, Сингапур және Корея сияқты түрлі елдерде әлі күнге дейін қолданады.

Стартаптардың басты ерекшеліктерінің бірі — бұл нарықта жоқ, жаңа бірнәрсені жасауы. Қиындықтар көп болды, бірақ мынадай сөз бар ғой, You don’t learn to walk by following rules, but you learn by doing, and by falling over. Гонконгта тұрған алты жыл ішінде басымнан көптеген сынақтар мен қателіктер өтті, қазір өткенге көз салсам, соның бәрі мен үшін пайдалы болды деп айта аламын.

Адам жан-жақты болуы керек. Түрлі адамдармен жұмыс істеп көру маңызды. Бұл әсіресе технологиялар бір орында тұрмайтын Tech саласына да қатысты. Бұрын танымал әрі әдеттегі нәрсе болған заттар, уақыт өте келе біртіндеп сиреуде және сол кездегі қабылданған шешімдер енді біртүрлі шешім сияқты көрінеді. Өз тәжірибемнен айтсам, бұрын бағдарламалауға енді ғана қадам басқан адамдар үшін өз портфолиосын құру басқа кандидаттармен салыстырғанда басты артықшылықтардың бірі болатын.

Адам жан-жақты болуы керек


Startup пен SME-де жұмыс істегеннен кейін әлемдік бір жерде қызмет етіп көргім келді. Өкінішке орай, Гонконгтағы FAANG компаниялар software engineer -лерді жұмысқа алмайды, сондықтан басқаларын іздедім. Tech Consulting-тің ішінде бүкіл әлемде ең жақсы екі компания бар: IBM мен Accenture. Мен тарихы ұзақ болғасын IBM-ді таңдадым. Қазір IBM Hong Kong-да Tech Consultant болып істеймін: авиациядан бастап сақтандыру компанияларына дейінгі түрлі салалардағы ірі клиенттерге жүйелерін әзірлеп әрі оны қолдау қызметін көрсетеміз.

Рахат Шакимбеков

Мен Гонконгтағы startup, SME және enterprise компанияларын салыстырып бере аламын. Қаншалықты біртүрлі естілсе де, кейде сол стартаптардағы атмосфераға қайта оралсам ба деген ой ойымнан шықпайды. Себебі enterprise-де қандай да бір өзгеріс енгізу үшін оған көптеген қолтаңбалар мен рұқсаттарды алу қажет, ал жас компанияда кез-келген идеяны іске асыруға мүмкіндік бар. Егер өз дағдыларыңызды үнемі жетілдіріп отыруды қаласаңыз, жаңа нәрсені үйреніп, жасампаздықпен айналысқыңыз келсе, онда IT-ға қош келдіңіз.

Өзге елге көшу қалай әсер етті


Жат елде, туыстарың мен жақындарыңсыз өмір сүру тәуелсіз әрі өз бетіңше әрекет етуге үйретті. Туындаған проблемаларға тура қарап, дұрыс шешім табуды үйрендім. Мен өз мектебіме, SemeyKTL мұғалімдеріне, достарым мен ата-анама ризамын. Олардың әрдайым қолдауы болмаса, мен қазіргідей болмас едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары
Тель-Авив, Манама және Джидда — Қазақстаннан ұшатын жаңа әуе бағыттары