facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
semeydeg-biznesmen-alaysha-18-000-000-stadion-ryp-teg-n-futbol-mekteb-n-ash-any-turaly
logo
Семейдегі бизнесмен қалайша 18 000 000 стадион құрып, тегін футбол мектебін ашқаны туралы

03.07.2018

Семейдегі бизнесмен қалайша 18 000 000 стадион құрып, тегін футбол мектебін ашқаны туралы

Арман Машимов, 38 жаста, туған жері — Семей, әлеуметтік-белсенді кәсіпкер



Әлеуметтік жобалардың мағынасы туралы



T_Y (301).jpg

Семейде туылып, өсіп, осы жерде білім алдым. 2010 жылдан бастап кәсіпкерлікпен, яғни көтерме-сауда қызметімен айналысып келемін. Барлық қалған уақытым балаларға бағытталған әлеуметтік белсенділікке жұмсалады. Біздің болашағымыз — балалар және мен олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасағым келеді.

Мүмкін, белгілі бір уақытта кез келген ата-ана баласының болашағы жайлы ойлана бастайды. Көп адамдар, егер отбасыда барлығы тұрақты және жақсы болса, онда балалар да қажетті нәрселермен қамтамасыз болады деп санайды. Бірақ олар бәріміз бір әлеуметте тұрып жатқанымыз жайлы ойланбайды және әрбір адамның жеке әл-ауқатына қарамастан күнделікті түрлі адам категорияларымен кездесіп тұрамыз. Көптеген адамдар кедейлік шегінде тұрып жатқаны ешкімге құпия емес, ал кедейлік бар жерде тұрақсыздық және қауіп пайда болады. Біз де, балаларымыз да сыртқы әлем қатерлерінен сақтаулы емеспіз, қаншалықты оларды қорғап қалуға күш салсақ та, барлық нәрседен қорғай алмаймыз. Бірақ сол уақытта айналамыздағы адамдарға бірдеңе істеуге әрекет ете аламыз.

Кейінірек оны түзетуден гөрі, салдарға жол бермейтін әдістерді қолдаймын


Балаларым мен немерелерімнің болашағын қауіпсіз ету үшін, маған жалпы қоғамды қауіпсіз ету жайлы ой келді.Кейінірек оны түзетуден гөрі, салдарға жол бермейтін әдістерді қолдаймын.



Стадион және футбол мектебінің құрылысы туралы



Семейдің шетінде, ештеңе жоқ, балаларға айналысатын іс жоқ жерде, нашар аймақта өстім және 20 жыл ішінде онда ештеңе өзгерген емес. Мұндай аймақтар біздің қалада да, елімізде де көп.

IMG_4831.JPG

Сол себепті жергілікті балалар үшін өз уақыттарын өткізетінфутбол алаңын салуды шештім. Алаң салғым келді, ал нәтижесінде шағын-стадион салдым және жоспарланған 3 миллионның орнына жобаға 18 миллион жұмсадым. Бұл істе маған достарым және басқа да мектеп түлектері көмектесті. Ақырында қаржылай немесе құрылыс жағынан спорт алаңын салуға ат салысқан 57 адам жиналды. Футбол, баскетбол алаңдары, белтемір, қоссырық, жүгіруге және ұзындыққа секіруге арналған жолдар, жарық және бейнебақылау бар толыққанды стадион болып шықты. Енді ол жерде жергілікті жастар мен балалар жиналып тұрады.

Кейінірек жергілікті балалар спортқа жақын, қуаттары көп, белсенді екендерін байқадым және бұл шамаларды дұрыс жолға бағыттау маңызды. Олар спортпен айналысар еді, бірақ спорттық секцияға төлейтін ақшалары жоқ. Сондықтан осы стадион базасында қыркүйек айында жұмысын бастаған футбол мектебін ашуды шештім. Жақын арада бес жаттықтырушы болады деп жоспарлап қойдым, себебі болам деушілер көп.

IMG_6985.JPG

Жаттықтырушылар балаларды жақсы оқуға ынталандырады және балалар мектепте жақсы оқи бастады, оқу үлгерімімен мәселе шешілді. Сонымен қатар, аймақтағы қылмыстық жағдайлар да азайып, тіпті толығымен жоғалды. Балалар арасында жетекші сезімі дами бастады, үлкендер кішілерге көмектесіп, олармен бірге ойнайды.



Қазақстанда спидкубингтің дамуы туралы



Өкінішке қарай, менде бүкіл қаланы осындай алаңдармен қамтамасыз ететін материалдық базам жоқ, сондықтан бұл жоба тек бір аймақта таралған. Бұдан да көп балаларды қамту үшін басқа да мүмкіндіктер мен жолдарды іздестіре бастадым.

IMG_4717-19-06-18-07-25.JPG

Аз уақыт бұрын мен спидкубингті дамыта бастадым. Спидкубинг — бұл барлығына қолжетімді интеллектуалды спорт түрі, ол арнайы киімді, құралдарды, орынды талап етпейді, ойлауды қажет ету жеткілікті. Спидкубингтің ерекшелігі оның жас шектеуінің болмауында, қатысушылар жыныс немесе басқа да тараптардан бөлінбейді.

Спидкубинг — бұл барлығына қолжетімді интеллектуалды спорт түрі, ол арнайы киімді, құралдарды, орынды талап етпейді, ойлауды қажет ету жеткілікті


Өткен жылы Астанада біз Ольга Рыпаковамен бірге WCA — World Cube Association қолдауымен Қазақстанда өткен тұңғыш спидкубинг бойынша халықаралық чемпионат ұйымдастырдық. Одан кейін дәл сондай тағы үш чемпионат Ақтөбеде, Алматыда және Семейде өтті.

IMG_4712-19-06-18-07-25.JPG

Бұл іс-шаралар елдегі барлық балалар мен ересек адамдарды спидкуберлердің бір тобына біріктірді. Олар бір-бірімен араласып тұрады, бейресми сайыстар өткізіп жатады. Қазақстанның қалаларында клубтар аша бастадық. Ондай клубтар Семейде бар, Ақтөбеде, Атырауда, Алматыда, Павлодарда, Астанада, Екібастұзда ашу жоспарымызда бар. Ары қарай қалалық мектептерде үйірме ашқымыз келеді. Семейде мектептердің 50% қамтыдық. Клубта жаттығып, WCA ережелері бойынша бас қатырғыштарды жинауды үйреніп жүргендер мектепте үйірмені ашудың бастамашылары болып келеді және ол жердегі сабақтарды да өздері жүргізеді. Бұрын WCA рейтингінде Қазақстаннан 16 ойыншы болса, қазір 300-ден астамы тіркелген.

Қазір ресми түрде клуб аша алатын федерацияны тіркеу кезеңіндеміз.



Спидкубинг сабақтары не үйрететіні туралы



Спикубинг балалардың бүкіл өмірінде көрініс табатын жауапкершілік сезімін дамытуға көмектеседі. Тағы бұл қызығушылық ойлау жылдамдығын дамытады. Бас қатырғышты жинау үшін тез ойланып, жедел шешім қабылдай білу керек. Бұл есте сақтау, кеңістікте ойлану қабілеттерін, ұсақ моториканы жақсартады.

IMG_4774-19-06-18-07-25.JPG

Балаларда жауапкершілік сезімі дамиды, ол үйде де, мектепте де байқалады. Олардың достары көбейіп, қызығушылықтары бірдей қауымдастықтар пайда болады. Сәуір айында 350 қатусышы жиналған қалалық чемпионат өткіздік.

Бұдан басқа спидкубинг мидағы қосымша арналар мен байланыстарды реттейді. Егер дене бұлшық еттерін жаттықтырмаса, онда уақыт өте келе ол жансызданып қалады. Дәл осылай миды әрдайым жаттықтыру керек. Шаршыны жинау оңай емес, үрдіс кезінде мида микропроцесстер орнап, оның толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Бізге жасы 70 келген қатысушы келді. Денесінің жартысы инсульттан жансызданған, дәрігерлер оның жұмыс істеу қабілетін тек бөлшектеп орнына келтіре алды. Ал кейін немересі оған бас қатырғышты жинауға ұсыныс жасап, ол оның қалпына келуіне көмектесті. Инсульт кезінде қан ағымдары жабылып, мидағы арналар мен байланыстарды тежеп тастайды, ал жаттығулар балама арналарды табуға көмектеседі. Және осының арқасында адам қалпына келе алады.

Әрине, шаршы барлық мәселені шешетін ғажап емес, көбісі адамның ынтасына байланысты. Сондықтан біз басқа елдегі әріптестерімізбен шаршыны оларды қалпына келтіру үшін мүмкіндіктері шектеулі балалар орталықтарына, қарттар үйлеріне енгізуді шештік. Бұны қалай дұрыс істеуді, қызығушылықтарын қалай танытуды, өздерін жақсы сезінудің бір амалы екендігін қалай түсіндіруді әлі білмейміз.



Жоспарлар туралы



Бала кезімнен менен әлсіз адамдарға қамқор болу керек деп тәрбиеледі. Ата-анам қандай белеске жетсең де, адам болып қалу маңызды деп үйретті. Қазір жасым 38, бірақ әлі күнге дейін осы сөздер есімде. Ересек адамдар балаларының не қалайтынын жиі жағдайларда түсінбейді, күнделікті немесе жұмыс мәселелерінен бас көтермейді, бақыт әрекет етіп, жасайтын адамдардың бар болғандығында екенін ұмытады.

Менің арманым — балаларға арналған барлық үйірмелер мен секциялар тегін болу


Өзімнің жобаларыммен балалардың максималды санын қамтығым келеді. Менің арманым — балаларға арналған барлық үйірмелер мен секциялар тегін болу. Дамыған елдерде мемлекет спортқа аз қаржы жұмсайды, көбінесе енгізулерді бизнес жасайды. Ал бизнес әрқашан салынған ісін бақылап, дамытып отырады.

Егер біз сондай нәтижеге келсек, онда жарқын болашаққа қол жеткізе аламыз. Егер балаларды бақытты етсек, онда болашақта олардан дамыған мемлекеттегі бақытты ересек адамдар өсіп шығады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі