Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Сапаралы Шерім TikTok аккаунтын қазақ тілінде қалай жүргізетіні туралы
1131

08.11.2022

Сапаралы Шерім TikTok аккаунтын қазақ тілінде қалай жүргізетіні туралы

Қазақ тілінде танымал техноблогты қалай құруға болады.


Сапаралы Шерім, 24 жас, Алматы қаласы, техноблогер, @saparalysherim

Сапаралы Шерім

Өзім жайлы


Медиа саласына 2019 жылы бет бұрдым.
Алғаш бастаған ісім YouTube желісі еді: алдымен өзімнің, кейін сұраныспен келген өзге адамдардың парақшаларын жүргіздім. TikTok-ты осы соңғы бір жыл бойы белсенді жүргізіп, аудитория жинап келемін.

TikTok-тағы шығармашылық

Сапаралы Шерім


Карантин кезінде ерекше танымалдылыққа ие бола бастаған TikTok-ты мен аса елеген жоқпын, себебі оны балаларға арналған вирустық, күлкілі видеолармен ғана шектелген желідей көрдім.
Уақыт өте келе оның берер мүмкіндіктерінің көптігіне көз жетіп, қазіргі таңда бұл платформадағы парақшамды кәсіби түрде, үздіксіз жүргізіп келемін.

Негізі менің Youtube-тағы бұрыннан бері айналысып келе жатқан бағытым техноблог болатын. Дәл осы тақырыбымды TikTok-та да жалғыстырып келемін. Мысалы, оқырмандарды техножаңалықтармен таныстырамын, түрлі ұялы телефондарға шолу түсіремін. Аудиторияға мұндай эксперттік контент бірден ұнады, соның арқасында қазір парақшама 150 мың оқырман жазылған.

Менің оқырмандарымның басым бөлігі жастар, әсіресе, 16-20 жас аралығындағы адамдар. Дегенмен, бейнежазбаларыма қалдырылатын пікірлерге көз салсам, ересек адамдардың да жетерліктей екендігін байқаймын.

Менің оқырмандарымның басым бөлігі жастар


Менде бір ғана стратегия бар: мен сөйлей аламын.
Сондықтан, сөйлегенде елге пайдалы ақпарат бергім келеді. Өзіне керек жаңа мағлұмат қабылдап, түсіне алған халық мұндай контентті өзі-ақ көтеріп кетеді. Бастысы контентті оқырмандарыңның қызығушылықтарын, сұраныстарын сараптай отыра түсірген жөн деп ойлаймын, бірақ арасында көңіл-күй үшін өзекті трендтерді де салып отырамын. Бұл ұсынысар бөліміне (рекомендации) өту жолын жеңілдетеді.

Сапаралы Шерім

Өз басым негізі ұсыныстағы контентті көп қараймын. Бірақ анда-санда идея керек кезде мен Пачинко, техно гуру деген каналдарды қараймын.

TikTok менің өміріме қалай әсер етті


Уақыт өте келе оқырмандардың маған қояр сұрақтары да көбейе бастады.
Мәселен, бір оқырманым «Қандай телефон алсам болады?» деген сұраныспен келіп, ертеңгі күні мен кеңес берген модельді алғанын фотоға түсіріп жіберіп, алғысын айтты. Ал күнделікті өмірде көшеге шықсам, адамдар жақындап фотоға түсіп те жатады. Сондай сәттерде мен өзімді қоғамға керек адам ретінде сезіне бастаймын. Еңбегімнің ақталғанын аудиторияның көрсетіп жатқан қолдауынан, айтқан алғысынан білемін. Бұл мен үшін шынымен маңызды, жаныма ыстық.

Кеңестер

Сапаралы Шерім.jpg


Жолын жаңа ғана бастап келе жатқан авторларға берер кеңесім, біріншіден, ақпарат бере алатын өзіндік жеке бағытты табу.
Соның арқасында желіде өзіңізге өзіңіз анализ жүргізіп, қай бағдарда даму керек екендігін көресіз. Екіншіден, бейнежабалардың салыну уақытына мән беру. Өз тәжірибемде жаңа материалды түскі сағат 12 мен 13:00 арасында және кешкі сағат 17 пен 18:00 арасында салған тиімді екендігін байқадым. Оған қоса, таңдаған уақытыңда күнделікті үздіксіз контент салып отырсаң, TikTok-тың алгоритмі бойынша дәл сол уақытта ұсыныстарға шығу мүмкіндігің артады. Үшіншіден, оқырман жинала бастағанда трендтерді түсіріп отырған да жөн. Мұның арқасында сіз TikTok Академияның, яғни, менеджерлердің қолдауына ілінесіз.


баннер тикток

Меню

Істер

Қала 24

Шолу