facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sdu-t-lekter-universitetteg-erekshe-atmosfera-zh-ne-t-lekter-auymdasty-y-zhayynda
logo
СДУ түлектері. Университеттегі ерекше атмосфера және түлектер қауымдастығы жайында

17.03.2019

СДУ түлектері. Университеттегі ерекше атмосфера және түлектер қауымдастығы жайында

Әмірхан Омаров, 32 жаста, туған қаласы — Шымкент, SmArt.Point-тің негізін салушы, жылжымайтын мүлік, технологиялар

31062247_10155435207031918_5883904940868510699_n.jpg

Университетті таңдау жайында


Университеттің өкілдері біздің мектебімізге келіп, жақсы таныстырылым өткізді, кейін мен таңдауымды айқандадым. Сол кезде Қазақстандағы ҚТЛ түлектеріне білім алуды жалғастыру үшін SDU лайықты оқу орны болды.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілді, сол себепті барлығы сол жерге түсуге ұмтылды. Біз жемқорлық дегенді білмедік, ақша жинау деген мәселесі ешқашан қозғалған емес. Біз оқытушыларымызбен достық қарым-қатынаста болдық. Студенттер кез-келген сұрақ бойынша олардың кабинеттеріне кіре алатын. Мен Сүлеймен Демирел атындағы университетті 2007 жылы бітірдім.


Атмосфера және ие болған нәрселер жайында


Оқытушылардың студенттерге деген жанашырлығы әрқашан және әр жерде сезілетін. Бұл университет ішінде туыстық, бауырластық, достық атмосферасын туғызатын. Мен оқыған кезде, студенттердің 50—60% ҚТЛ-нің түлектері еді, сол себепті біз тел тіл табыстық.

Мен әлеуметтік тұрғыдан белсенді студент едім, интеллектуалды клубтың негізін салушыларының бірі болдым. Біз дебат, шахмат, брейн-ринг турнирлерін ұйымдастыратынбыз, іскерлік конференциялар өткізетінбіз. Университеттің арқасында мен парасатты, елжанды, жігерлі және жанашыр болып табылатын достарға ие болдым. Integrity —бұл университеттегі достарым жайлы. Мен осыны қатты бағалаймын.

Оқытушылардың студенттерге деген жанашырлығы әрқашан және әр жерде сезілетін


СДУ түлегі кім болып табылады


Достарымның, әріптестерімнің және іскерлік серіктестерімінің басым бөлігі SDU түлектері болып табылады, сол себепті менің айналам осы адамдардан тұрады. Біз университетімізді жақсы көреміз, сол жерде болып жататын барлық нәрселерге жанашырлықпен қараймыз. Біз кейбір кезде Түркия азаматтары Қазақстанға әкелген маклюбе тағамын әзірлейміз. Университет түлектері көбінесе IT саласында табылады.


Жұмысы жайында


Мен BeInTech Ventures-тің, BI Group еншілес бөлімінің серіктес жетекшісімін. Біз Қазақстандағы, Ресейдегі және АҚШ-ғы стартаптарды инвестициялаймыз. Сонымен қатар достарымызбен ритейл, логистика және жылжымайтын мүлік саласындағы жобалармен жүмыс істейміз, мысалы, мен Қазақстандағы Coca-Cola дистрибьютерлерінің бірімін. Бірақ басым бөлігі мені Алматыдағы SmArt.Point технологиялық хабтың негізін салушы ретінде біледі.


Айдана Тұнбай, 23 жаста, туған қаласы — Ақтау, «Q-adam» білім беру орталығының жетекшісі, «Интеллектум» жүйесінің өкілі, «Aitu» киімдер бағытының ортақ құрылтайшысы

WhatsApp Image 2019-03-15 at 12.14.08.jpeg

Университетті таңдау жайында


Мектеп кезінде мен СДУ-не түсу жайында ойлаған жоқпын. Мектепті бітіргесін, мен жай ғана СДУ кампусын көріп кету үшін келдім, маған бірден оның жылы аурасы ұнады. Ешнәрсе ойланбастан, мен ҚБТУ-нен құжаттарымды алып кеттім де, осы университетке тапсырдым. Мен 2017 жылдың түлегімін, ЕТжБҚ мамандығы бойынша инженерлік факультетін бітірдім.

Университетте мен студенттік өмірге белсенді араластым. Қыздарға арналған қайырымдылық клубтың директоры болдым. Мен шынайы түрде осы іске берілген болатынмын. Бұл менің бойымда балаларға және білім беруге деген сүйіспеншілікті оятты. Мен есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру мамандығы бойынша білім алғаныма ризамын, бірақ, өкінішке орай, бұл мамандық бойынша шамамен бір ай ғана жұмыс істедім.


Атмосфера және ие болған нәрселер жайында


СДУ оқытушыларының арқасында адам сүйікті ісімен айналысу керек екенін түсіндім. Оқытушылар өз жұмыстарын әрдайым сүіспеншілікпен атқаратын – бұл жағымды атмосфераны тудыратын.

Үшінші курста Мейрамбек Жапаров деканымыз менің ән айтқанымды естіп қалды, содан кейін шын ниетімен ән орындаумен айналысып, YouTube желісінде канал ашуға кеңес берді. Бұл мені қатты шабыттандырды. Оқытушылар шын ниеттерімен студенттерге көмектескен мысалдарды көп келтіруге болады.

Біріншіден, мен жақсы достарға ие болдым. Кәсіпкерлік жолымның басында достарым маған қатты қолдау көрсетті, олардың басым бөлігі университеттегі достар еді. Кейбірі өз дүкенінен тегін жиһаз ұсынып берді, кейбірі веб-сайтты, логотипті және басқа нәрселерді жасап шығаруға көмектесті. Мен оларға шексіз алғысымды білдіремін.

Кәсіпкерлік жолымның басында достарым маған қатты қолдау көрсетті, олардың басым бөлігі университеттегі достар еді


СДУ түлегі кім болып табылады


СДУ түлектерін танып білу жеңіл – бізде өзіміздің ортамызда ғана түсінетін сленгіміз және ерекше әзілдеріміз бар. Біз әлі күнге дейін бір-бірімізбен, тіпті бізден үлкен түлектерімен де араласамыз.


Жұмысы жайында


Қазіргі кезде мен Ақтау қаласында «Q-adam» @qadamaktau білім беру орталығының жетекшісімін, сонымен қатар «Интеллектум» @intellectumkz жүйесінің өкілімін. Бұдан бөлек мен «Aitu» киімдер бағытының ортақ құрылтайшысымын.


Расул Машуров, 30 жаста, туған қаласы — Алматы, IT-компанияның жетекшісі

WhatsApp Image 2019-03-16 at 10.47.59.jpeg

Университетті таңдау жайында


2005 жылы мен физико-математикалық лицейді бітірдім, Санкт-Петербургтың университетіне түсуге дайындалдым. Бірақ соңғы сәтте отбасымен Қазақстанда қалуды шештім. Университетте емтихан тапсырған сыныптастарымның жақсы пікірлерінен кейін, мен осы жоғары оқу орынды қарап көруді шештім.

Сол кезде университеттің ғимараты балабақшаға немесе жатақханаға ұқсады. Сыртқы келбеті маған ұнаған жоқ. Жоғары оқу орынның аумағында мен өзім үшін жаңа атмосфераға тап болдым. Мені студенттердің менталитеті таң қалдырды. Бұл тек ағылшын тілінде сөйлеген, білімді нәрселерді талқылаған әртүрлі ұлттың студенттері еді. Университетте декандар мен оқытушыларға деген өзгеше қарым-қатынасты көрдім. Қатты иерархия болған жоқ. Менің болашақ факультетімнің деканы маған қарсы кездесіп, шәй ішуге шақырды. Деканымыз Фуад Гаджиев болатын, қазірде Қазақстанның IT-қауымдастығы оны әке деп атайды. Ол жоғары оқу орынды таңдауыма ықпал етті.


Атмосфера және ие болған нәрселер жайында


Оқытушылар бізбен сабақтан тыс уақыт кезінде де тек ағылшын тілінде сөйлесетін. Сабақтардан кейін студенттердің ешқайсысы үйге кетпейтін. Басым бөлігі кітапханаға баратын, бізге білім алу ұнайты. Білімнен бөлек, университет тұлға ретінде дамытатын алаң болып табылады. Бізде қызығушылықтар бойынша ұйымдар мен клубтар көп.

Айналамдағы студенттер мотиваторлар болатын. Мен олардың жетістіктері мен мүмкіндіктерін көріп жүрдім. Біз ірі шетелдік компанияларда жұмыс істеу үшін қажетті деңгейдегі білімді алдық. Инженерлік факультеттің төртінші курсы ағымының 90 % жұмысқа орналасты. Біз үшін сабақтарды кешкі уақытқа ауыстырды.

Бізде СДУ түлектерінің үлкен қауымдастығы бар. Біз әлеуметтік желілердегі ортақ топтарда белсенді түрде араласамыз. Біреуге көмек қажет болса, ол әуелі түлектердің тобына жазады.

Білімнен бөлек, университет тұлға ретінде дамытатын алаң болып табылады


СДУ түлегі кім болып табылады


Түлектердің әрқайсысы үшін маклюбе көп достардың жиналуын және мейрамды еске салады. Түлектердің әдеттерінде түрік сөз тіркестері, мәтелдер мен әзілдер орын алады. Қазіргі студенттер бізді іс-шараларға жиі шақырады.

Қазақстан нарығындағы ең мықты IT-мамандар СДУ түлектері болып саналады.


Жұмысы жайында


Бүгінде мен IT-компанияның жетекшісімін. Біз бизнесті, мобильді қосымшаларды, сайттарды және интернет-дүкендерді автоматтандыру жүйелерін өңдеумен айналысамыз. Біз жоғары оқу орынмен тығыз жұмыс жасаймыз, студенттерді тәжірибеден өтуге және жұмысқа аламыз.


Индира Ниязали, 35 жаста, туған қаласы — Жезқазған, Oracle

Screen Shot 2018-10-13 at 15.24.14.PNG


Университетті таңдау жайында


Мен ҚТЛ-нің түлегімін және мен үшін университетті таңдау мәселесі қиынға соққан жоқ. Мен алдымен ағылшын тілде оқытатын университеттерді қарастырдым. Осылайша мен әлемдік экономика факультеті бойынша Сүлеймен Демирел атындағы Университетке түстім.

Оқу бағдарламасы бойынша тек жылы естеліктер қалды. Біздің студенттік жылдарымыз жеңіл және жайлы өтті. Біздің тобымыз жақсы еді, біз бір-бірімізге пәндерді меңгеруге көмектесетінбіз.

Әрбір студентпен жеке тәсілдеме арқылы жұмыс жасау қазақ-түрік оқытудың ерекшелігі болып табылады. Оқытушыларымыз әлі күнге дейін бізді естен шығармаған. Төрт жыл бұрын біз түлектермен университетке бардық және жылулық және қамқорлық атмосферасының сол қалпында сақталғанына таң қалдық.


Атмосфера және ие болған нәрселер жайында


Группаластар – бұл жай ғана бірге оқитын адамдар емес, бұл әлі күнге дейін араласатын жақын достар, бір бағыттағы әріптестер, отбасының абыройы. Университет бізді бір-бірімізді қолдауға және бір-бірімізге ашық көңілмен қарауға үйретті. Бұл бізге өмір бойы көмектеседі, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді. Біз өзімізді бір үлкен нәрсенің бөлігі ретінде сезінеміз. «If you want to go fast, go alone. If you want to go far, go together» деген мақал бар осыған бізді университет үйретті.

Мен Қазақстанға келген кезде, міндетті түрде түлектермен кездесемін. Біз жетістіктер жайында білуді, жобаларды жақсартуға көмектесуді қалаймыз. Мен СДУ түлектері қоғамдастығының бөлігі екенімді мақтан тұтамын.

Университет бізді бір-бірімізді қолдауға және бір-бірімізге ашық көңілмен қарауға үйретті


СДУ түлегі кім болып табылады


Қазақстаннан шыққан көптеген табысты миллениалдар СДУ түлектері болып шығатынын байқаймын. Бұл адамдар өз елінің ішінде де, шетелде де дамып жетіледі.


Жұмысы жайында

Мен Oracle ірі америкалық корпорациясында жасанды интеллект және бұлтты шешімдер аясында инновациялық технологияларды жылжыту департаментін меңгеремін. Сонымен қатар ТМД елдерінен бастап Оңтүстік Африкаға дейін 17 әртүрлі елдердің аймақтарында жұмыс істеймін.


Данияр Ассанов, 36 жаста, туған қаласы — Қарағанды, BeInTech-тің бас сәулетшісі

Image.png

Университетті таңдау жайында


Мен қарағандылық ҚТЛ-нің түлегімін және біз СДУ жайында жақсы білетінбіз. Сол жерге түсуді жоспарлаған жоқпын, бірақ олимпиадаға қатысқаннан кейін мені университет шақырды. Мен студенттерден көп жақсы пікірлер естідім және білім алатын мекеме бойынша таңдауымды жасадым.


Атмосфера және ие болған нәрселер жайында


Сол кезде бұл екі қабатты ғимаратта орналасқан кішкентай университет еді. Қазірде бұл ғимаратта Сүлеймен Демирел атындағы колледж орналасқан. Алғаш рет келген кезде, бізді деканның өзі қарсы алды. Оның оқу және даму келешегі жайында айтқаны еліктірді. Университетте барлығы бір-бірін танитын, достық және отбасылық атмосфера болатын. Оқудың алғашқы күндері бейімделу жеңіл болды.

Сол кезде Қазақстанның IT-индустриясы енді дами бастады. Үшінші курста біз оқумен қатар жұмыс істедік. Университет студенттердің жұмыспен қамтылуына септігін тигізетін. Жұмыста біз тәжірибелік дағдыларға ие болдық, ал білімді университетте бекіттік.


СДУ түлегі кім болып табылады


Біз компаниямызды ұйымдастырған кезде, клиенттер біздің ерекше тәсілдемемізді атап өтетін. Біз әрқашан адамның жағдайына еніп көруге, мәселені түсінуге және шешімді табуға тырысатынбыз. Университетте бізбен дәл осылай жұмыс істегенін түсіндім.

СДУ түлектері – епті адамдар. Университеттен шыққан түлек жұмыс істеу дағдыларына ие болғысы келетінін біледі. Осындай адамдарды жұмысқа деген даярлығы үшін және ағылшын тілін білгені үшін бағалайтын. Біз осымен қалай жұмыс істеуге болатынын білдік. Университетте біз оқумен қатар сабақ беретінбіз және оқуды бітіргесін, өндірісте алған білімімізбен бөлісу үшін студенттердің дәрістеріне барып тұратынбыз.

СДУ түлектерінің ерекшелігі – көбінесе барлығы Қазақстанда жұмыс істейді. Мен университетіміздің түлектерімен бірге жұмыс істеймін. Өзім сабақ беріп, оқытқан жастар бар, біз олармен де араласып тұрамыз. Университеттің өзі түлектер кездесулерін ұйымдастырады, біз осындай шараларға қуана қатысамыз.

СДУ түлектері – епті адамдар. Университеттен шыққан түлек жұмыс істеу дағдыларына ие болғысы келетінін біледі


Жұмысы жайында


Мен BeInTech компаниясында жұмыс істеймін, оның жетекшісі Бағдат Мусин де СДУ-нің түлегі. Біз BI Group сияқты корпоративті секторда бағдарламалық жасақтаманы өңдеумен айналысамыз. Бұған дейін мен Қазақстанның мектептері, университеттері, соттары үшін БЖ-ды жасаған компанияда жұмыс істедім, біз egov-ты және республикалық масштабтағы басқа да жобаларды өңдедік.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Профессор және оқулықтардың авторы Қазақстанның білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағы туралы
Профессор және оқулықтардың авторы Қазақстанның білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағы туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Мінсіз сыныптар: неге кішкентай сынып оқушылары қарапайым сынып оқушыларына қарағанда табысты
Мінсіз сыныптар: неге кішкентай сынып оқушылары қарапайым сынып оқушыларына қарағанда табысты
Қазақстан Республикасының Құрметті консулы жоғары оқу орындары мен болашақ білімнің сапасы жайында
Қазақстан Республикасының Құрметті консулы жоғары оқу орындары мен болашақ білімнің сапасы жайында