facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sarya-ash-o-zhetpes-merke-aza-standa-y-e-tanymal-shipazhaylar
logo
«Сарыағаш», «Оқжетпес», «Мерке»: Қазақстандағы ең танымал шипажайлар
Таңғажайып Қазақстан

13.01.2017

«Сарыағаш», «Оқжетпес», «Мерке»: Қазақстандағы ең танымал шипажайлар


«Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені


Мекен-жайы: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылы

Емдеу курсы: 10 күннен бастап

Бағасы: 1 адамға 9000 тг/тәулік (тұру, тамақтану, емделу)


Мұнда асқазанның ісіп қызару процесін емдейтін, жүйке жүйесінің жағдайын жақсартатын, иммундық жүйені қалпына келтіретін және т.б. минералды судың емдік бастаулары бар.


Қызметтері:


гидротерапия:

минералды су ішу

минералды ванналар

емдеу душтарының түрі

дюбаж

физиотерапия:

парафино-озокерит емі

ингаляция

массаждар

ультрадыбыс

магнитті терапия


Байланыс телефоны: 8 7253 75 13 33, 8 701 778 58 58



«Мерке» шипажайы


Мекенжайы: Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылы

Емдеу курсы: 5 күннен бастап

Бағасы: 1 адамға 5 күнге 54 000 тг-ден бастап (тұру, тамақтану, емделу)


Қыс кезінде шипажай қаңтардың 1-інен 31-іне дейін бағаларды төмендетеді. Соғыс, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер мен мүгедектер үшін стандартты нөмірлерге 10% жеңілдік берілсе, сондай-ақ мұғалімдер мен дәрігерлерге де жеңілдік қарастырылған.

«Мерке» шипажайының басты емдеу факторы — аз минералданған салқын, хлоридті-сульфатті-гидрокарбонатты, кальцийлі-калийлі-натрийлі болып табылатын радонды минералды су.


Қызметтері:


Бальнеологиялық емдеу шаралары (емдеу душтары — Шарко, атпа, циркулярлық, мүйіздік, скипидарлық, контрасттыванналар)

ішекті және гинекологиялық шаю

физиотерапевтік емдеу шаралары

гидро- және емдік массаж

фототерапия

инерефлексті терапия

гирудотерапия


Байланыс телефоны: 8 705 789 29 63



«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені


Мекен-жайы: Ақмола облысы, Бурабай ауылы

Емдеу курсы: 5 күннен бастап

Бағасы: 1 адамға 32 000 тг/тәулік бастап (тұру, тамақтану, емделу), 2 жасқа дейінгі балаларға — тегін


«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені жыл бойы қызмет көрсететін климаттық-бальнеологиялық шипажай болып табылады. Бірегей табиғи факторлары: қарағайлы орманның экологиялық таза ауасы, Балпаш-сор көлінің емдік балшығы, «Майбалық» минералды суы, пантымен емдеу, радонды терапия, қымызбен емдеу, «Құлагер-Арасан» минералды суы заманауи емдік-диагностикалық қорын толықтыра отырып, жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу ағзаларының ауруларын, тірек-қимыл аппараты мен ас қорыту, қан айналым, эндокринді және жүйке жүйелерін, урологиялық және гинекологиялық ауруларының шоғырын оңалтуға, сауықтыруға мүмкіндік береді.


Қызметтері:


ЭКГ

қанның глюкозасы

терренкур (емдік серуен)

диеталық тамақтану

минералды емдік су ішу

фитотерапия

қымызбен емдеу

едк, емдік гимнастика

ванналар (радонды, минералды, інжу-маржанды)

гидропатия

балшықпен емдеу

озокеритті аппликация

аппаратты физиотерапия

жергілікті магнитті терапия

лазерлі терапия

оттегі коктейлі

ингаляция

климатпен емдеу

аквааэробика

шаңғымен серуендеу

«май балық» минералды суымен стоматологиялық қызыл иекті шаю


Байланыс телефоны: 8 716 367 5125, 8 716 36 752 11, 8 702 059 20 20



«Рахман бұлағы» шипажайы


Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., Тәуелсіздік даңғ., 92/1

Емдеу курсы: 10 күннен бастап

Бағасы: 1 адамға 12 күнге 171 000 тг бастап (трансфер, тұру, тамақтану, емделу)


Шығыс Қазақстанда, төрт елдің: Қазақстан, Ресей, Монғолия мен Қытай шекарасы тоғысатын жерге жақын, Алтай тауларының жүрегінде теңіз деңгейінен 1760 метр биіктікте, көрінісі тамаша көлдердің арасында, тас тостағанының түбінде «Рахман бұлағы» шипажайы бар. Шипажай Өскемен қаласынан 450 км қашықтықта орналасқан. Шипажайға дейін Өскеменнен трансфер алып кетеді.


Қызметтері:


мүйізді коктейль

родонды және інжу-маржанды ванналар

емдеу душтары — шарко, атпа, циркулярлық, жаңбырлы, желпуіш

косметология

фитобулы сауна — фитобөшке
тұзды компресс

стоун-терапия

массаж

балшықпен емдеу

иісті орау

физиотерапия

ингаляциялы терапия

емдік гимнастика

Қазір шипажайда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Байланыс телефоны: 8 7233 56 02 32, 8 705 798 53 56


«Мойылды» шипажайы


Мекен-жайы: Павлодар облысы, Мойылды ауылы

Емдеу курсы: 10 күннен бастап

Бағасы: 1 адамға 9500 тг/тәулік бастап (тұру, тамақтану, емделу)


«Мойылды» шипажайы тиімділігі жоғары емдеуді ұсынады. Емдеудің тиімділігі — шипажайда жоғары минералданған лай балшық пен тұзды сулы табиғи көл бар. Одан бөлек, шипажайда минералды судың ұңғымасы бар.


Қызметтері:


алғашқы дәрігерлік кеңестер
жалпы балық немесе аппликация

тұзды ванна немесе минералды ванна
гальванды балшық

оттегі коктейлі
фитотауарлар

физиотерапия және электрожарық терапиясы

диадинамикалық ток

тубус-кварц

амплипульс

алмаг

электрофорез

УКС

магнитті терапия

ультракүлгін сәуле

электросон

ультражоғары жиілік пен массаж тогы

«соллюкс»

УЖЖ


Байланыс телефоны: 8 718 235 65 33, 8 718 235 66 56, 8 777 462 36 20



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар