Лаззат Кулова, 38 жаста, қаласы — Дахран, UX/ UI дизайнері, @lazzatke
Көшуі және Сауд Арабиясындағы өмірі жайында
Сауд Арабиясында 2007 жылдан бері тұрып жатырмын. Менің күйеуім Иорданияның тумасы, Saudi Aramco ірі мұнай компаниясында жұмыс істеген. Сол себепті біз балаларымызбен осы жерге көшіп келдік. Компания жиһазы, төсек орны, тіпті ыдыс-аяғы дайын тұрған үйді ұсынды.
Бұл дамыған ел, осында адамдардың құқықтары сақталады. Халықаралық мектептер көп, сол себепті ағылшын тілі жақсы деңгейде қолданылады. Жергілікті адамдар сақтанып жүрсе де, мейірімділік таныта біледі.Шетелдіктердің көбісі бір ауданда, ал жергілікті халық басқа ауданда тұрады.
Бастапқы кезде маған абая киімін кию және елу градус ыстықта орамал тағып жүруге үйрену қиын болды. Ауа райына үйрену өте қиын, себебі осында сегіз ай бойы ыстық болады.
Көлікті тек белгілі жерлерде ғана жүргізуге болады, ал такси барлық елді мекендерге келе бермейді. Бастапқы кезде біз шағын индустриялық қалада тұрдық, сол жерде такси қызметі болған жоқ. Сауда орталығына бару үшін компанияның автобусын күтуге тура келетін.
Елде әйелдер кіре алмайтын немесе арнайы есіктен кіретін мейрамханалар бар. Сонымен қатар қыздар жалғыз серуендеп жүрмейді. Орамалды шешіп жүруге болмайтын аудандар да бар. Қонаққа барған кезде, әйелдер және ер адамдар бөлек бөлмелерде отырады. Тойлар мен туған күндер де бөлек өткізіледі. Бұл қоғамда әйелдерге ерекше көңіл бөлінетінін білдіреді.
Сауд Арабиясында әдеттегі азық-түліктер кездесе бермейді. Мысалы, мен ірімшікті өзім жасаймын. Көптеген орыс тілді адамдар өздері нан пісіреді, қарақұмықты, кәмпиттерді үйден алып келеді.
Сауд Арабиясында өмір сүру жоспарыңыз болса, жергілікті ережелерді сақтауды қажет ететін ерекше, кертартпа елге бара жатқаныңызды түсіну керек. Сол жердегі экспаттарға алдын-ала хабарласып, таныс адамдарды тауып алғаныңыз жөн. Сонымен қатар көшіп келер алдында медициналық тексерістен, косметикалық процедуралардан өтіп алғаныңыз жөн болады.
Сауд Арабиясындағы қазақтар жайында
Сауд Арабиясының астанасында Қазақстан елшілігі бар, сол жерде отандастарымыздың тату және қайырымды қоғамдастығы құрылған. Олар ұлттық мейрамдарды өткізіп, Наурызда жиналады. Біз тұрып жатқан шығыс аймақта шамамен 22 қазақ отбасы тұрады.
Біз тұрып жатқан шығыс аймақта шамамен 22 қазақ отбасы тұрады
Сондай-ақ, мен шетел қоғамдастықтарының мүшесімін. Мәселен, Womans club of Dhahran, Теннистік қоғамдастық, Toastmasters club – көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту клубын атап өтуе болады. Жылына бір рет, Рождествоға орай, шетелдіктер қайырымдылық жәрмеңкелер ұйымдастырады.
Қызметі жайында
Күйеуімнің келісім-шарты бойынша, бастапқы кезде менде жұмыс істеу құқығы болған жоқ. Бірақ мен еріктілік қызметпен айналыса алдым. Сол себепті мұғалімнің көмекшісі ретінде мектепке барып, бірінші сынып оқушыларымен жұмыс істейтінмін. Кітапханада жұмыс істедім – аптасына бір рет балаларға кітап оқып жүрдім. Кейін презентациялар ұйымдастырып, Women's club of Dakhran ұйымында еріктілік қызметпен айналыстым.
Бірінші ақылы жұмысым – макияж нұсқаушысы қызметі болды. Saudi Aramco компаниясының жанында студенттер мен ересектерге арналған білім беру орталығы бар, сол жерде өз қызметтеріңізді ұсынуға болады. Тиісті сертификаттарыңыз болса, олар сіз үшін кесте құрып, хабарландыру жасайды, кейін студенттер пайда болады. Ақысы жоғары болмағанымен, жұмысым маған ұнайтын.
Қазірде менің жұмысым жан-жақты. Мен UX/UI-дизайнеріне оқып жатырмын, ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша сабақтарға қатысамын. Мені көпшілік алдында сөйлеу, адамдармен байланыс құру, сондай-ақ өзара қарым-қатынасқа, тұлғалық дамуға қатысты барлық нәрселер қызықтырады.
Жоспарлар жайында
Штаттарға көшіп кету жоспарым бар. Сол жерде магистратураға түскім келеді.
Болашақта сабақ берумен айналысуды қалаймын.
Айнұр Шулькенова, 33 жаста, қаласы — Хобар, @ainur_shulkenova
Көшуі және Сауд Арабиясындағы өмірі жайында
Сауд Арабиясында тұрып жатқанымызға бір жарым жыл болды. Көшіп келер алдында Қазақстанда арнайы мамандандырылған клиникада тиянақты дәрігерлік тексерістен өту қажет болды. Осы елде шетелден келетін азаматтардың денсаулықтарына қатаң талаптар қойылады.
Жергілікті өмір салтына үйрену қиын болды. Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілгенімен, шетелдікт әйелдерге жергілікті көлік жүргізу құқығына ие болу тіптен қиын. Қоғамдық көліктер, өткелдер мен жаяужолдар жоқ. Такси мен автобустармен ғана жүруге болады.
Тағы бір қиындық – бұл мектеп. Осында шетелден келген азаматтар көп болғандықтан, мектептер лық толы. Жақсы мекемеге оқуға түсу үшін тестілеуден өту керек. Біз әр мектепке құжаттар жиналған жеке папкалар дайындадық, бірнеше күннің ішінде тестілеуден өттік. Ақыры екі британдық мектепке өттік, себебі бұған дейін біз Лондонда тұрдық және балаларымыз алдын-ала дайын болды.
Бейімделу кезеңі тез өтті.
Біз күйеуімізбен тәжірибелі экспаттармыз, сол себепті кез келген елдегі өмірден пайдалы нәрселерге үйренуге тырысамыз
Біз күйеуімізбен тәжірибелі экспаттармыз, сол себепті кез келген елдегі өмірден пайдалы нәрселерге үйренуге тырысамыз. Күйеуім араб тілін үйренді – бұл саяхат кезінде өте жақсы көмектеседі.
Сауд Арабиясындағы қазақтар жайында
Сауд Арабиясында қазақтар көп. Көбісі Aramco компаниясында жұмыс істейді. Бұл компания жақсы әлеуметтік пакет ұсынады, соның ішіне жайлы үй, британдық немесе американдық мектептегі балалардың оқу ақысы, медициналық сақтандыру кіреді. Осы жердің ауруханалары жақсы, заманауи болып келеді.
Мен бірнеше қоғамдастықтың мүшесі болып табыламын. Біз қазақ әйелдерімен кітаптар клубын ұйымдастырдық, сондай-ақ мен ағылшын тілді кітаптар клубының мүшесімін. Күйеуімнің компаниясында қызметкерлер әйелдерінің ұйымы бар. Карантинге дейін біз зумба, шеберлік-кластары, таңғы астар, сауық кештер, экскурсиялар сияқты іс-шараларға қатысып жүрдік.
Шетелде тұрған кезде, отандастармен араласау маңызды. Карантин кезінде біз жергілікті қазақтармен зум-кездесулер ұйымдастырдық, әрқайсысымыз пайдалы ақпаратпен бөлісіп отырамыз. Сонымен қатар балаларымызды қонақжайлылыққа үйретеміз және тілдік ортаға араластырамыз.
Қызметі жайында
Менің күйеуім 17 жылдан астам уақыт бойы халықаралық компанияда жұмыс істейді. Жұмысының ерекшелігі – халықаралық трансфер. Жұмысы бойынша әртүрлі елдерге барып жүреміз. Компания өзінің қызметкерлерін бағалайды, оқытады, әртүрлі жерлерде дамуға мүмкіндік береді.
Жоспары жайында
Осындағы «міндетіміз» аяқталды, айдың соңында жаңа елге көшеміз. Сауд Арабиясын жақсы біліп алдық, тарихи жерлерімен танысып, Оман, Иордания, Кувейт және БАӘ, Бахрейн қалаларында болып қайттық.
Асемкүл Бектемісова, 29 жаста, қаласы — Джидда, Electronic Operative, @asemokaloka
Көшуі және Сауд Арабиясындағы өмірі жайында
Сауд Арабиясында тұрып жатқаныма жарты жыл болды. Осында күйеуімізбен көшіп келдік, ал бұған дейін мен бес жыл Британияда тұрдым.
Бейімделу кезеңі қалай өткенін елемей қалдық – карантин басталып кеткендіктен, үйде отырып жұмыс істедік. Ыстық ауа-райына және жергілікті мекемелердің жұмыс кестесіне үйренуге тура келді.
Көшіп келер алдында бастысы — моральдық және материалдық тұрғыдан дайын болу
Көшіп келер алдында бастысы — моральдық және материалдық тұрғыдан дайын болу. Жергілікті адамдардың менталитеті ерекше – адамдар белгілі бір тәртіпке бағынбай, өздерін босаң ұстайды. Қызметкерлер намазға ұзақ уақытқа кетіп қала алады.
Сауд Арабиясындағы қазақтар жайында
Мен әлі күнге дейін Сауд Арабиясында отандастарымды кездестірген жоқпын және ешқандай қоғамдастықтардың мүшесі емеспін. Бірақ Instagram желісінде осы елде тұратын қызбен араласамын.
Қызметі жайында
Мен Instagram желісінде блог жүргіземін. Сауд Арабиясына келіп, жұмыс істеуді немесе оқуды қалайтын адамдар үшін пайдалы ақпаратпен бөліскім келеді. Қазірде ел саяхатшылар үшін ашық. Осы елден қорықпау керектігін айтып, көрсеткім келеді.
Жоспарлар жайында
Контент бойынша жұмыс жасап, жаңа елде дамуды қалаймын.