Өткен ғасырдағы ашықхаттар, шай жинақтамалары, күйтабақтар, лотерея билеттері сияқты ұмыт бола бастаған заттар көпшілік назарына ұсынылды. Мұның бәрі – қала тұрғындарының жиып-тергендері. Мәселен, Рыковтар отбасы қуыршақтар жинағын әкелсе, Жуовтар әулеті фарфор ыдыстарын ұсыныпты. Әсіресе жас ұрпаққа таңсық бұл дүниелерге студенттердің қызығушылығы жоғары. Көрмеге ұзынсаны мыңға жуық жәдігер қойылған.