facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sarapshy-a-s-ra-merz-m-t-p-ketken-tauardy-satyp-al-an-bolsa-yz-ne-steu-azhet
logo
Сарапшыға сұрақ: мерзімі өтіп кеткен тауарды сатып алған болсаңыз, не істеу қажет
Мамандықтар

21.05.2017

Сарапшыға сұрақ: мерзімі өтіп кеткен тауарды сатып алған болсаңыз, не істеу қажет

Сергей Сизенцев, Республикалық адвокаттар коллегиясының атқарушы директоры, DeFacto заң фирмасының басқарушы серіктесі, defacto.kz сайтының авторы


«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 30 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына сәйкес тамақ өніміне және (немесе) оның қаптамасына дайындалған мерзімі мен сақталу мерзімі бар анық әрі өшпейтін идентификациялық жазба жазылуы тиіс.


Осы заңның 17 бабының 2 тармағы тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы құжаттар, жадынамалар, жапсырмалар арқылы тағам өнімінің түрін ескере отырып, белгілі бір заңдылықпен мемлекеттік және орыс тілдерінде сақтау туралы және жарамдылық мерзімін, сондай-ақ тамақ өнімінің дайындалған күнін көрсетуге міндеттейді.


Жарамдылық мерзімі бұл — заңмен және техникалық регламенттердің «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 1 бабының 1 тармағының 13 тармақшасымен бекітілген тамақ өнімінің қауіпсіздік талаптарына толық сай болуы тиіс мерзім.


Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі келесі түрде көрсетіледі:


1) «дейін қолданылады»


2) «дейін жарамды»


«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 12 бабының 4 тармағының 4 тармақшасына сәйкес ҚР заңнамасының талаптарына сай келмейтін, сонымен қатар жарамдылық мерзімі көрсетілмеген немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері айналымға жіберілмейді.


2008 жылдың 15 ақпанындағы №140 ҚР Үкіметінің Жарлығымен бекітілген адам және жануарлар өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян тамақ өнімдерін жою мен есептен шығару Ережесінің 3 тармағына сәйкес, жарамдылық мерзімі көрсетілмеген немесе өтіп кеткен тамақ өнімдері адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіреді.


Көрсетілген Ереженің 6 тармағына сәйкес жою сараптамасының нәтижесі бойынша технологиялық қайта өңдеуге жіберіледі.


Осылайша, жарамдылық мерзімінсіз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдерін сатуға болмайды.


Егер сіз сауда жасағанда жарамдылық мерзімі өткен тауарды көрсеңіз, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағым түсіруіңіз қажет.


Егер жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауардың сатылуы бұқаралық ауру туғызбаса немесе қылмыстық-жазалау әрекеттерінің белгілері болмаса, онда жарамдылық мерзімі өткен тауарды сатушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 425 бабы бойынша айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылады.


Егер жарамдылық мерзімі өткен тауарларды сату нәтижесінде бұқаралық ауру туындап немесе адамдар уланған болса, оларды өлімге әкеліп соқса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 304 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.