Дауылбай Уапов, 53 жаста, туған жері — Атырау, «Сарайшық» мейрамханасының және «Печка» бәлішханасының негізін салушысы
Барлығы қалай басталғаны туралы
Төрт жыл бұрын «Печка» деген атаумен бәлішхана ашуды шештім. Газеттен әкімшілік аукционда жел учаскесін сатып жатқанын көрдім және оны сатып алу туралы шешім қабылдадым. Сол жерде орным үшін ғимарат салдым. Бәлішхананың форматымен Мәскеуде «Штолле» бәлішханасына жиі барып тұрған кезде таныстым. Ол жерде ондайлардың желісі бар. Мен қымбат емес әрі дәмді бәліштерді жедім. Кейін неліктен бізде сондай орын жоқ деп ойландым. Бәліш — айласыз тағам, оған қоса әрқашан тойымды әрі жаңа дайындалған. Осылайша бәлішхананы аштым.
Бәлішхана туралы
Орын шағын болып шықты — отыратын 30 жуық орын бар, сонымен қатар біз тағамдарды жеткізуді де іске асырып отырамыз. Негізінен бәліштерге кеңсе қызметкерлері туған күнге немесе мерекелерге арнап тапсырыс жасайды. Бәліштер арнайы дайындықты, қосымша ыдыстарды талап етпейді. Олар тасымалдауға және пайдалануға ыңғайлы. Құрамы бойынша бәліш пиццаға қарағанда әртүрлілігімен ерекшеленеді, оған қоса ол ыстық тағамның орнын ауыстыра алады.
Орынды ашқан кезде жетекші ретінде өз ісін білетін адамды таңдадым. Тапсырыс бойынша бәліш жасайтын әйелді тауып алдым. Ол мәзірді дайындауға көмектесті. Рецептердің бір бөлігі оның жеке әзірлемесі болды, екінші бөлігі ғаламтордан алынды. Барлығын тәжірибелі жолмен тексердік. Өнімнің ауқымы өте кең болды, адамдар таңдауға көп уақыт жұмсайтын. Бәліштердің түрлерін азайтуға тура келді. Қазір мәзірде тойымды бәліштердің жеті түрі, ал тәтті бәліштердің бес түрі бар. Бұдан басқа түрлі пісірілген нан өнімдері және торттар бар.
Бәліштер негізінен ресейлік тағам. Бәліштерді нанды секілді алғашында пештің ішінде дайындаған. Сол себепті бәлішханамызға «Печка» атауын таңдадық.
Бәліштерден басқа балаларға арналған пицца дайындауды шештік. Ол үшін итальяндық күмбез пешін сатып алдық. Италияда әдетте олар көрнекті орында тұрады, сыртын шатырлы мозаикамен безендіреді. Бірақ біз орынның стилі үшін бұл пешті нағыз ресейлік пешке келтірдік.
Мейрамхана туралы

Астанаға 10 жылға жуық бұрын көшіп келдім. Бір жоба бойынша маған Астанаға швейцар келді және мен оны қаламен таныстырдым. Оң жағалауды, ескі қаланы көрсеттім, кейін астананың ауыстырылуы жайлы айтып, сол жағалауға апардым. Жапон сәулетшісінің идеясы жайлы айтып, Нұржол бульварын көрсеттім. Мейрамханаларға сай келтірілген Тұран даңғылын көрсетуді ұйғардым: «Міне кәріс, итальян, грузин, өзбек, украин, орыс, жапон мейрамханасы». Соңында ол менен: «Ал, қазақ мейрамханасы қайда?» деп сұрады. Мен оған «Егер мүмкіндігім болса, нағыз қазақ мейрамханасын ашамын» деп жауап бердім.
«Міне кәріс, итальян, грузин, өзбек, украин, орыс, жапон мейрамханасы». Соңында ол менен: «Ал, қазақ мейрамханасы қайда?» деп сұрады
Астанада қазақ мейрамханасын ашу қолымнан келмеді. Бұл өте қымбат болып шықты. Үш жыл бұрын бағалар қазіргі уақытпен салыстырғанда қымбаттырақ болды. Атырауда жер учаскесі болғандықтан, мейрамхана салуды шештім.
Ерекшеліктері туралы
Көшпенділер болсақ та, бірақ сән негізі ретінде киіз үйді алғымыз келмеді. Ескі қалаларды есіме түсіре бастадым, сол кезде таңдау Жібек жолы бойында тұрған Сарайшық қаласына түсті. Сол қаламен шабыттанып, мейрамхананы ескі қала стилінде жасауды шештім. Сонымен қатар мейрамханада мұражай бар, оның қорын қазба жұмыстарының зерттеушісі артефактармен толықтырды. Сондай-ақ, біз Сарайшық мұражайындағы бірнеше үлгінің көшірмесін жасаттық.
Сарайшықтың нақты сипаттамасының суреттері жоқ, сондықтан сыртқы келбетін Түркістанға ұқсатып, таулы тастарды пайдаландық. Ал интерьер өзіндік аралас стильде жасалған: ағаш, ұсақ кескіндегі ұлттық өрнектер қоспасы мен көне Марокко мейрамханаларының суреттері. Маталарды Үндістаннан, Пәкістаннан, Түркиядан тапсырыспен алдық. Дизайнды іске асыруға бір жыл кетті.
Мәзір мен қонақтар туралы
Мәзіріміз фьюжн стилінде. Біз Сарайшық Азия пен Еуропадан келген саудагерлер кездесіп, әртүрлі мәдениеттердің қауышқан жері болғандығына көп назар аудардық. Біз әрқашан қазақ тағамдарының бөлігін ұлғайтып отырамыз.
Барлық қала тұрғындары өз қонақтарын бізге әкеледі: шетелдіктер, басқа қала тұрғындары. Барлық қазақ мәзірі танымалдылыққа ие. Қонақтар келетін әр кезде олар әртүрлі тағамдардың дәмін көреді. Батыс аймақта атақты балықтан жасалған бесбармақ аса танымал.
Барлық қала тұрғындары өз қонақтарын бізге әкеледі: шетелдіктер, басқа қала тұрғындары
Қиындықтар туралы
Бізде өнімдермен тұрақсыздық болып тұрады, кейде балықты ауыстыруға тура келеді.
Тағы музыкадағы жас ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер бар. Егде жастағы қонақтар ұлттық музыка нақышын күтеді. Ал жастар динамикалық музыканы естуді қалайды. Бейсенбіден сенбіге дейін біздің мейрамханамызда жанды музыка ойнайды. Қазір өтініштер мен қалауларға байланысты біз музыканы үш блокка бөлдік: ұлттық музыка, әртүрлі тілдегі әуендер және динамикалық музыка.
Жоспарлар туралы
Бастапқыда ойлағанымдай Астанада мейрамхана ашуды жоспарлап отырмын. Бағалар сәл төмендеп, құрылыс орнын іздестірумен айналысып жатырмын.